Белсенді ұзақ өмір сүру концепциясы

Белсенді ұзақ өмір сүру концепция ретінде: әзірлеу,  іске асырудағыкедергілер, табыс шарттары (мақала)

Белсенді ұзақ өмір сүру саясатының екі жақты мақсат ол барлық азаматтарға жемісті және тәуелсіз өмір сүру үшін жағдай жасау және сонымен бірге қартайған қоғамның оның үздіксіз тұрақты дамуы үшін әлеуетін жұмылдыру. Осылайша, белсенді ұзақ өмір сүруге қол жеткізу адамның жеке дамуы барысында оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы гуманитарлық шараларды да, бүкіл қоғамның демографиялық өзгерістерге бейімделу шараларын да қамтиды. Мұндай бейімделу шаралары қарт азаматтарының әлеуметтік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қоса алғанда, біріншіөнімді қызметке қатысуын көздейді;екінші табыс көзі болып табылады, осылайша қарт азаматтарының экономикалық жағдайын жақсартады және сонымен бірге қоғамның дамуына үлес қосады.

Белсенді ұзақ өмір сүру ұғымын алғаш рет 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі — ДДҰ) Белсенді ұзақ өмір сүрудің негіздемелік стратегиясы түрінде тұжырымдап, ресімдеді. ДДСҰ-ға сәйкес, белсенді ұзақ өмір сүру «қартаю кезінде оның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында денсаулықты қамтамасыз ету, қоғамға қатысу және адамның қорғалуы үшін мүмкіндіктерді оңтайландыру процесі»болып табылады. Белсенді ұзақ өмір сүрудің негізгі принциптері Екінші дүниежүзілік қартаю Ассамблеясының қорытынды құжатына — Мадридтің 2002 жылғы қартаю жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспарына енгізілді.

ДДҰ Белсенді ұзақ өмір сүрудің алты негізгі детерминантын анықтады: мінез — құлық стильдері; жеке биологиялық және психологиялық сипаттамалары; медициналық және әлеуметтік қызметтер; физикалық ортп; әлеуметтік фактілер; экономикалық факторлар.

Белсенді ұзақ өмір сүрудің негіздемелік стратегиясы көп өлшемді және көп деңгейлі әрекеттерді қамтиды. Әрекеттердің көп өлшемділігі үш негізгі бағыт бойынша шараларды бір уақытта жүзеге асырудан тұрады:

1) денсаулық — салауатты өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, сондай-ақ қамқорлық пен күтімге мұқтаж барлық адамдар үшін медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

2) қатысу – қарт азаматтарының адамның негізгі құқықтарына, қабілеттеріне, қажеттіліктері мен қалауына сәйкес әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани қызметке толыққанды қатысуына жәрдемдесу;

3) қорғау — қартаю шамасына қарай өзін — өзі қолдай және қорғай алмайтындар үшін қорғауды, қадір — қасиетін және қамқорлығын сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік, қаржылық және физикалық салаларда адам құқықтары мен адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Белсенді қартаю мен ұрпақтар ынтымақтастығының Еуропалық жиныныңнәтижелері белсенді ұзақ өмір сүруге жәрдемдесу саясаты үш негізгі салада қатар жүргізілуі тиіс екенін көрсетті:

1) жұмыспен қамту;

2) қоғам өміріне қатысу;

3) автономды өмір.

Жұмыспен қамту саласындағы шаралар қартазаматтар қатарындағы қызметкерлерді жұмысқа орналастыру үшін үздік мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Қарттардың қоғам өміріне қатысуы олардың әрқайсысының ерікті қызметін ынталандыру арқылы олардың әлеуметтік оқшаулануымен күресуге ықпал етеді.

Автономды (дербес және тәуелсіз) өмірдің негізінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы профилактикалық, оңалту және ілеспе қағидаттар мен тәсілдерді дамытумен, көліктің қолжетімділігімен, қарттарүшін қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етілетін салауатты қартаю жатыр. Белсенді ұзақ өмір сүру шаралары жеке деңгейде (өмір салты, қажеттіліктерді қанағаттандыру), Белсенді ұзақ өмір сүру саясатын іске асыру деңгейінде (басқару, бюджеттеу, инфрақұрылым құру) және саясатты әзірлеу деңгейінде бір мезгілде әрекет етуді көздейді. Белсенді ұзақ өмір сүру саясатының өмірді сақтайтын өмір салты бөлігінде адам мен отбасының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне жүгінеді.

Бірлескен жоба аясында Біріккен Ұлттар ұйымы (бұдан әрі — БҰҰ) мен Еуропалық комиссия белсенді және салауатты ұзақ өмір сүру үшін азаматтардың пайдаланылмаған әлеуетін өлшеуге арналған құрал — белсенді ұзақ өмір сүру индексін әзірледі.

БӨС қарттардың автономды өмір сүру деңгейін, олардың ақылы жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қызметке қатысуын, сондай — ақ белсенді өмір сүру мүмкіндіктерін өлшеуге мүмкіндік береді.

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесі қарттардың әл — ауқатын және әлеуметтік-мәдени дамуын арттыруға, олардың денсаулығын нығайтуға, өмір сүру ұзақтығын және белсенді ұзақ өмір сүру әлеуетін арттыруға бағытталған шаралардың қалыптасқан жүйесі болады.

Тұжырымдамада қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру нәтижелері мыналар болады:

қарттардың әлеуметтік белсенділігін арттыру;
қарттарды қазіргі өмірмуағына бейімдеу, олардың толыққанды өмір сүруіне, Белсенді ұзақ өмір сүруіне жағдай жасау;
әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту, әлеуметтік қызмет көрсету мен күтімнің жаңа технологиялары мен нысандарын енгізу;
қарттар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ете отырып, бірыңғай коммуникациялық, шығармашылық, консультациялық, мәдени — демалыс алаңын құру;
денсаулықты нығайту, дене белсенділігін дамыту, спортқа тарту және егде жастағы азаматтарды салауатты өмір салтын қалыптастыру;
еріктілер қозғалысын дамыту;

Белсенді ұзақ өмір сүру үшін жағдайлар мен жаңа мүмкіндіктер жасау  қарттарға өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруда маңызды болып табылады.

Орындаған: Таган Нұрдана

Қабылдаған: Авсыдыкова Құралай

http://www.kaznu.kz

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *