Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының қабілетін арттыру

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлкен серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет. Бұл ЮНЕСКО қалыптастырған «білім берудің төрт тағаны».

Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз- жаңа тұрпатты мұғалім қажет.

Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деген К.Д.Ушинский.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *