БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

«Қазақ елінің озып үдеген кезі де, тозып жүдеген кезі де аз емес» деген тұнғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі «тар жол, тайғақ кешуден» де өтті. Бүгінде «қилы замандардың» қатаң қиыншылықтарын артқа тастап, дамудың даңғыл жолына түсті. Демографиялық соққыны да көрген халқымыз жақсы дәрежеде өркендеді. Біршама жетістіктерді еншілегенімен әрі қарай дамып, ел экономикасын көтеруді тоқтатпай келеді. Әлем елдерімен иық тірестірерлік дәрежеге жету үшін маңызды істер қатарын көбейттік. Дәлірек айтсақ, ел мүддесі үшін жасалуға міндетті парыздар өтелуде. Дамудың жаңа процесстері жолға қойылды. Ең басты назар аударатыны – рухани жаңғыру, жаһандану мәселелері [1].

Аталған мәселелер бүгінгі күннің басты тақырыптары болып отыр. Ол тек қана біздің мемлекетімізде емес, дамушы мемлекеттердің барлығының көздегені дамыған мемлекеттер қатарына қосылу екені белгілі. Көздегенге жетуге деген халықтың үміті мен сенімі тікелей жастарға артылады. Неге десеңіз, еліміздің болашағының жарқын болуы, солардың ісәрекеттеріне, әр қадамдарына байланысты. Тұңғыщ Президентіміздің өзі де «Болашақ — жастардың қолында» деп айтқан болатын. Себебі, олар — мемлекет тірегі, бүгіннен келешекке жалғаушы сенімді көпір. Жас ұрпақтың мақсаттары мен міндеттері айқын, анық болса, әр қадамы нық басылса ғана, біз өркениетке бет бұрған шағымыздан ешқашан таймаймыз. «Нағыз патриот — өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар» деп сиппаттағандай, нағыз патриотты жастарымыз көп болса, онда кемелденген болашаққа үміткер боларымыз сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» деген еді. Бүгінгі ұстаздардың ең басты негізгі міндеті – студентті білімімен қаруландыра отырып, ойлауға, ізденуге, еңбек ете білуге үйрету, тәрбиелеу. Ендеше болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Бала өмірінде оқытушы ерекше рөл атқарады. Егер студент оқытушыны жақсы көрсе, ол оқуды да, оқу орнында жақсы көреді. Оқытушының беделін қөтеретін факторлардың ішіндегі ең негізгсі сабақ процесі. Сабақтың құрлымын терең білу, оған өзіндік талдау жасау бірінші қажеттілік. Әлемдік білім қеңестігіне ену кезеңінде нарық эқономикасының бәсекесіне қабілетті жеке тұлға қалыптастыру білім саласының басты мақсатының бірі болса, ол сабақ арқылы іске асырылады. Психологиялық жағынан дайындығы мол болғанда, жақсы көңіл – күймен, шабытпен, шығармашылық ізденіспен, мақсат қоя отырып жоспарлағанда ғана сабақ нәтижелі шығады. Ол үшін сабақтың типтерін және оның мазмұнын мұгалім терең білу керек. Ұстаз еңбегі – оқушының білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілікті, қадір қасиетті сезіндіру [2].

Жалпы болашақтың иесі – жастар, жас ұрпақ. Сол ұрпақ тәрбиесі, білімі, біліктілігі, сан қырлы азамат болып өсуі және де жақсы маман болуы ұстаздарға байланысты. «Бір жылыңды ойласаң егін ек, он жылыңды ойласаң ағаш отырғыз, болашағыңды ойласаң жастарды тәрбиеле» дейді. Бұл жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйтқені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті. XXI ғасырдың идеялары жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу қәзіргі жаһандану процесіндегі кез -келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізді өрқениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі дe – ұстаз.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар – болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.

Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының.

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн,еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», -дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек ете білуі тиіс.

Ел боламын десең, бесігіңді түзе, — дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» «Егемен Қазақстан» №74. 2017. 24б. 233 2.
  2. Калиев Н. «Сана жаңғырса, қоғам жаңғырады» «Егемен Қазақстан» №115. 2017.

Ибраева Маншук Муратовна

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар мен инжиниринг университеті, жаратылыстану кафедрасының доцентінің м.а.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *