Бағалау түрлері

Шаханова Бакытгул Тулегеновна

Бағалау түрлері

Қазіргі кездегі бағалау түрлері сан алуан. Өйткені қазіргі кездегі сабақ барысында бағалау оқушының білімін бағалап қана қоймай, оның нені меңгергені және қаншалықты меңгергені маңыздырақ екені ескеріледі. Сабақ барысында оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін түзеу арқылы үйренеді, бір-біріне үйрету арқылы есте сақтайды. Мұғалім осыған жағдай туғызады. Оқушылардың алдына белгілі бір межені белгілеп, ортаға тастайды. Белгіленген критерийлер арқылы оқушының білімін бағалау біраздан бері дәстүрге айналып кеткені баршаға мәлім. Мұғалім басты рөлдегі жол көрсетуші, көшбасшы ретінде қалыптасып келеді. Бағалауды ақылдылықпен жүйе бойынша жүргізуді «Мұғалімнің шеберлігіне» жатқызуға болады. Өйткені ол да үлкен ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі бағалау», «бір-біріне баға беру» терминдері қалыптасты. Бұл бағалау түрлерін мұғалімдер өз сабақтарында қолданып жүр. Сабақта оқушылардың бір-біріне кері байланыс беріп отырулары өте маңызды болып саналады. Бір-біріне сын, пікір айтып отыру арқылы үйренеді. Балалардың бір-бірінен сын естуі қалыпты жағдайға айналып, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйренеді. Ортада толық, өз ойын ашық айта алатын тұлға қалыптасады. Міне, қазіргі бағалау осыған жетелейді және бұл жүйені мықтап тұрып қолға алу мұғалімдердің құзырында.                                                                                                                      Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік немесе күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер 2001).                                                                     Осыған сүйене отырып қазіргі таңда сабақта бағалауды жүйелі түрде жүргізуге болады. Өйткені сабақты жаңа форматта өткізу бойынша бағалау да жаңаша қарқын ала бастады деуге болады. Баланың білімінің өсуі, ынтасының артуы, қабілетінің көрініс табуы бағалауға тікелей байланысты болмақ.                                                                                                                                  Бағалау — одан арғы  оқу туралы шешім қабылдау  мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет). Бір  сөзбен  айтар  болсақ,  оқушының білімінің  көрінісін, нәтижесін осы баға қою арқылы жүзеге асырамыз.  Сол бағалаудың қаншалықты дұрыс, әрі әділетті қойылатындығы басқаша әңгіме. Қазіргі таңда бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін қолдану ұсынылып отыр.                                                                                           Оқытуды, оқытуда  қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүммкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы  немесе  оқу үшін бағалау (ОүБ) деп аталады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын  тіркеу үшін  оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау  жиынтық болып табылады  және  кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық  бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне  немесе болашағына  ықпал  ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің  сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни  бұл  ақпараттың  мазмұны мен оның  қандай жағдайларда  жиналғанын қатаң қадағалау қажет (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет).  Күнделікті сабақта бағалауды оқу үшін бағалау  дейтін болсақ, тоқсандық, жылдық, сертификаттау үшін бағалауды  оқуды бағалау деп айтамыз. Яғни бұл бағалау мектептің  мәртебесі мен болашағына әсер ететіні айқын.   Сабақта қалыптастырушы баға ретінде смайликтер, күн шуағы, бас бармақ, қолмен басты сипалау мадақтау, қошемет көрсету, критериалды бағалау, дескрипторлармен бағалау, өзін өзі бағалау, топ басшысының бағалауы  түрлері қолданылады.

«Күн шуағы» әдісі арқылы мына түрде бағалауға болады. Күн шуағын жасап, әр шуағына оқушылардың есімдері жазылады, соған қарай стикерлер жапсырылады. Coнымен қaтap caбaқ бapыcындa фopмaтивті түpде де бaғa беріп oтыpу тиімді, өз нәтижесін де береді. Өйткені, фopмaтивті бaғaлaу oқушыны ынтaлaндыpa oтыpып, тaпcыpмaны белcенділікпен және қызығушылықпен  opындaуынa  ықпaл етеді.

Сабақта топ басшысының қадағалауымен өздерін өздері бағалауды қолдануға болады, өздерін өздері бағалау арқылы әр оқушы жауапкершілікті сезінді. Критерийлер бойынша нақты және әділ баға қойып отыруларын сұраймын.

Бағалау парақшасы

Сыныбы:  _____                                                                                                                                                                                       Оқушының аты-жөні:__________________________

Пәні:________________________________________

Толық орындадым — 2;                                                                                                                                                                                        толық орындай алмадым — 1;                                                                                                                                            мүлдем орындай алмадым — 0.

 

8-7 ұпай– «5»                                                                                                                                                                        5-6 ұпай–«4»                                                                                                                                                                                                         2-4 ұпай– «3»

 

Бағалау сабақта маңызды орын алады. Сонымен қатар жаңа әдіс бойынша оқыту барысында оқушының өздеріне өздері баға берулері де өте маңызды болып саналады. Оқушылар бірін-бірі бағалай алады және өздеріне критерийлер қоя отырып, топ басшысының қадағалауымен бағалайды.           Қызыл — қатесі бар — 3 ұпай,  сары- толық емес жауап — 4 ұпай, жасыл — толық жауап — 5 ұпай.

 

Бұл бағалау түрлерінің барлығы да сабақта қолдануға тиімді болады деп ойлаймын.                                                                                                      «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл  ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет).                                                                                                                                                                       Сабақта бағалауды әр түрлі етіп жүргізуге болады. Күнделікті сабақтарымда қалыптастырушы бағалаудың мадақтау, қошемет көрсету, қол шапалақтау, бағдаршам түрлерін қолданамын. Ең сәтті және қызықты қолдана алатын бағалауым критериалды бағалау. Критериалды бағалау оқушы өз біліміне қойылған критерийлер арқылы өзін өзі бағалап отырады, бұл процесті көшбасшы арқылы басқараруға болады. Әр түрлі оқушылар кездесіп жатады кейбір оқушылар өз жауаптарын асырып бағалауы мүмкін. Сол үшін көшбасшы арқылы басқарып отыруды жөн деп таптым. Келешекте осы бағалау түрлеріне айрықша назар аударып, сабақта түрлі бағалау түрлерін қолданғым келеді. Ұлттық ою-өрнектерді қолдану арқылы бағаласам немесе қазақтың керемет сөздерін пайдалану арқылы, «Сенгвич», «Смайликтердің» орнына қазақша атау қойып, «Қаттама» деп, асықтың  «Алшы», «Тәуке», «Бүк», «Шік» деген сияқты «Сенің асығың бүгін алшысынан түсті, жарайсың!» немесе «Сенің жауабың бүгін бүгінен түсті»,  деген сөздер арқылы ынталандырып отыру сияқты бағалау түрлерін қолдануды қолға алсам деген ойым бар.

Қолданылған әдебиеттер:                                                                                                            1.Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші (базалық) деңгей.                                                                       2.Жеке іс-тәжірибемнен.

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *