Білім — қараңғылықтан құтқарады (ойдан шығарылған ертегі)

Маратова Жадыра Маратқызы

Ғылым мен білімнің қарқынды дамып, заманның өркендеп, қайта жаңғырып жатқаны –Жандостың миына кіріп те,шықпайтын. Ойыннан басқаны көзге ілмейтін, ата-анасын тыңдай білмейтін, күн ұясына батып, қас қарайғанша үйге кірмейтін бала үшін бәрібір болатын.

Бүгін де сабақтан соң, баз-баяғы әдетінше үйге кірместен, ойынға кірісіп кетті.Ойын қызығына түсіп,кештің қалай батқанын да аңғарған жоқ, ауылдан ұза-а-ап кете барды.Түн қараңғылығынан қорқып, алдынан кезіккен үңгірге тығылды.Кенет , қорқынышты дауыстан селк ете түсті.Әлгі қараңғылыққа тіл бітіп:

-Кел! Маған ерсең еш уайымсыз , сабақ оқымай өмір сүресің.Мен сен секілді кітап оқымайтын , жалқау балаларды ұнатамын.

Бала қою-қараңғылықтан одан сайын қорқа түсті.Бойын үрей билеп, денесі дірілдеп,жарқанаттар мен түрлі улы жәндіктерді ойлап, тітіркене бастады.Қорыққанынан өкпесі аузына тығылып, сөйлеуге шамасы келмеді.Адамда үміт оты сөнбейді емес пе? Бала да бір нәрседен үміт  күткендей үңгір аузына жақындады. Енді байқады-айдың әлсіз сәулесі бәсең ғана үнмен:

-Сөмкеңнен кітап алып оқи түс.Сонда ғана қараңғылықты жеңіп, саған жарық сәуле түсіре аламын.

-«Иә,иә»-десті жұлдыздар да жымыңдап.

Міне ғажап! Айдың жарық сәулесі, жұлдыздар-қараңғыны сейілте бастады.Бала да үйін оңай тапты.Шытырман оқиғаға тап болған бала үлкен ойға қалды.Әлгі жаны мұрнының ұшында тұрған кезде оқыған:«Бір Аллаға сыйынып,                                          Кел ,балалар,оқылық» -деген Ыбырай атасының өлеңі есіне түсіп,жымиды.

Оқу-білімнің адам өмірі үшін маңыздылығын түсініп, Отанға қызмет ету үшін, ауылын көркейту үшін «тек оқимын» деп өз-өзіне серт берді.

Осылайша Жандос-көп оқитын ,ізденімпаз , білімді оқушыға айналды.

Қазіргі таңда бала білімнің ордасы болып саналатын, Астана қаласы мектептерінің бірінде мектеп басшысы қызметінде отыр екен-мыс.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *