«Бауырсақпен танысу» ортаңғы топқа арналған спорттық ойын-сауық

«Бауырсақпен танысу» ортаңғы топқа арналған
спорттық ойын-сауық.

Мақсаты: денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың толыққанды денесін және психикасын дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
– балалардың өмірін қорғауға және денсаулықты нығайтуға жағдай жасау;
– жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту және үйлестіру;
– денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;
– дербестікке, дене жаттығуларын орындауға ынтасын тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: ертегі кейіпкерлерінің костюмдері (әже,қоян, қасқыр, аю, түлкі, бауырсақ) ертегі үй.

Нұсқаушы: Сәлеметсіңдер ме , балалар! Сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Бүгін біз орыс халық ертегісі «Бауырсақпен» танысамыз. Әже ертегі үйге кіріп дауыстап айтады:
Қаптың түбін қағып,
Төгілгенін сыпырып,
Екі уыстай ұн жинап,
Оған қаймақ қосып, қамыр илеп,
Содан соң оны майға қуырып,
Сап-сары дәмді бауырсақ пісірдім.
Автор: Әже піскен бауырсақты терезенің алдына суытып қояды. Содан біраз уақыт өтеді, жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, орманға қарай қыдыра жөнеледі.
Нұсқаушы: Кәнекей, балалар, біз де бауырсақпен бірге орманға барайық.
1. Бір саппен жүру
2. Тізені биік көтеріп жүру
3. Аяқтың ұшымен жүру
4. Өкшемен жүру
5. Кос аяқтап секіріп ілгері қарай қозғалу
6. Бірінің артынан бірі жүгіру
Бауырсақ: Сендерді қуалап шаршадым, барып демалайын (өлеңін айта бастайды)
Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан.
Мен сап-сары бауырсақпын ля-ля-ля.
Бауырсақтың алдынан қоян шығады.
Қоян: Сәлем, бауырсақ! Сен сондай дәмдісің, қайда асығып барасың?
Бауырсақ: Орманға бой жазып келуге бара жатырмын.
Қоян: Ал мен бәліш пісірмекшімін. Балалар, сендер маған көмектесесіңдерме? Мына алмаларды себетке жинап беріңдерші.
Қимылды ойын «Кім тез жинайды?» (баларлар кішкентай доптарды себетке жинайды).
Қоян: Ой, балалар, қасқыр келе жатыр!
Қимылды ойын «Өз орнынды тап!» (балалар тез өз отырған орнына отырады).
Қасқыр: Ал, жарайсындар, балалар, жылдам жүгіреді екенсіңдер, ешкімді де ұстай алмадым. Әне, қоян да қашып кетті. (басын төмен түсіріп, қоянның артынан кетіп қалады).
Бауырсақ: Мен бауырсақ, бауырсақ,
Қаптың түбін қағып ап,
Апам екі уыс ұн жинап,
Ыстық майға қуырып,
Терезеге қойып суытқан,
Мен сап-сары бауырсақпын ля-ля-ля.
Алдынан аю шығады.
Аю: Томпаң–томпаң жүретін,
Балды жақсы көретін,
Ойынды жақсы көретін
Мен қорбаңбай аюмын.
Нұсқаушы: Балалар да ойынды ұнатады және сен сияқты тоғайға өрмелеуді біледі. Кәнекей, балалар, өнерімізді көрсетейік!
(Балалар гимнастикалық орындық үстімен тізе мен алақанға күш түсіріп еңбектеп жүреді). Балалардың спорттық өнеріне риза болып аю кетеді.
Түлкі:
Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жерім шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегенім ду ғой.
Нұсқаушы: балалар, бауырсақ түлкіден қорқып қалмасын десек, кәнекей, доптарды қолымызға алып түлкінің макетіне көздеп түсірейік.
Қимылды ойын «Тік нысанаға лақтыру» (балалар допты түлкінің макетіне дәлдеп лақтырады).
Нұсқаушы: Алақай, балалар, түлкіні қуып жібердік! Орманда қыдырдық, аңдарды да кездестірдік. Балабақшаға да қайтатын уақыт жетті (балалар сап түзеп, көңілді музыка әуенімен қайтады).
Бауырсақ: Ал, маған атам мен әжеме қайту керек. Сау болыңдар!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *