Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орыны қандай?

«Бала-бауыр етім» дейді, дана халқымыз. Олай болса, бала өмірге шыр етіп келісімен ең бірінші анасы мен әкесін таниды деп жатамыз. Бұл да бекер емес. Осы өмірдегі ең қымбат жандармен қауышып, оларға қуаныш сыйлап, өзі содан рахат алған сәт, бала өміріндегі ештеңемен айырбасталмайтын сәт. Бұл сәтті мен -баланың бақытты балалық сәті деп атаймын. Олай болса баланың тәрбиесі бала туған сәттен бастап емес, бала анасының құрсағында жатып бастау алады.
Әкенің қанымен, аяулы ананың ақ сүтімен ана құрсағына енген сәттен бастап, ата-анасы баласына тәрбие бере бастайды.Тәрбиені анасының құрсағында жатқанда қалай береді деген сауал туындауы мүмкін және бұл орынды да. Бұл дегеніміз бала анасының ішінде жатып-ақ анасының іс-әрекетін, көңіл-күйін сезеді. Егер , отбасы толыққанды болса, анасы жүктілік кезінде салауатты өмір салтын сақтаса, үйде ұрыс-керіс,жанжалдасу деген жайттар орын алмаса-осының бәрі анасының денсаулығына және іштегі баласының денсаудығының дұрыс болуына кепіл болмақ және болашақ бала тәрбиесінің алғашқы сатысы болып саналады.
«Ұядан не көрсең-ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала өмірге келген сәттен бастап ең бірінші ата-анасының тәрбиесін алады. Ата-ана тәрбиесін ешқандай балабақша, ешқандай мектеп бере алмайды. Олардың (балабақша мен мектеп) тәлімі үлкен бір теңізге жаңбырдың тамшысындай болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласына тәрбие беруден ешқашан шаршамауы қажет. Балам балабақшаға барады немесе мектепке барады, ұстаздары мен апайлары тәрбиелейді, ал менің жұмыстан күніге қолым тимейді деген жансақ пікір. Ата-ана балабақша мен мектепте өткізілетін іс-шаралар мен жиналыстарға үнемі қатынасып отыруы абзал.
Балабақша мен мектеп сіз берген тәлім-тәрбиені бере алмайды. Бұлай деп айту олардың тарапынан (балабақша мен мектеп) ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ деген сөз емес. Балабақша балаға ең алғашқы қарапайым ұғымдарды үйретсе,мектеп сол ұғымдарды кеңінен кеңейтіп, алғашқы әріпті,жазуды,тәлім мен тәрбиені бала санасына құяды. Ал ата-ана сол балабақша мен мектеп берген тәрбиеден тыс отбасылық құндылықтарды баланың бойына сіңіріп, адам болып қалыптасуында аянбай еңбек етуі керек. Демек,бұдан шығатын қорытынды, бала тәрбиесінің орыны ата-ана үшін ең жоғарғы бірінші орында тұруы керек. Ата-ана балабақша мен мектеппен бірлесе отырып жұмыс жасау,баланың тұлға болып қалыптасуына бірден –бір жол болып табылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *