Басқару психологиясынан алған іскерліктерім

Орынбасар Бекзат

1-курс магистрант

Оқытушы: Болтаева Алия

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Басқару психологиясынан алған іскерліктерім

Алғаш рет жетекшілікке тағайындаған кезде қуаныш сезімі мен қорқыныш араласып бүртүрлі ерекше күйде болдым. Мұндай өмірлік кезеңмен қатарлас жүрген Қазақ Ұлттық Университетіндегі магистратурада өтілетін сабақ «Басқару психологиясы» болды. Дәріскер Болтаева Алия өзінің сабағын жоғары деңгейде өтетін. Сабақты жүйелі әрі түсінікті қарапайым тілде жеткізетін, тақырып миымызда бекітіліп қалуы үшін түрлі мысалдар келтіретін. Көп уақытымды жұмысқа арнасам да, жұмыс орнынан кетіп «Басқару психологиясы» сабағына келетінмін.  Әрбір сабақтан инсайттар мен пайдалы ақпараттар алуға болатын еді.

Жетекшілікке тағайындалғанда ең негізгі мәселе жұмысшылардың кері әсерде қабылдауы болды. Өйткені көп бөлігі менен әлде қайда шебер әрі тәжірибесі мол жұмысшылар болатын. Көпшілігінде «Енді ғана келіп, бізді басқармақшы ма?» деген ойлар болатын. Маған қарсы шығып өздерінің мықты екендерін, мені бұл орынға лайық еместігін көрсеткісі келетін. Мұндай ауыр мәселені шешуге кеңес берген Алия Болтаеваның сабағы өте пайдалы болды.

Бұл сабақта әр түрлі басқару стильдерімен танысып, әр стильге жеке тоқтап оларды талдап, өз қол астымдағы адамдарға қандай стильді қолдану керектігін түсіндім. Әр түрлі адамдардың психотиптеріне сүйене отырып, олардың жас ерекшеліктерін ескеріп олармен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндім. Нағыз басшының қандай болу керектігі, басшының өзін қалай ұстау қажеттігі, барлығы идеал басшы болуға қажетті ақпараттар, кеңестер қамтылған. Осындай 15 апталық сабақта үлкен ақпараттарды жәй ғана біліп қана қоймай оларды бірден өз жұмысыма енгізіп тәжірибе жасап көретінмін. Әрбір сондай тәжірибелер оң нәтиже көрсететін. Осылайша өзімді сабақ арқылы дамытып идеал басшы болуға тырысатынмын. Алия Болтаева өзіндік ізденуге түрлі заманауи оқулықтар мен ақпарат көздерін ұсынатын. Кейде кейбір идеяларды одан әрі мықты түсіну үшін сол кітаптардан іздеп өзіңді қанағаттандыруға болады.

15 апталық сабақта өзіме әсер қалдырған тақырып «Ынталандыру мен жаза». Адамдарды ынталандыру оларды ортақ мақсатқа жетелеу, бағыттай алу бұл үлкен өнер. Көпшіліктің қолынан адамдарды ынталандыру келмейді. Адамдардың жүрегінде от жандыра алу үшін ең алдымен басшының өзі жанып тұру қажет. Егер басшы өзінің қайда, қандай мақсатта бара жатқанын білмесе өзіңнің артынан адамдарды мүлде ерте алмайды. Ынталандырудың түрлері де болады. Кейбір адамдар мойындағанды, мақтағанда ынталанса, кейбіріне көп жағдайда ақшалай ынталандыру болады.  Және де әрқашан ынталандыру тәсілі де іске аспайтынын ескеру қажет. Кейбір жағдайда жазаны да қолданған дұрыс. Жаза дұрыс әрі әділетті барлығына ортақ болуы қажет, яғни бірнеше жұмысшы қателессе барлығына бір типті жазалауды қолдану қажет. Ең бастысы тым асыра кетпеген дұрыс. Мақсатқа жетудегі бұл екі тәсілді біріктіре қолданып баланс табу қажет. Сонда ғана жақсы нәтиже шығады.

Қорытындылай келе жазатын болсам өзімнің тұлға болып қалыптасудағы жолыма бағыт бағдар берген Басқару психология сабағы пайдалы әрі тиімді болды. Әрбір тақырыптың мән мағынасын жеткізе алған Алия Болтаеваға рахметімді білдіргім келеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *