Белсенді оқыту әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың таным қызығушылығын арттыру

Тақырыбы:

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардыуң таным қызығушылығын арттыру

 

Мақсаты:

Оқушылардың сабақ барысының негізгі ұғымдарына сай сабақта қолдануға болатын әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Танып білетін әдіс- тәсілдерін іс- тәжірибесінде пайдалануға бағыттау

Басы :

Сәлемдесу. Топқа бөлу.

Түрлі-түсті қарындаштар арқылы топқа бөлу.

1-топ: «Қызылдар»

2-топ: «Сарылар»

3-топ: «Көктер»

 

Ортасы :

Шебер класс барысында жүргізілетін әдіс-тәсілдер:

«Сөз ойла, тез ойла» әдісі

Бұл әдісті сауат ашу пәнінде буын тақырыбымен танысқан кезде қолдануға болады. Мақсаты: оқушылар буынға бөлуді оңай әрі тез үйрене алады. Ұшақта берілген буынға бұлттардағы буындарды сәйкестендіріп, сөз құрастырады, оқушылардың сөздік қорын дамытады, және қызыуғушылығын арттырады.

 

«Құрал жинау» әдісі

Бұл әдістің мақсаты қазақ тілі пәнінде «Сөз таптары» тақырыбында сөздерге сұрақ қою арқылы оқушылар сөздерді ажыратады. Оқушы құралдарында жазылған сөздерді сәйкес сөмкелерге салу арқылы қызығушылықтарын арттырады.

 

Нейрожаттығулар

Нейрожаттығу дегеніміз – бұл мидың жан-жақты және екі жарты шардың жаттығуына арналған көп бағытты жаттығулар жиынтығы. Бас миы бұл өте күрделі әрі қиын құрылым және оны дамытудың көптеген түрлері де бар. Бас миыда бұлшықет ал денедегі бұлшықеттерінізді қалай физикалық жаттығулар арқылы дамытатын болсақ бас миындағы бұлшықеттіде дамыту қажет. Бас миы екі жарты шарға бөлінеді оң жақ және сол жақ. Олардың әрқайысын, мысалы сол жақ миды жұмыстандыруға математикалық, логикалық тапсырмалар болса, оң жақ миға кинофильмдер, саяхат, дене шынықтыру жаттығулары қажет болады. Ал нейрогимнастика болса екі жарты шарды бірдей дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы болып табылады.

 

«Сиқырлы қарындаш» әдісі

Бұл әдісті математика сабағының кез келген тақырыбында пайдалануға болады. Суретте көрсетілген көбейту кестесі. Мақсаты: оқушыларға көбейту кестесін есте сақтауға көмектеседі, осы әдісті қолдану арқылы оқушылар көбейту кестесін тез қабылдайды.

 

«Футбол ойыны» әдісі

«Футбол ойыны» әдісінде есептерді тез, әрі дұрыс есептеуге оқушыларды жаттықтырады. Доптарда жазылған есептерді тез шығару арқылы қақпаға соққы жасап жарысады.

 

«Киіз үй» әдісі

«Киіз үй» әдісі қазақ тілі сабағында дауысты және дауыссыз дыбыстарды және олардың түрлерін тез ажырата білуге үйретеді. Әдебиеттік оқу пәнінде ауыз әдебиеті түрлерін ажыратып, тез жаттап алуға да қолданылады.

 

«Кейіпкерлер қонақта» әдісі

Ертегілерде көп кездесетін кейіпкерлерді осы әдіске қонақ ретінде алдық. Қонақтарды қарсы алып, дәм татқызу бойынша қазақтың қонақжайлылық дәстүрін дәріптей отырып, бір жағынан тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындайды. Бұл әдісте мақал-мәтелдер, өлең шумақтары, жұмбақтар, жаңылтпаштар құрастыру арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.

 

«Тәжірибе жасау»

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіру. Адам мүшелерінің қызметін суреттердің көмегімен түрлерін анықтау арқылы жүзеге асады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *