Денсаулық бағдарламасына үн қосу

Мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын оқып шықтым.

Бағдарламаның мақсаты — сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету

Міндеттері:

Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; медициналық көмектің сапасын арттыру; денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту

Нысаналы индикаторлары:

                        2025 жылы:
— азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 75 жасқа дейін өсуі;
— жүрек-тамыр, онкологиялық, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30-70 жас аралығында мезгілсіз қаза болу қаупінің деңгейін 15,43 %-ға дейін төмендету;
— аналар өлімін 100 мың тірі туғанға шаққанда 14,5-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша);
— нәрестелер өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ке дейін төмендету (құпия аудит деректері бойынша).

Нұрсұлтан Мәметбай

kaznu.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *