Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай іс-шара туралы ақпарат

А.С.Пушкин атындағы орта мектепте Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес 30.11 күні АӘД пәнінің мұғалімі Кабланов Ернар 11 сынып оқушыларымен «Бауыржан Момышұлы. Отанға қызмет үлгісі» ерлік сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу болды. Сабақ барысында Б.Момышұлы өмірбаяны, еңбек жолы туралы қызықты ақпарат айтылып, Б.Момышұлының шығармашылық мұраларына тоқталып өтілді. «Ұшкан ұя», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындылары туралы айтылды. Ерлік сабақ соңында Бауыржан Момышұлы жайлы деректі фильм көрсетілді. Сабақ барысында оқушылар Бауыржан атамыз жайлы мол ақпарат алды деп ойлаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *