Достық — тренинг тәрбиешілерге арналған

         « Достық»  іскерлік тренингтері.

Тәрбиешілерге арналған іскерлік тренингтер «Достық».

Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік –психологиялық мәдениетін жетілдіру,бір-бірлеріне деген достық сезімдерін арттыру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Өзін-өзі тануға ,педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылын тәрбиелеу.

Қатысушылар: тәрбиешілер,мамандар.

Қажетті құралдар: А4 парағы,қаламсап,айна,асықтар.

Ойынның барысы:

Психолог: Қайырлы күн қымбатты әріптестерім!

Достық атты тренинг ойындарына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойында біз ойлана отырып ойнап демаламыз. Ойынға барлығымыз белсене,көңілді қатысайық. Және де айтарым,  ойын барысында   ойларымызды айтқанда 3-5 минуттан аспау керекпіз.

Дайын болсақ ойынды бастайық.

«Сілкіну» жаттығуы.Шеңбер болып тұрамыз. Алдағы ойындарды белсене ойнау үшін ,бойымыз бен ойымыздағы барлық жаман негативті, ашуды,өкпе-назды сілкіп тастайық.(қолдарымызды,иықтарымызды,бастарымызды,денелерімізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп бойымызды жеңілдетеміз.

Сәлемдесу. «Өзгеше сәлемдесу» -ойынын ойнаймыз. Барлық қатысушылар екі шеңбер жасап тұрады.

Барысы: сіздерге мен «бастаймыз» деген нұсқау бере отырып,сөздер оқимын.Сол сәтте екі шеңбер бойынша айнала отырып тез-тез сәлемдесеміз. Бастаймыз; көзбен….қолмен…иықпен….құлақпен…арқамен….иекпен…тіземен…өкшемен….саусақтармен……

 

 

«Айна» ойыны

   Мақсаты: әр адамның өзін-өзі бағалауын,өзін қаншалықты жақсы көретінін,өзіне сенімділігін байқау. Егер төмен болса өзіне деген сенімділігін арттыру қажет екенін айту.

Барысы: Қатысушылар айнаға қарап отырып өзінің 5 әдемі жақтарын айту керек.

«Жұпты табу» ойыны

Мақсаты: тәрбиешілердің бір қасиеті ым –ишарамен түсінісуін байқау және актерлық шеберліктерін аңғару.

Барысы: әр қатысушы ыдыс ішінен асық алады. Асықтарда жан-жануарлардың аттары жазылған.Бір жануар екі реттен жазылған. Сол екі жұп бір –бірін  дыбыссыз ым-ишарамен табулары қажет.(мысық,маймыл,қоян,сиыр,ит,көбелек,арыстан,жылан, жылқы)

     Релаксация «Балдай балалық»

   Мақсаты : өткенді еске алу,ата-ана бауырлармен сағынышты басу.

   Барысы: Баяу әуен қойылады,сол әуенмен текст оқылады.Барлығымыз ыңғайлы және жайлы жерге отырамыз. Көзімізді жұмып,терең дем аламыз. Мұрынмен ауаны тойғанша басымыздан башпайымызға дейін жұтамыз,сол ауаны ауыздан шығарамыз.

«Көз алдыларыңызға кеңістікте баяу қозғалып бара жатқан «ЖЕР АНАНЫ» елестетіңіздер. Ай,күн,жұлдыздар,кеңістік. Алланың әдемі бір есебімен қозғалып тұрған жер анаға тамсана қарап жақындата беріңіз. Жер ана-барлығымыздың жақсы жамандықтарымызды көтеріп,бізді асырып ,бағып отырған жер ананы жақындатып, Қазақстанның шекарасын қараңыз. Қазақ елім,жерім көк байрағы желбіреп тұр. Ортада Сарыарқам, Оңтүстікте Жетісуым,  Батысым, Шығысым, Солтүстігін бәрін байқаңыз. Жоғарыдан жақындай келе туған жеріңізге, еліңізге барыңыз. Таудың қызы тауға,теңіздің қызы суға барыңыздар. Бәріміздің жүрегіміз қалайтын,жақсы көретін, сағынатын жер бар. Ол бәлкім туған жерің, ауылың, қала болар. Кең жазықта, табиғатта, үлкен далада тұрғаныңызды елестетіңіз.  Мұрныңызға жусан иісі, жайлаудың шөбінің иісі, сан түрлі гүлдердің иістері келуде. Құлағыңызға құстардың дауыстары, сылдырап аққан судың дыбысын тыңдап барасыз.  Қазақтың кең даласына тоймай қараудасыз көк аспаны, тауы, тасы, топырағы сізге өте қымбат. Себебі ол-туған еліңіз, жеріңіз, өсіп өнген ортаңыз. Туған жердің табиғатын тамашалап келесіз, жалаң аяқ жұмсақ көк шөппен жүгіріп келесіз. Бетіңізді самал жел өбіп өтуде. Үстіңізде өзіңіздің жақсы көрген, үнемі кигіңіз келетін көйлегіңіз. Бой түзеп бой жеткен шағыңыз. Сол көйлекті киіп бақытты болған шақты ойлаңыз. Бақытты болып табиғатты тамашалап тұрғанда, сонау бір көзіңіз жететін көкжиектен көйлеңкелер байқала бастады. Көзіңізге көрінген сол көйлеңкенің адамдар екенін аңғардыңыз. Жүрегіңіз лүпілдеп олардың кімдер екенін білуге асығудасыз. Ақырын ғана көк шөппенен көйлеңкеге қарсы жүре бастадыңыз.  Сіздер ақырын жақындап келесіздер. Жақындаған сайын ол адамдардың кім екенін білуге, көруге, танысуға асығып тұрсыз.  Тағы біраз жақындағанда қатты толқып кеттіңіз. Олар сіздің сүйікті отбасыңыз әкеңіз, анаңыз бен бауырларыңыз. Бірақ ата-анаңыз 30 жас шамасындағы толып-болып тұрған жас кездері. Жүгіре басып отбасыңызды қатты құшақтап алдыңыз.  Ата –анаңыздың бетінен, көздерінен сүйіп, шаштарын сипап құмарыңыз қанғанша иіскеп жатырсыз. Алтын әкем, анам, бауырларым тілекшілерім, қорғандарым мен сіздерді қатты сағындым, жақсы көремін сіздерді деп қайта-қайта айтудасыз. Табиғат аясында отбасыңызбен сырласып, ойнап күліп бақытты болудасыздар. Әкеңіз бен анаңыздың қасына отырып, ол кісілерден осы кезге дейін біліп білмей жасаған қылықтарыңыз үшін кешірім сұраудасыз. Әсем табиғат аясында отбасыңызбен тамақтана отырып болып, ақырын қош айтысудасыздар, жақсы тілектер айтылып, бір-біріңізді қимай барасыздар. Отбасыңыздың осы бақытты жылы жүздерін жүректеріңіздің тұсына сақтап қойыңыздар. Ғажайып табиғатты да ойларыңыздың төрінде сақтаңыздар.

Ал енді, тізеден тобыққа дейін созылып көздеріңізді ақырын ашыңыздар.    Алған әсермен бөлісу

«Жасырын тілек» ойыны

Мақсаты: бір-біріне деген жақсы –жаман ойларын біле отырып оны жұмыс барысында түзеу.

Барысы ақ қағаз бетіне аты жөндеріңізді жазып, арқаларымызға жапсыру. Сол қағаз бетіне бір – біріне жақсы-жаман мінездерін жасырын жазу. Ешкім қалып қоймауы керек барлығымыз қатысамыз.

      Тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісу. Өз ойларын ортаға ашық айтып, бір-біріне сәттілік тілеп, жақсы көңіл-күйде қоштасу.

Психолог: қатысушыларға алғысын айтып, белсенді болғандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет. Күндеріңіз сәттілікке толы болсын!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *