Білімді түлек- ел болашағы

 

Кафедраның түлегі Жалжанов Нурболат Хадисұлы 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне оқуға түсіп, 2012 жылы география пәні мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітірді. Мұғалімдер отбасында дүниеге келген Нұрболат жастайынан білімге құштар боп өскендігін ата-анасы айтып отырады. Әкесі- Жалжанов Хадис музыка пәні мұғалімі, анасы Қаражанова Маржан -бастауыш сынып мұғалімі.

Мамандығы бойынша білім алған  студенттік кезеңде ол өзін жақсы жағынан көрсете білді. 2010-2011 жылдары университеттегі студенттік парламенттің депутаты,2012 жылы 19-20 сәуірде Ақтөбе қаласында  өткен өткен география мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ орын жүлдегері және 2012 жылы Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен «Жас Отан» Жастар қанатының ІІ съезінің делегаты болды.

Бүгінде Маңғыстау облысының Білім басқармасының дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды, жоғары санатты тәжірибелі ұстаз. Санаты педагог-зерттеуші.

Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру және білімі мен өнегесін жас ұрпаққа арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсау болса жас ұстаз өзінің ұстаздық жолында бар жақсы қабілеттерін  аянбай жұмсауда.

География пәні сабағында қазақ мақал-мәтелдерін қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолданып отырады. 2014-2021 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық сайыстар мен олимпиадалардың жүлдегері.

Ұстаздық қызмет бастаған уақытынан бастап 2016 жылы Ақтау қаласы әкімінің ұйымдастырған Жастар премиясында «Жас мұғалім» номинациясының иегері,2015, 2016, 2018 жылдары Облыстық білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы облыстық география пәні мұғалімдеріне арналған  пәндік олимпиадасының ІІ орын иегері,2019 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен,2019 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасымен» ,2021 жылы «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының «Құрмет грамотасымен» марапатталды, 2022 жылы Түркістан қаласында өткен І Республикалық география пәні мұғалімдерінің съезінің делегаты болды.

Сонымен қатар, Нурболат мектептен тыс, облыстық, республикалық деңгейдегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Мақалалары облыстық, республикалық, халықаралық журналдарда жарияланып жүр.

Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, абзал әке, ардақты жар. Ұжымда Жалжанов Нурболат заман талабына сай ізденімпаз, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз.

«Ұстаздан шәкірт озады» дегендей, университетіміздің білікті де бірегей түлектеріміздің бірі  Нұрболат Хадисұлының алда талай биіктерді бағындыратынына сенімім мол.

 

Сагиндыкова Э.У.  Ш.Есенов атындағы КТИУ, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының доценті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *