Балалармен ойын ойнау арқылы, тілін дамытайық.

Мухаметкалиева Аселай Артыкбаевна
Петропавл қаласы.

Балабақшадағы тәрбиелеу — оқыту жұмысында балалардың тілін ,сөздік қорларын дамытуда ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану,әрі оны іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.
Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі -тіл дамытудың негізгі бір міндеттері.
Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр -түсін және пішінін ажырата білуге,өмірдегі,қоршаған ортадағы  түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиеші мен мамандардың  негізгі міндеттері:
-Балалардың сөздік қорларын,байланыстыра сөйлеуін дамыту.
-Жаңа сөздерді меңгерту.
-Үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап әрі байыту.
Осы аталған міндеттерді. тәрбиеші  үнемі басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше.
Соның ішінде ойын-баланың шын тірлігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен озіне қызықтысына ықыласы ауып, тандап алады.
Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі,себебі,бала табиғатының өзі  тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде,бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды.Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау,сурет қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат ,ойын -сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың   қанына ойын азық» деп бекер айтпаған . Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі   және   қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті — ойын, сондықтан да, оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.  Ойынды зерттеу мәселесімен тек  психологтармен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этногрофтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдарда шұғылданды.
Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Ойын-балалар  өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы  шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу, қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам  өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен  ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Баланың қуанышы мен   реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсеріі ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұнын бәрі баланың шығармашылық қабілетімен дарының ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөлінеді. Бала ойын арқылы өзінің күш -жігерін жаттықтырады,қоршаған ортамен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойынан бастап өрбейді.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі-ойынның пайда болуын зерттеушілердің  біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң  береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрлі құбылыстар мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттерін еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.
Балаларға ақыл-ой,адамгершілік, дене шынықтыру  және    эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну,қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше  мән беріледі,себебі ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы  өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе,күні ертен сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
«Бала-ойынмен өседі,дана-оймен өседі»
«Ойнай білмеген,ойлай да білмейді»
«Ойын-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибиені қалыптастыруға айналған іс-әрекет түрі.Ойынның да өзіне тән мотивтері болады.
Ойын-баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысу, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ойжүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәңді -мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтанда ойын — бала бойындағы қандай да болмасын  бір өнердің  бастауы деп білеміз. Болашақ ел қорғаушы батыр,жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы  шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шыңдай түседі.
Мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезенде ойын жетекші іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана дамуына  кең мүмкіндік береді. А.Н. Леонтьев былай деген: «Ойын баланың жетекші іс-әрекеті болуы үшін ойынды басқаруды  үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну керек, олай болмаған жағдайда ойынды басқару емес, ойынды бұзуға әкеп соғады» Ойын- адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы.
Балабақша балалары болашақ иесі боғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ойындар өмір қажеттілігінен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді.
Сонымен  қатар ойын барысында бала үлкендермен,өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды.Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.Ойынды заттармен,үстел үсті және сөздік ойын ретінде өткізуге болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы:»Ғажайып қапшық»,»Салыстыр да,атын ата»,»Бірдей ойыншықты тап»,»Қайсы көп,қайсы аз»т.б
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото,суреттер қолданылады. Мысалы:»Суретті құрастыр»,»Қай сурет тығылды?»,»Қиылған суреттер»,»4-ші артық»,»Есіңде сақта»т.б
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге,дұрыс жауап айтуға,сөз мағынасын түсінуге,орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы:»Сөз ойла»,»Сөз құра»,   «Жұмбақ ойла»,»Жақсы-жаман»т.б
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар,»Пішіндер көрмесі»,»Қиық жолдар»,»Суретті жалғастыр»т.б жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді.Бұл аталған жаттығу,тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып,таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру:
-өткізуге әзірлік.
-ойынды өткізу.
-ойынды талдау
сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құралдар,заттарды даярлау кезі-ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру кезі-ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау-бұл ойынның өз мақсатына жетуі,балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Тапқыр да алғыр,  шымыр да епті, қайратты да  қажырлы  балаөсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек  ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,ауызша сөйлеу машығын игереді,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп,  ақыл-ойы өсіп жетіледі,әрі адамгершілік қасиеттерін  бойына сіңіреді.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп, қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным -түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті үйренеді. Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы: «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады деген». Осыдан кейін ойын туралы мынандай нәтиже шығады:
Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді күшейтеді, тәрбиелейді.Ойын арқылы бала үлкендермен қарым-қатынасын жақсартуға,  досына, қоршаған ортасына деген көз қарасының жақсаруына септігін тигізеді.
Қорыта келгенде, балабақшада ойын түрлерін ұтымды пайдаланса,бала бойында ойынға деген ықыласы оянып,көңілі көтеріледі, дүние танымы артады.
Ойын-балалар үшін айналадағы танып,білу тәсілі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *