Баяндама

Жаңаша білім беру мұғалімнен жан-жақтылықты,алғырлық пен ізденімпаздылықты талап етеді. Білім берудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, шебер мұғалім дайындау қажет. Жаңа формация мұғалімі – оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға.Мұғалімнің озық ойлы болып,сабақ барысын тиісінше оңтайлы әдіс-тәсілдермен өткізуі білім қарқынын алға сүйреп отырады.Осы білім жүйесінде оқушының танымын,қабылдауын тексеретін тұсы оқушымен кері байланыс жасау.Кері байланыс-сабақ барысын қорытып,оқушының сабақты қалай түсінгендігін анықтапбереді.Мұғалім де сабақ барысындағы қателіктерін шолып,келесі сабағына кері байланыс нәтижесінде дайындала алады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі ба­рысында оқушылар берілген сөз­дердің ішінен сабақтағы жағ­дайын сипаттайтын қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенім­сіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау сияқты сөздерден үш сөзді таңдайды.
Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен … білемін, 2-ші баспалдағы Мен … түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен … жасай аламын.
Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.«Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе көбірек білгісі келетін дүниені жазады.
Кері байланысты ынталандырыңыз, өйткені бұл оқушы үшін өте маңызды. Тақырыпты тереңірек игеруге «бір — бірінен үйрену» әдісі ықпал етеді-кері байланыс тек сізден ғана емес, сыныптастарынан да келеді. Ол үшін сабақ барысында оқыту MS Teams, Zoom, Google classroom әлеуметтік желілерінде жабық топтарда талқылауға арналған тапсырмалар ұйымдастырыңыз. Жұмыс топтық, жұптық формаларында жүргізілу ұсынылады. Бұл оқушылардың пікір алмасуына арналған коммуникативтік алаң болады. Оқушылардың кері байланысын тиімді ұйымдастыру мақсатына нақты бағалау критерийлерін топ болып анықтау керектігі қатаң ескертілуі тиіс. Ол өз кезегінде оқушылардың, тақырыптан ауытқумауына, оң немесе теріс көзқарасты, топ, жұп ішіндегі жанжалдың алдын алуға мүмкіндік береді. Тапсырмаға қойылған критерийлер қаншалықты нақты, өлшеулі болса, соншалықты оқушылардың бір-біріне беретін кері-байланысы нақты және айқын болады. Кері байланыс беру барысында, ауызша, жазбаша, графикалық, аудио, видео құралдары пайдаланылады. Бірақ бұл оқушы үшін қаншалықты пайдалы және сындарлы? Кері байланыс сындарлы болып есептеледі егер оқушы төмендегі сұрақтарға жауап алса:
— Мен оқытудың қай кезеңіндемін?
— Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
— Кемшіліктерді жою үшін, не істеу керек?
Кері байланыстың тиімділігі – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды; оқушының қажеттілігін біле аламыз; оқушының өзіндік көз­қарасы қалыптасады; білім беру барысының сапасын жақ­сартуға болады және оқу­шы­ның сыни көзқарасы қалыптасады, өз-өзіне баға бере алады.Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады.

Имашева Дильназ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *