«Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»

Адамзат қоғам ретінде қалыптасқаннан бері өзін басқа мақұлықтардан ажыратып тұратын ауқымы осындай үлкен жүйені басқаруды ойластырып келген. Ғасырлар бойы адамдарды заң мен тәртіп арқылы басқару, олардың бір-бірімен қатынасын реттеу және сол заң мен тәртіпті орындау барысында туындайтын қарама-қайшылық пен талас-тартысты әділ шешу және бүкіл қоғам үшін де, жеке адам үшін де қолайлы болып қабылданған заңды өрескел бұзушыларға лайық шара қолданудың сан түрлі әдісі қолданылып келген. Қазіргі кездегі халықаралық дәрежеде және әр елде өз деңгейінде қолданылатын заңдар мен қалыптасып кеткен ереже-тәртіптің көбі тарихтың әр кезеңінде жаңалық ретінде қосылып, толықтырылып отырған. Осылайша қоғам алға дамып отырған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өз кезегінде Қазақстан Республикасының, соның ішінде Ғылым және Жоғары білім министрлігінің заңдары мен ережелеріне бағына отырып, өзінің ішкі тәртібін де бекітіп қойған. Университет басшылығы осындай тәртіп жүйесі арқылы университет қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының бір-бірімен заң аясында жақсы қарым-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар осындай тәртіп пен заңға бағынудың маңыздылығын үнемі күн тәртібінде ұстап отырады.

16.04.2024 күні ҚазҰУ Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен Аударма ісі мамандығының 1-курс магистранттары Әбдіманап С.Н., Жақсылық А.Ж., Алимжанов Б.М. және топ эдвайзері Дайрабекова Г.С. «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының аясында «6В02303 — Шетел филологиясы» мамандығының 2-курс студенттерімен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстандағы сот әділдігінің жағдайы туралы ақпарат беріп, тұрақты даму үшін бейбітсүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, жауапкершілікті және кеңінен қатысуға негізделген мекемелер құру. Ашық тәрбие сағаты пікірталас түрінде өтіп, оған 10 студент қатысты. Тәрбие сағаты барысында студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысып отырды. Олар әлемде болып жатқан зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады. Көптеген елдегі қоғамдық және заңдық әділетсіздік жайында ойларын бөлісе отырып, әділ сот ұйымдастырылуы қажеттігі туралы идеяларын ортаға салды. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі жемқорлық екенін жоғарыда аталған заттарға қалай әсер ететіндігі айтылды. Практикалық тапсырма ретінде қатысушылар екі топқа бөлініп, қазіргі еліміздегі ең өзекті тақырыпқа қатысты пікірталас жүргізді. Студенттер еліміздегі маңызды заң мәселелерімен танысып, заң бұзушылықтармен күресу үшін қолданылып жатқан іс-шараларды талқылап, талдады.

Қорыта айтқанда, әлемдегі түрлі өзгерістер мен қақтығыстарды ескере отырып, өз еліміздегі, қоғамымыздағы адамдар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, болашақта заңның толық күші болатын әділетті елге айналамыз деген оптимизммен сабақ өз мақсатына жетті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *