География пәнінен 7 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

7-сынып. Географиядан олимпиада тапсырмалары
І тур (теориялық тур)

1. Көлдер шығу тегіне қарай қалай бөлінеді?
2. Материк, мұхит, түбек, теңіз, көл, шығанақ ұғымдарына анықтама бер.
3. Климаттық белдеулерді солтүстіктен оңтүстікке қарай ретімен орналастыр:
4. Типтік жоспар бойынша Ертіс өзеніне сипаттама бер:
• Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау.
• Бастауы, құяр жері.
• Су жинау алабы, суайрығы.
• Қоректену көздері.
• Өзеннің режимі, оның климатқа байланыстылығы.
• Шаруашылық маңызы.
• Экологиялық жағдайы.
ІІ тур (практикалық тур)
1. Гилея, льянос, пампа, прерий, самум, терая терминдеріне анықтама бер.

2. 8848 м, 7723 м, 1024 м, 7690 м, 4807 м, 1620 м, 6671 км, 7439 м, 6960 м, 6193 м сандарының қандай обьектілерге сәйкес келетінін анықтап жаз.

3.Бразилиа, Мехико, Антананариву, Джакарта, Джорджтаун, Веллингтон, қандай мемлекеттің астаналары екенін тауып, ретімен жаз.

4. Астана, Семей қалаларының географиялық координаттарын анықта.

Вам может также понравиться...

комментария 2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *