Бұлттық технология түрлері

Бұлттық технологиялардың эволюциясы

Мақсаты: Бұлттық технологиялардың түрлері мен ұлғаю жолдарын көрсету.

Міндеті:

1) Бұлттық технологиялар жайлы ақпарат жинастыру;

2) Мүмкіндіктерін анықтау;

3) Айырмашылығын көрсету;

4) Пайдаланудың тиімді жақтарын сипаттау;

Қысқаша мазмұны: Бұлтты технология — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Бұлтты технология дегеніміз не?

Бұлтты технология дегеніміз — деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы  бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек  Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу,жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар — компьютерлік техниканың тұтас саласы.

 

Айырмашылығы.

Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.

 

 

Тиімді жақтары.

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелдіболмайды;
  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегіннемесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;
  • Кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;
  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *