«Дала құстары»

Маңғыстау  облысы.

Жаңаөзен  қаласы

«Рахат бөбекжай-бақшасы»

Курташева  Фатима

 

 

Білім беру  саласы: Таным

 Ұйымдастырылған оқу –қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы:«Дала құстары»

Мақсаты: Балаларға  құстар туралы  түсініктерін  кеңейту,құстардың пайдасы, тіршілігі туралы түсінік беру.Құстардың әрқайсысының өзіне тән қасиеттерңі туралы әңгімелеу.Балалардың ой-өрісін дамыту.Құстарға деген сүйіспеншілікке  қамқорлыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Құстар туралы тақпақтар жаттау.

 Көрнекіліктер :  суреттер,слайд,мнемокесте суреттері

Әдіс-әсілдер :   Көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәтін,шаттық шеңберін ұйымдастыру,дидактикалық ойын ойнату,мадақтау,қорытындылау.

Билингвальдық компонент: құстар-птицы,қарылғаш-ласточка,торғай-воробей.

Іс-әрекет кезені Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы  

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге

 

-Балалар бір жылда  неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар,айларды атап беріңдер?

-Күз мезгілі туралы  тақпақ кім айтады?

 

Күлімсіреп көңілді болады.

Өлең жолдарын айтып, таңғы шеңбер жасайды.

 

 

 

 

 

 

-төрт мезгіл бар

 

-күз мезгілі

-үш ай бар, қыркүйек,

қазан,қараша.

 

Өнер

Алтын,сары,қызыл,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Раяна

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Балалар біз өткен оқу қызметімізде қандай құстармен таныстық?

-Үй құстарын атаңдаршы?

 

-Олар немен қоректенеді?

Жарайсыңдар балалар, біз бүгін дала құстарымен танысамыз.

Құстардың  сайрағанын  тыңдату.

-Балалар ненің  дыбысын

естідіңдер ?

-Қандай дала құстарын білесіңдер?

Құстар табиғаттың  көркі, құстар

өзгеше жаратылған құбылыс иесі. Көкті құссыз,құсты көксіз елестету қиын.Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе,жердегі адамдар да тыныш,бейбіт өмір сүре алады.Құстардың түрі көп.Құстар орманда,тоғайда суда ,ағаштарда, мекендейді.Дала құстары  ағаш түбіндегі  құрт-құмырсқалармен  қоректенеді.

.Ағаштың жайқалып жақсы өсуңне,түрлі жәндіктерден  тазаруына  көмектеседі.Сол себепті  құстарға қамқорлық көрсетіп жем беруіміз керек.

-Балалар мына құс қалай аталды?

Дұрыс айтасыңдар.

Бүркіт-қанаты кең,тұмсығы имек,аспанда биікте ұша алатын қырағы құс.Ол таулы жерлерді мекендейді.Адамдар аң аулағанда пайдаланған.Аң аулайтын қасиеті бар,адамдар қолда асырайды.Бүркіт ет жегенді жақсы көреді, тышқан,

қояндармен қоректенеді.Бүркіт олжасын көргенде қанатын кең жайып тырнақтарымен қысып ұстайды.

Ал мына құс қарылғаш  мейірімді  және бейбітшіл құс болып саналады.Тұрғын үйлердің шатырына ұя салады,пайдалы құс шыбын-шіркейді көп жеп ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Торғай –тұмсығы кішкене,топтасып ұшады,жер шарында  кең тараған 27 түрі бар.Ағаш құыстрын індерді мекендейді,қорегі дән.

Дидактикалық ойын «Құстарды тамақтандыр»

Қысқышпен  құстардың азықтарын сәкестендіру.

               Сергіту сәті

Ағашқа ұя жасаймыз,

(үшбұрыш жасайды)

Құстар ұяға келіп қонды.

(құс болып ұядан басын шығарады)

Жан-жағына қарады

Құс ұшқысы келді,ұша алмады

Ол қанатын  жаттықтырды

1,2,3-1,2,3

(алақанын айқастырады)

Құстар қанат қағады

Көкке самғап ұшады

Барлық құстар қосылып

Шық-шық деп ән салады

Құс қайтып келіп ұясына қонады.

 

Балалар  құстар туралы тақпақ білесіңдерме?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыйым сөздер  білемізбе құстар туралы.

 

 

 

Дидактикалық ойын «Өз мекеніне орналастыр»

Әр құсті өз мекеніне орналастыру.

 

Енді балалар мнемокесте арқылы өлең жаттаймыз,.

Торғай,торғай,торғайлар,

Аязда да  тоңбайды.

Құрт-құмырсқа,шіркейден

Бау-бақшаны қорғайды.

(3 -4 қайталау)

 

-Үй құстары

-Тауық,қаз,үйрек,

күркетауық

-дәнмен

 

 

 

 

-дала құстарының.

-торғай,қарылғаш,

сауысқан,тоқылдақ.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Бүркіт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өнер

Мен адамның досымын,

Мекенінде тұрамын.

Шыбын келсе кәсібім

Ұстап жеймін қырамын.

Саят

Мен торғаймын,торғаймын,

Кел сенімен ойнаймын

Ұлпа мамық жинаймын

Аязда да тоңбаймын.

Ұлданай

Тысқа шықсам аулаға

Басып қапты мағайды,

Тал басынан қрғалар,

Тамашалай  қарайды.

Нұрлан

Мен торғаймын,

торғаймын.

Жерге бекер қонбаймын

Құрт-құмырсқа шіркейден

Ақ бидайды қорғаймын.

 

Құсты атпа.

-Құстың ұясын бұзба.

-Аққуды атпа-досыңды сатпа.

 

Рефлексивті- түзеуші Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ұнадыма ?

-Дала құстарын  атап беріңдер?

-Дала құстары қайда мекендейді ?

Бүгінгі  ұйымдастырылған оқу қызметіне  барлығыңыз жақсы  қатыстыңдар.

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылайды

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі : Құстардың табиғатқа пайдасы бар екенін

 Игереді: Құстар туралы тақпақтар,тыйым сөздердердің мағнасын игереді

Меңгереді: Құстарды бір-бірінен айырмашылығын ажырата білуге толық жауап беруге үйрету.

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *