Балалық шақтың естеліктері

Балалық шақтың естеліктері
Сөз басында айтқым келетіні мен бұл әңгімені қызығушылықтан туындағасын жазып отырмын. Әңгіме менің ауылым өскен жерім, балалық шағым жайлы болмақ. « Ай мен Айшада» айтылатындай біз барлығымыз балалықтың елінен келгенбіз. Ешкім анадан өсіп, бірден сақал-мұртымен, данышпан болып туылмайды. Мен бойжеткен шағымда балалығымды сағынып сол кезді қағаз бетіне түсіріп қалдыруды жөн көрдім.
Менің қайта оралмас балалық шағымның бәрі ауылда, Темірланда өтті. Біз мұнда мен шаранадан енді шыққан сәтте үш айлығымда жаздың қайнап тұрған ыстығында шілденің дәл ортасында көшіп келгенбіз. Ол кезде атам, апам, анам мен әкем, әкемнің бауырлары бәріміз бес бөлмелі жер үйде тұрғанбыз, сол үйде мен әлі тұрып келемін. Олай айтуымның себебі анам мен әкем көп ұзамай бауырым дүниеге келгесін біздің көшенің арғы жағындағы үйге көшіп кетті. Мен үйдің үлкен қызы, алғашқы немере болып атам мен апамның қасында қалдым. Айтпақшы мен әжемді апа деймін, ол жаңағы бауыр басып анамдай көргесін, ағаларыма қызығып айтқаным. Мен ес білгелі осы үйде тұрып келеміз. Мен бұл үйді атамның үйі деймін. Бұл үй ауылымыздағы Пмк деп аталатын ауданда 1-көшеде орналасқан. Үйіміздің жанында алаң, одан әрімен балабақша бар. Менің балалығымның барша куәсі болған бұл көще маған әрдайым ыстық. Көшенің әр бұрышында менің естеліктерім жатыр. Таңнан кешке дейін тек ойнап жүретін баладан өскесін төрт қабырғада ноутбугын құшақтап бірдемлер жазып отыратын, кітапты оқығанды ұнататын , онлайн өмірге бейімделген қызға айналарымды кім білген ? Жә жарайды көп созып кеттім, оданда әңгімеге көшейік.
Бұл оқиға менің 5-6 жас кезімде болған. Қателеспесем мен ол кезде енді даярлық топты аяқтап, жазғы демалыста жүрген кезім .Шілденің ыстығында да түс демей үш, төрт , демей көшеден шықпай ойнап жүре беруші едім содан болар Қара қыз атаныпта кеткенім.Әдеттегідей басқа балалар сияқты түсте ұйықтап демалудың орнына мен көшеде ойнауды жөн көретінмін, ұйқы десе ат тонымда алып қаша жөнелетінмін.Содан жаздың ыстық бір күнінде көшеге шықсам ойнайтын бала жоқ, тым-тырыс шақшиған күннен өзге ештеңе де жоқ. Ана досыма бір барып үйіне айқайлап шақырамын, мына досыма бір барамын, бәрінің мамасы ұйықтап жатыр деп терезеден айқайлап қайтарып жібереді. Содан не істерімді білмей біздің көшенің аяғында тұратын Жолдас атамның үйіне барамын. Жолдас ата менің атам Құрбанбайдың інісі. Біз барлығымыз бір жылдары көшіп келгенбіз. Жолдас атамның Кәмшат деген қызы болатын, менің әпкем өзі ол кезде 9-сынып оқитын болу керек. Олардың үйіне барсам әпкем даладағы асханасында ыдыс жуып, түскі шайдан соң абыр-сабырмен жүр екен. Мен әпкеме барып асханасында босаға да жағалай тұрып екеуміз әңгіме айттық. Ол маған түрлі сұрақтар қойып ыдыс жуып тұрды. Мені әпкем Бәжөн дейтін. Үлкендердің бәрі мені солай еркелетіп атайтын. Содан әпкем ыдыс жуып болып, біз ойнауға көштік. Мен әпкеме Кәмшат әпше, Кәмшат әпше ойнайықшы деп қоймадым. Содан біз тығылмашақ ойнайтын болып шештік. Тығылмашақ қандай қызық ойын еді. Қазіргі балдардың ойнайтын фри фаер, майнкрафтарынан миллион есе қызық еді ғой шіркін. Осылай әңгімені басқа арнаға бұрып кете беретінім. Содан біз ойнап жүргенде маған ойын қызықсыз болып, әпкеммен ойнаған ұнамай бастады. Мен әпкеме сол кезде сіз тығылыңыз деп айттым, мен іздеймін дедім. Содан әпкем даладағы асханаға тығылды. Мен басында әпкемді іздеп ауланы ары айналдым бері айналдым, соңында әйтеуір ойын ұнамағаннан ба, балалығымнан ба , әпкемді асханадан іздеп тапқан соң сыртындағы ілмек құлыппеен құлыптап, үндемей үйге тая жөнелдім.
Не үшін олай жасағанымды әлі күнге дейін білмеймін? Одан соң бір-екі күн өткесін дым болмағандай қайта үйлеріне бардым, басында әрине әпкем ұрысты. Бір жағы күліп, бір жағы ұрсып неге қамап кетесің деген мені?! Мен өзімде оны не мақсатпен жасағанымы әлі күнге дейін білмеймін. Бірақ бір білетінім бұның бәрі көшеден шықпайтын қара қыз Бәжөннің балалық шағындағы естеліктер. Мен осындай бұзық, сотқар бала болдым. Айта берсем мұндай естеліктер көп менде. Әзірге осы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *