Балағат сөз – былапыт Өмір

Мерхат РАФИХҰЛЫ

Мұндай әдептен тыс жағымсыз сөздің жат көрінетіндігі соншалықты, оны адамның үлкендәретінің атымен атайды. Мұндай сөз орамдарындәстүрлі ортада «шару сөз», «боғауыз сөз», «әбессөз» деп те атайды. Біреуге боғауыз сөз немесебалағаттау ащы, зәрлі, тұрпайы сөздермен қатар, ұятты іске және адам денесінің ұятты жерлерінеқатысты сөздермен де жеткізіледі. Халық балағатсөзді зиянды әсері бар деп есептейді. Дәстүрліортада орныққан әлеуметтік қатынастардыңқағидаларына сәйкес балағат сөздің да өзіндік«тәртібі» қалыптасқан. Яғни балағат сөзбағытталған адамның жас және жыныстықерекшелігі ескеріледі. Мысалы, балағат сөзбағытталған адамның әкесі балағаттаушы адамныңәкесінен кіші болуы керек деген сияқты. Осы «тәртіп» сақталмай қалған жағдайда «дұрыс» балағат сөз айтпаған адам ат-тон айып жығылатынболған. Сондай-ақ, жақын аталас ағайынды әкеденде, шешеден де «бірақ тартып» балағат сөз айтуғаболмайды. Тек алыс ағайындарға және туысқандықжағынан одан да тыс басқаларға қарата балағат сөзайтуға болады. Ескерер нәрсе — жоғарыдаайтылған туыс адамдарды шешеден боқтайтынболса алыс ағайыннан келетін жеңгесін боқтағаныдеп есептелінеді. Яғни қазақ дәстүрі бойыншаосындайда айтылатын балағат сөздің әбестігі жоқдеген соз. Дегенмен, барлық жағдайда да айтылғанүлкен-кішілік қағидасы сақталуы қажет

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үлкенкүнәлардың ішінде ең ауырыкісінің өз ата-анасына лағынет айтуы», – деді. Сонда одан біркісі: «Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, уа, Расулалла?», – деп сұрайды. Ол (с.ғ.с.): «Кісібіреуді әкесінен сыбайды. Ол да оны (өз кезегіндежауап ретінде) әке-шешесінен сыбайды. (Осылайша біреу арқылы өз ата-анасын боқтағанболып отыр)», – деп жауап берді». Бұхаридыңхадистер жинағында келген осы хадисті оқығаннанкейін, оның қазіргі заманда жаппай орын алыпотырған жағымсыз жағдайды дөп басқандығынақайран қалдым. Иә, біреуді ата-анасынан боқтапсөйлеуден бүгінде жер бетіндегі ешбір халық«аман» қалып отырмаса керек. Соның ішінде, қазекең де бұл жағынан ешкімге дес берер емес. Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі «шешеден», батысөңірлердегі «анадан», солтүстік аумақтардағы«әкеден» сыбап сөйлеуқанымызға сіңіп, бойымызға тарап кеткені сондай, онсыз сөз сөзболмайтындай, оны қоспаса, әңгіменің «көркі» жоғалатындай болғаны шындық-ақ, өкінішкеорай
Өкінішке орай, жоғарыда айтқан «әкеден», «шешеден» сыбап сөйлеудің ел ішіне кең тарап, олжаппай қоғамдық әдетке айналып, ондағы ұятсызсөздерге бой үйреткеніміз сонша, үлкеніміз де, кішіміз де ұялмайтын болып алдық. Себебі, қарапотырсаңыз, сол «шешесінен», «анасынан» боқтаудыбүгінде әкелер баланың көзінше, аналар қызыныңкөзінше, аталар келінінің алдында, әжелернемерелерінің алдында оп-оңай айта беретінболды. Ол сөздер қазақтың ауызекі әңгімесініңарасында жүретін қыстырма, одағай сөздердіңкейпіне еніп алды.

Бұл ненің белгісі сонда? Біздіңше, қоғамныңбіртіндеп рухани жадап-жүдеп, азғынданып бара жатқанының көрінісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзініңтағы бір хадисінде: «Қиямет күні кісінің таразығаауыр басатын нәрсесікөркем әдебі. Сөзсіз, Алла тағала боғауыз, былапыт сөз айтушы кісіге ашуыкеледі», – дейді.
Осы өсиетке сүйенер болса, бүгінде қаншамаадамға Алла тағаланың ашулы екендігін шамалайберуге болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *