Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

Умарова Санабар

Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Білімдерін жан- жақты тексеру
  3. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

    1. Конституциялық құқық.
    2. Конституциялық – құқықтық нормалар.
    3. ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.

Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құқық беру әдісі

 

 

Конституциялық құқық тәсілдері

Рұқсат ету әдісі

 

Міндеттеу әдісі

 

 

Тыйым салу әдісі

 

  1. құқық беру әдісі, яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;
  2. рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,
  3. міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;
  4. тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.

Конституциялық-құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:

  • реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;
  • баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
  • құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

 

Конституциялық құқық нормасының құрылымы

 

 

гипотеза

дизпозиция

санкция

 

 

 

Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі

Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі

Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі

 

 

 

 

 

Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:

  • құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
  • міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
  • тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:

  • 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  • Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т.б. заңдар.
  • Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады.
  • Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;
  • Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;
  • Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т.б. шешімдері.
  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
    1. Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?
    2. Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?
    3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
  2. Жаңа материалды бекіту:
    1. Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?
    2. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
  3. Үйге тапсырма: 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.
  4. Бағалау:

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген. Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718  

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *