“БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ” ПӘНІ — БОЛАШАҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАСЫ

“БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ” ПӘНІ — БОЛАШАҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАСЫ

Нарықтық экономиканы бетке алған қазіргі қоғамның қоятын талаптары өте жоғары. Әлем күн сайын өзгеруде. Осыған сәйкес жаңару міндеті барлық мемлекеттің алдында тұр.
Экономиканың барлық саласында жұмыс өнімді болуы үшін оны атқарушы қызметкерлер талапты болуы керек. Жұмыстағы ахуал, психологиялық атмосфера ұжым мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне, дамуына және мотивациясына әсер ететіні ақиқат. Кез келген ұжымдық еңбекте әрбір индивидтің атқаратын рөлі мен функциясы болады. Соның ішінде басшының атқаратын қызметі орасан зор. Өйткені ұжымдағы лидер — ұжым жұмысының алға жылжуына негіз болады. Арнайы білім алған, сауатты, парасатты, жанашыр лидер әріптестерінің өзегі бола отырып, ұйымның алда болуына ықпалдасады. Сондықтан басқару негіздерін психологиясын меңгеру қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетікөп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Осындай алдыңғы қатарлы оқу орнында – басқару психологиясы пәні оқытылады. Осы басқару психологиясы пәніненқазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранттары Жұбаназарова Назираш Сулейменовнаның жетекшілігімен “Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану” тақырыбында ашық семинар сабағын өттік. Сабақ барысында лидер мен басшының аражігін ажыратып, лидерлік қасиеттер мен дағдыларға тоқталдық.
Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді. Лидер -жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Лидер интеллегентілік, инициатива, өзіне деген сенімділік, шешім шығара алу, көрегендік, мотивациялық қабілеттерге ие болуы қажет.
Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – ұйымның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерлік дегенімізәрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, ұйымдық процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу.
Лидердің маңызды бес белгісі мен сапасы мыналар:
Біріншіден, биологиялық дәрежесі – денсаулық-жағдайы, темпераменті тұрақтылығы. Екіншіден, психологиялық дәрежесі – мінезі, эмоциясы, қабілеттері, интелектісі, стресске төзімді болуы, үшіншіден,әлеуметтік-психологиялық дәрежесі – ұстанымдары, көзқарасы, қарым-қатынасы тұрақты болуы шарт. Жалпы кез келген ұжымдық ортада қызмет ететін адамға лидерлік қабілеттерді бойын сіңіруге тырысуы керек. Осы орайда басқару психологиясы пәнінің пайдасы мол.
Басқару психологиясы пәнінен басшының ұжым алдындағы менеджменттік функцияларын, оның маңызын, өзектілігін терең зерттеудеміз. Әріптестердің өзара ішкі байланысы, психологиясы, жұмыс этикасы, жұмыс өнімділігінің жоғары деңгейдегі көрсеткіш көрсетуі тікелей басшының қоғамдастық әрекеттерімен байланысты. Сол себепті біз әр сабағымызда еркін формада осы мәселелерді талқылап, ғылыми негіздерге сүйене отырып қарастырамыз. Ол арнайы мақсатпен, ғылыми әдіс-тәселдермен, түрлі заманауи парадигмаларға сүйене отырып, түрлі ғылымдар интеграциясында, пәнаралық байланыста қарастырылады. Еліміздің келешек тұтқасын ұстар қазіргі жастарымыз қай салада болмасын көшбасшы, бәсекеге қабілетті болуы, өзгермелі қоғамды кез келген жаңалықты жатсынбай қабылдай алатындай болуы үшін бұл пәннің маңызы жоғары.

Жубаназарова Н.С.
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Адилова Э.Т.
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының
аға оқытушысы, PHD доктор
Муратбаев А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *