Білім әлеміне саяхат

Санат Рина

Мақсаты: Жыл бойы алған білім дағдыларын нақтылау.

Білімділік: сұрақтарға толық дұрыс жауап беруге, дәстүрден тыс сурет салу әдісін өз беттерімен көрсете білуге төселдіру.

Дамытушылық: сөздік – логикалық ойлау дағдысын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелік: балаларда  ұжымдық жағымды эмоция қалыптастыру.

Алдын–ала жұмыс: Алтын әженің хаты топқа келеді. Хаттың мазмұнымен танысып, көмек ұшын беруге дайын екендігін жеткізеді.

Қажетті құрал — жабдықтар: Интерактивті тақта, қарындаштар, таратпа материалдар (кеме, ағаштың суреті дыбыстық талдауға және жоғалған сандар), текшелер,  А3 – форматта қағаз – 3 дана,  моншақтар, пластмасс бөтелке, ою ойылған картоп, музыкалық аспаптар (жетіген, домбыра, сылдырмақ, тұяқ),

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Балалар әуенмен залға кіреді.

Шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Күнімізді бастамас бұрын «Сәлем – сөз атасы», — демей ме, келген қонақтармен амандасайық.

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді, бір – бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Мынау — менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

  • Балалар, осында келмес бұрын біздің топқа хат келген еді. Хат кімнен келіп еді?
  • Алтын әжеден келді. Бізден көмек сұрапты.
  • Иә, дұрыс айтасыңдар. Алтын әжеден хат алған болатынбыз. Алтын әжеге бармас бұрын барлығымыз білімізді сынап «Білім еліне» барып қайтайық!
  • Мұнда екі топқа бөлініп отырып білім жарысын ұйымдастырайық./балалар екі топқа бөлініп отырады/.
  • Бірінші топ «Сұңқар» тобы болсын!
  • Екінші топ «Тұлпар» тобы болсын!/Ойын шартын түсіндірледі/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Келесі ұяшықты «Сұңқар»  тобы таңдайды.
  • Біз таңдаймыз кітапты таңдаймыз.

Логикалық есептер

  І – топтың тапсырмалары

1.Аспан көгілдір, ал шөп қандай?

2.Ит тауыққа ма, әлде мысыққа көп ұқсай ма?

3.Жазда 5 аққала жарысты, екеуі озып кетті, нешеуі қалып қойды?

ІІ – топтың  тапсырмалары

1.Аспанда 4 тауық ұшып бара жатыр еді.  Қонақтап қалып қойды. Нешеуі ұшып кетті?

2.Қыз мезгілі. Ағашта 3 алмұрт өсіп тұр. Оның 2 жұлып алды. Нешеу қалды?

  1. Шанамен қай кезде сырғанауға болады?

ЖОҒАЛҒАН САНДЫ ЖАЗ

І – топтың тапсырмасы

1              3                5            7            9

ІІ – топтың тапсырмасы

2              4              6           8                  10

  • Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.
  • Біз таңдаймыз киіз үйді.

Тапқыр болсаң шешіп көр!

Қолы бар,                                                Күнде жейміз

Саусағы жоқ.                                            Тәтті дейміз

Мойны бар,                                              Қадір тұтып құрметтейміз. (нан)

Басы жоқ.  (Көйлек)

 

Қабат – қабат қаптама,                             Бұрап қойған сағаттай,

Ақылың болса аттама. (Кітап)                 Айқайлайды таң атпай.  (Әтеш)

 

Ішіне тамақ салынған,                              Сыртылдайды күнімен,

Есігі мықтап жабылаған (Жұмыртқа)      Сыртылдайды түнімен.

                                      Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.  (Сағат)

  • Келесі ұяшықты Сұңқар тобы таңдайды.
  • Бізді таңдаймыз. Кеменің ұяшығын.
  • Бұл ұяшықтың тапсырмасы «Дыбыстық талдау»  Ағаш және кеме сөзіне дыбыстық  талдау жаса.

— Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.

— Біз домбыраны таңдаймыз.

— Домбыраның ұяшығында «Мен бастаймын, сен аяқта!» — деп аталады. Мен сендерге мақал – мәтелдің басын айтамын, сендер аяқтайсыңдар.

Тапсырма: «Мен бастаймын, сен аяқта!»

І – Топтың тапсырмасы

Ел іші – алтын бесік

Еріншектің  ісі – екі

Ананың сүті – бал, баланың  тілі де бал.

ІІ – топтың тапсырмасы

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

Жақсының жаттығы жоқ.

  • Келесі ұяшықты «Сұңқар» тобы таңдайды.
  • Біз Глобусты таңдаймыз.
  • Глобустың тапсырмасы:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері кім?

  • Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.
  • Біз ағашты таңдаймыз.
  • Ағаш ұяшығының тапсырмасы:

Сөздерді ата және алғышқы дыбысын ата?

 

  • Осымен біздің «Білім әлемінің сендерге қояр сұрақтары аяқталды.
  • Олай болса қай топтың жеңіс жеткенін білу үшін алдарыңдағы алған жұлдызшаларыңда санай қойыңдар!
  • Енді денемізді сергітіп алайық.

Бой сергіту: Қара жорға әуенімен

  • Ал, балалар, Алтын әжеге уәде еткенміздей, барып көмектесейік.

/ Шеберхана да Алтын әже отырады/.

Балалар: Сәлеметсіз бе әже?

Алтын әже: Есенсіңдер ме балалар. Қош келдіңдер! Менің хатымды алдыңдар ма?!

Балалар: Иә алдық. Біз сізге көмектесуге келдік.

Алтын әже: Жақсы болды. Сұраныстар өте көп, үлкермей жатырмын. Сендердің көмектерің өте қажет.

Тәрбиеші: Иә, әже! Біздің балалардың қолынан бәрі келеді.

Алтын әже: Олай болса, кім текемет жасағысы келеді, кім алқа жасағысы келеді, ал енді біреулерің кестеге келіңдер.

/балалар өз қалаулары бойынша үшке топқа бөлінеді/.

Алтын әже: балалар, қандай әдемі етіп жасағансыңдар! Текеметке қандай өрнекті қолдаңдыңдар?

  • Алқа немен жасадыңдар?
  • Кестеге қандай түсті гүл салдыңдар?
  • Өнерлі балалар екенсіңдер. Алғысым шексіз.

Тәрбиеші: Алтын әже, біз тек қана қол өнері ғана емес, біздің балалар ұлттық аспаптарда ойнай алады.

Алтын әже: Бәрекелді! Олай болса тамашалайық.

Тәрбиеші: Балалар өнермізді көрсетейік.

/балалар аспаптарын алып, орындарына жайғасады/.

Тәрбиеші: ал, балалар, әжемізбен қоштасып өзіміздің балабақшамызға қайтатын уақыт келді.

Алтын әже: Бәрекелді, өнерлеріңе тәнтімін. Көп рахмет!

Балалар: Сау болыңыз әже!

Алтын әже: сау болыңдар, балалар!

Қорытынды:  міне, бақшамызға да келдік. Бүгінгі күн  сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Біз қайда бардық? Кімге қолғабыс жасадық? Менде сендерге ризамын білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете алдыңдар. Осымен бүгінгі білім әлеміне саяхатымыз аяқталды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *