«Білім берудегі ең жақсы дәстүрлер»

Мұхтарқызы Динара

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Секция: «Білім берудегі ең жақсы дәстүрлер»

Тақырыбы: «Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамыту»

Мақсаты:

ü  — Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру;

ü  — Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру;

ü  — Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету;

«Ағылшын тілі cабағында оқушылардың сөздік қорын жаңа әдіс тәсілдер арқылы дамыту» функционалдық сауаттылық

          Ағылшын тілін оқыту – заман талабы. Қай заманда болмасын адамзаттың алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көп мәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті мәселелердің бірі.

Мектепте тәрбиелеу-оқыту жұмысында оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Ағылшын тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

         Мектепте оқушылардың сөздік қорларын дамыту ісінде:

— оқушылардың сөздік қорларын дамыту;

— жаңа сөздерді меңгерту;

— үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді оқушы үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Оқушылардың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі.  Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет.  Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.
Әрине, сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмейді. Ол біздің әрбір сабағымыздан орын алады. Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді. Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:

1. Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
2.Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
3. Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.
4. Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.
5. Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.
Мысалы:
1. Many hands make light wok.     Көп түкірсе, көл болады.

 

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.

Оқушылардың бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану,  балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді.  Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.  Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, оқушылардың ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Find similarity» «Салыстыр да, атын ата», «Compare and call», «Қай ағаштың жапырағы»,  «By what leaf of the tree», «Бірдей ойыншықты тап»,  «Find similar toys», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Where more, where less», т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр»,  «Қандай затқа ұқсайды?», «By what subject like?» «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Give one word», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Spot the difference» , «Есіңде сақта», «Remember» .

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Remember the words», «make words»,  «Жұмбақ ойла», «Make a puzzle», «Жақсыжаман», «Good or bad», «Жалғастыр», «Continue» .

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Gallery of figure», «Remember the figure», «Қиын жолдар», «Difficult road» , «Суретті жалғастыр», «Continue picture» «Биші адамдар», «Dancers », «Көңілді таяқшалар»  «Funny sticks» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

Оқушылардың ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен оқушылардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.

Жалпы өз тәжірибемнен алып айтатын болсам, мен өзімнің әрбір сабағымда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде сөздік жаттауды міндетті түрде беріп, ал келесі сабақтарда сол сөздікті сұрауға арнайы уақыт бөліп отырамын. Яғни оқушылардан сөздікті не жазбаша түрде, не ауызша түрде қайтадан сұрап отырамын. Себебі бұл шет тілі болғандықтан біздің әрбір сабағымызда жаңа сөздердің болмауы мүмкін емес. Ал егер әрбір сабақтағы жаңа сөздерді оқушы жаттап алып отырса, онда бірінішіден ол оқушының сөздік қоры жаңарады, екіншіден, бұл әдіс оқушының келесі сабақты да жақсы түсінуіне түрткі болады деп ойлаймын. Оқушылардан сөздікті жазбаша түрде сұрауымның себебі, олар тек ауызша ғана жаттап алып қоймай сөздің орфографиялық жағына да мән беретін болады. Мысалы, бір сабақтың үстінде бір оқушыдан ауызша сұрасам, бір оқушыдан жазбаша сұраймын. Яғни, оқушы сонда ауызшаға да, жазбашаға да дайындалып келетін болады.
Оқушылардың сөздік қорын дамытуда , мен айтар едім, ақпараттық -коммуникациялық технологияның, түрлі қарапайым ойындар мен рөлдік ойындардың, диалогтың, яғни, коммуникативтілік әдістің ,сондай – ақ түрлі көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор дер едім.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
Көбіне мен өзімнің сабақтарымда компьютерде жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді.

Ағылшын тілі пәні сабағында оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады.  Осы рөлдік ойындарды  оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту,  өзіндік пікірін қорғауға,  сөйлеу тілінің дамуына, сөздік қорының қалыптасуына ықпал ету болып табылады.  Шетел тілінде сөйлеуді,  қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.

Өз тәжірибемнен айтатын болсам мен, сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар:

           «Доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек.

           «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек.

           «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек.

«Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It’s red деп жауап береді .

      —     «Just the facts» Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?
Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді.Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.  Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 — сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.

          «What’s  in the  bag?»  Сумкада  не бар?  ойыны.

Мұғалім алдымен  балаларға  бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада  не бар?  Балалар  ішінде  дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында  қолданса  болады. Әсіресе  жаңа  сөздерді  еске түсіру үшін қолдануға  болады. Мұғалім сумканың ішіндегі  заттармен таныстырады.  Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан  What’s this? Сұрағы арқылы затты  көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:  Pen, copybook, pencil, ruller, rubber  деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке  қайталатады. Сөздерді  ұмытпау  керек. Сосын оқушыларға  сумка ішіндегі  заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады. Мысалы: Who has a  pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде  екенін табу керек. Оқушылар тапса  Janar  has  a  pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының  абаққа  деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары  молайып, есте сақтау  қабілеті артады.

          «Board race»  Тақта  сайысы  ойыны

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім  оқушыларды екі  топқа  бөліп,ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім  түстер, сандар, сөздер айтады сол айтылған  сөздерді, сандарды оқушылар қатесіз  жазу керек. Келесі  оқушы әрі қарй жалғасын  жалғастырып отырады. Соңында  оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы:

P-1                                                      P-2

Ten                                                       Ten

Winter                                                  Winter

Book                                                     Book

Осылай  рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп  қай жақтын жеңгенін  айтады. Бұл ойында оқушылар  шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау  қабілеттері  артады.

          «Question Race»  сұрақтар  сайысы

Бұл ойынның шарты:

Мұғалім сол сабаққа  қатысты  сұрақтар қойылады. Осы  сұрақтар  оқушыларға  таратылып беріледі. Оқушылар  сол сұрақтарға  дұрыс жауап  беру  керек.  Мысалы  жыл мезгілдерін  өткен  кезде суреттер арқылы да  мынадай  сұрақтар  арқылы  қолдануға  болады.

1.How  many seasons are there in a year?

2.What  are  they?

3.How  many  months  are  there in a  year?

4.What season is it  now?

5..How many days are  there in a week?

6.What  are they?

Осы  сұрақтар  арқылы  оқушылардың сөйлеу қабілеттері  артып,сөздік  қорлары  молайып,сабаққа  деген қызығушылығы  артады.  Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады.Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек.                 Психологтардың көпшілігі оқушылар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойының туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор. Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Сөздерді дұрыс айту, сауатты жаза білу – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі. Өйткені шын мәнісінде, сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Оқушыларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру – әр мұғалімнің парызы.  Сөздік жұмысы да, көрнекіліктермен орындалатын тапсырмалар да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды.  Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді.

Сөздік жұмысы да, көрнекілікпен жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жүйесі бойынша тапсырмаларға бөліп беру ұтымды. Ағылшын тілінде сөйлей білмейтін оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуда көрнекілік пен ойын әдісін, сөйлеу үлгілерін қолдануға болады. Оқушылардың сөздік қорын дара суреттер не заттың нақтылы өзін көрсету, ойындар ойнату және өзара сөйлестіру жолдарымен байытып, сөздің дыбысталу жағын дұрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді, логикалық жаттығуларды орындату арқылы өткізу керек.

Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.  Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да ағылшын тілі сабағында мұғалімнің басты мақсаты ең әуелі оқушының сөздік қорын қалыптастыру болып табылады. Оқушылардың  сөздік қорын қалыптастыру белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түсер еді. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.

 

Қорытынды:

Оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруда сабақта пайдаланатын көрнекі құралдардың маңызы зор деп айтар едім. Көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі.

Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін.

Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сөз, содан кейін сөйлем ойланып, ойын жүйелі, тұтас айта білуге төселеді. Әр балаға жеке-жеке үлестіріліп берілетін карточкалар сөздік жұмысын игертуге, сөйлем ойлатуға мақсатталған. Ағылшын тіліндегі тақырыптарды қамтитын жаттығу жұмысына арналған үлестірмелерді балалардың тапсырманы өздіктерінен орындауына пайдалануға болады. Мысалы, 9 сыныпта өтілген мамандық туралы сабағымда мен мынадай үлестірмелі қағаздар пайдаландым.

 

 
         
     

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Рогова Г.В. Методика обучения англискому языку. – Москва, 1975.

2. Старков А.П. Диксон Р.Р. Остроковская О. Учебник для 7 класса средней школы Книга для учителя к учебнику 7 класса.

3. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:

4. Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»

5. Питер Клаттербак « Англиский язык шаг за шагом»

 

6.”Ағылшын тілі мектепте” журналы

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *