Діл

Жалпы «менталитет»ұғымына әлемге деген көзқарас, адамның руханиятындағы ойлау қабілеті, жан дүниедегі позиция деген анықтама берер едім. Былайша айтқанда, ұстаным, яғни, діл сөздерімен синонимдес. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап туған отбасына, өскен ортасына қарай бойында мінез-құлық, өмірлік ұстанымдар қалыптасады. Бәлкім өз жеке «ділі де» осы кезде бойға дарып, болашақ тұлға бейнесін қалыптастырады.

Анығында, әр жеке тұлғаның әлемге деген көзқарасы әр түрлі. Бір ортаға бір ойды тастап, осымен түгелің келісе кетіңдер десе, түгел дерлік қосыла кетуі екі талай. Демек, бір топтың емес, бір адамның пікірі рөль ойнайды.

    Қазақ халқы ежелгі ата-баба ізімен, дәстүрді сақтап, салттан аттамай келеміз. Алайда, «біздің менталитетімізге жатпайды» деген сөз бірталай адамның қарсы пікірін тудырары анық. Мәселен, мен бұл түсінікті мүлде құптамаймын. Иә, қазақ екеніміз рас, атадан келе жатқан салт-дәстүрге мүлдем қарсылығым жоқ. Дей тұра, діл «біз және біз емес» деген ажыратушы оппозициялы ойға негізделген. Әрине, бір шаңырақ астындағы ұлтпыз, «бейбіт» ұлтпыз, десе де сол шаңырақ астындағылардың барлығы дерлік бір ұстанымды ұстауы керек деген түсінік қате.

Ұстаным топқа емес, жеке басқа тиесілі болғаны дұрыс.

   Ұлтқа ортақ менталитет арқасында, ескірген немесе ойдан шығарылған дәстүрлер, талай адамның, әсіресе, әйел адамдарының құқығын аяқ асты етіп жатқан жайы бар. Ол біздің ерте дәстүріміз, оған көну керек деп расын да, өтірігін де өзіне ыңғайлы етіп бұрмалап, пайдасына асыратындар бар. Онымен қоймай, біздің менталитетке жатпайды, сен көну керексің деп, талай адамның өмірін еріксіз өзгертіп жатады. «Біз» деген кім? Барлық адам «біз» бе сонда? Мүлде қате, әр тұлға – жеке менталитет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *