Бағдарламалық қамтамасыз ету. Виртуалды машиналар

  1. Мақсаты, міндеттер: білім алушыларда әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсерінен қорғау әдістерін қолдану.

3.Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін күтілетін нәтижелердің және кәсіби біліктердің тізбесі.

Грамматикалық материал.       

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ)-компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмнкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы. Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады.Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жазылым.  Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск).

Виртуалды машинаға виртуализация үшін қолданылатын негізгі компьютерге сай келетін кез келген жүйені орнатуға болады. Бұл – жаңа программаларды орнату, файлдарды сақтау мүмкіндігі бар виртуалды қатқыл дискісі, барлық программалары бар толыққанды операциялық жүйе.

Ол арқылы мессенджерлерде сөйлесуге, әлеуметтік желілерде отыруға, кино көруге, музыканы тыңдауға, мәтіндік құжаттармен жұмыс істеуге, электронды хаттарды жіберуге болады.

Кез келген компьютер қолданушысына виртуалды машина қажет емес, бірақ озық қолданушылар оны жиі пайдаланады. Виртуалды машина төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қолданылады:

• Екінші/басқа операциялық жүйе орнату;
• Программалық жасақтаманы тестілеу;
• Күдікті программаларды қауіпсіз іске қосу;
• Компьютерлік желінің эмуляциясы (бәсекелестік);
• Негізгі компьютер операциялық жүйесінен іске қосуға болмайтын қосымшаларды іске қосу.

 

 Оқылым.

Үдерістік виртуалды машина жеке үдерісті қолдау мақсатына бағытталып, оны орындауға арналған. Үдерістік виртуалды машина іске қосылған кезде құрылып, жұмысы аяқталғаннан кейін өшіріледі.

Жүйелік виртуалды машина – толық қызметті, тұрақты әрекет ететін жүйелік орта, ол операциялық жүйені ауқымды қолданушылық үдерістер санымен қолдау үшін қызмет етеді.

Жүйелік виртуалды машина «қонақ» операциялық жүйесіне виртуалды аппараттық құралдарға, оның ішінде процессор мен жадыға, енгізу / шығару құрылғыларына, графикалық интерфейске қолжетімдікті қамтамасыз етеді.

 

Talshyn

Мен Талшын жаңадан жұмысқа кірдім.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *