Бидай егу

 

Мақсаты: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, өсімдіктерге күтім жасауға тәрбиелеу. Өсімдіктерге қамқорлық жасау, дағдыларын қалыптастыру. Өсімдіктерді үлкендермен бірлесіп күтім жасауға үйрету.

Еңбектенуге қызығушылықтарын арттыру.

Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық:  (балалармен екі, үш күн бұрын бидайды жылы суға салып күнге қойылды) Бидай туралы мағлұмат берілді, мақал, тиымды сөздер, жұмбақ айту.

Қажетті құрал жабдықтар: В.Воскобовичтің «фебрель» , сиқырлы шам, суреттер, дәндер

Әдіс-тәсілдер:Түсіндір, көрсету,сұрақ-жауап

Барысы:

Психологиялық дайындық: Көңіл күйлерің қалай?

— жақсы (бас бармақтарын көрсету)

— бүгінгі оқу іс- әрекетіне дайынсындар ма? Иә, (қолдарын көтеру)

Ендеше бастайық. –ооооо (екі алақандарымен шаплақтайды )

Топқа бөлу ( сиқырлы шам таңдау арқылы топқа бөлінеді)

Жұмбақ жасыру:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.(Бидай)

Тәжірибелік жұмыс.

1. В.Воскобовичтің «фебрель» ойыны: «Бидай масағы» құрастыру

2. Ермексаздан бидай дәнін жасау

3. Балаларға үй жағдайында бидайдың егілу жолдарын көрсетеміз.

Сергіту сәті:

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай,

Трактор мен комбайн

Жүргізуге мен дайын

— Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не білесіңдер?

Тыйым сөздерді айту

1.Нанды жерге тастама

2. Нанды лақтырма

3.нан қиқымын баспа

Нан қиқымын баспаңдар

Теріп алып қастарлеп

Торғайларға тастаңдар

«Кел ойнайық»

Ойыны шарты: екі топтан бір –бір бала шығады. Алдарына әр түрлі дәм ұсынылады. Көздері байланған балалар дәм татып, ұннан жасалған жасалмағанын ажыратады.

Бағалау: Балаларды қолдау мақсатында «Жарайсың!», «Өте жақсы!» деген  сөздерді қолданамын.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *