«Балалардың бөбекжайға бейімделуі»

«Балалардың бөбекжайға  бейімделуі»

«№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК

 әдіскері-Қобланова Алима Реджеповна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

 «Балалық шақ — адам өміріндегі ең маңызды шағы, болашаққа дайындығы емес, нағыз, жарқын, қайталанбас өмір.Осы шақта қолынан кім жетектегені, қоршаған ортадан жүрегі мен санасына не қонғанын — осы деңгейге қарап шешуге және бүгінгі сәби қандай адам болатыны байқалады»                                                                     В.А. Сухомлинский

Бейімделу – қоршаған орта жағдайына үйрену. Балалар үшін балабақшаға келу бастапқы кезеңде өте қиын .Бейімделу прцессін жеңілдету үшін, бұл кезеңде балаға ерекше көңіл бөлген маңызды. Бала отбасында қаншалықты балабақшаға дайындалған болса, соншалықты бйімделу кезеңінен тез және қолайлы өтеді.

— Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады?

Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

— Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?

Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

— Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба?

Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі — баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу — 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу — 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-ананың қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-ана балаға көмек беруі керек.Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медико — педагогикалық қызметі бақылауға алады.Көптеген балалар балабақшаға 2 жастан бастап бара бастайды. Кейбіреулері үшін үй жағдайынан басқа ортаға ауысу, таныс адамдармен, ойыншығымен қалысып келесі бір ортаға тез үйренісіп жатса, ал басқалары үшін үлкен күйзеліс. Мінез құлқындағы өзгеріс, денсаулығындағы кедергілермен көңіл күйінің болмауы одан әрі күйбеленшілікке, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады. Кез келген балаға алғашқы рет балабақшаға бару — үлкен күйзеліс. Бұған дайын баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында күйзеліске ұшырайды:

  • әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы;
  • әрқашан қолдайтын ата-ананың жанынан табылмауы;
  • мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы;
  • танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау;
  • өздеріне жат ыдыстан тамақтануы;
  • үйренбеген төсекке жатуы.

Балалар ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездеседі.Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі — үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделеді.Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақша тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет.Кейбір балабақшаларда психолог, аға тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады. Ал кейбір жерде қабырға газеттеріндегі ақпаратпен шектеледі, әрине ол жеткіліксіз.Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әртүрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.Ата-аналарда өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуін, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтармен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық. Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі.Топ тәрбиешісі біріншіден балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әртүрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, астар киеді, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, басқа балалардан жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.Белгілі болып отырғандай, біріншіден өз құбылыстарымен және үлкендерімен қарым қатынасқа еркін түсе алатын, өз бетімен және басқа балалармен ойнай алатын балалар тез бейімделеді. Баланың бірінші күннен балабақшаға келгенінен бастап, тәрбиеші ең бірінші балалар үшін психикалық және физикалық жағдайын жасауға, үйренген ортасынан (әрқайсысында әртүрлі) қоғамдық ортаға (балаларына бірдей) қалыптасу кезіндегі қиындықтарды жеңілдетуге тиіс. Бұл іс-әрекеттер алғашқы айда балардың жаңа ортаға бейімделуіндегі туғызатын мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Балабақшаға енді бара бастаған, ерте жастан және мектеп жасына дейінгі балаларға бір жағынан, әрқайсысына жеке, атымен атап: «Балжан, қолымызды жуайық», екіншіден баланың топта жүргенін есіне сала отырып, «балалар» т.с.с «Балалар енді барлығымыз дастарханға жайғасайық!» Балжан, сен мында отыр; Досжан, сен мында отыр» деп қарата айта отырып, олардың назрын аудару қажет. Балаларға үйреншікті емес іс әрекеттерді айтып түсіндіру керек. Бірнеше рет қайталай отырып: «Барлығымыз қазір киінеміз, өз сөремізге барамыз — бұл бізде Арсеннің сөресі, ал мынау – Асқардың сөресі, ал мынау сенікі. Ал сен Назым, жарайсың өз сөреңді тауып алдың».Егер балалар тәрбиешіні түсіне алатын болса — оларды үйде үйретпеген немесе олар жасап үйренбеген іс-әрекеттерге баулу жеңілдік туғызады. Әрине, біріншіден басты маңыздылықты әрқайсысына жекелей назар аудару керектігін есте сақтау қажет, кім неге қабілетті, кімде қандай қиындықтар (Гүлім өз қонжығынсыз ұйықтай алмайды). Бір мезгілде тәрбиеші балалардың бір біріне назар аударып, есімдерін есте сақтап қалуына және тәрбиешіге де солай айтқызуына жеткізу қажет.Көптеген балабақшаларға ата-аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа, одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады.Алғашқы кездерде тәрбиеші баланың ата анасынан балаға қол орамал, майлықтарын алып жүруді талап етуі керек. Қосымша ауыстыратын ішкі киімдерімен, керек жағдайда астарларында дайындаған жөн. Тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісіне балалардың алғашқы бейімделу кезеңіндегі әр түрлі жас ерекшеліктерімен, жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйықтау кезіндегі, тамақтану барысындағы, гигиеналық тазалыққа үйрету кезінде қиындықтарды есепке алу керек. Егер бала нашар тамақтанса, оны күшпен тамақтандыра алмайсын, тіпті өз тамағын толық жеуге күштеу, осы жаста оның ашуын жиелетеді. Егер ұйықтамаса, онда оған ойыншық беріп онымен отырып, тыныштандырып, ұйықтамауға рұқсат беріп бірақ көзін жұмып, тыныш жатуын қалыптастыру қажет. Балалардың кейбіреулерінің дәретке барып отыруын қадағалаған да жөн. Бұл жағдайларды оларға далада да естеріне түсіріп отырған дұрыс. Мұндай ескертулер бір ай бойы жалғасуы мүмкін және ұзақ мерзімде балабақшада болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты) қайтадан ескертуі мүмкін.Осындай мәселелердің болмауы тікелей ата-анамен тәрбиешілердің бірігіп, баланы жаңа ортаға дұрыс бағыттауының нәтижесінде болмақ, егер әрине баланың (психикалық,физикалық) дамуы тұрқты, қалыпты дамыған болса.Балабақша — баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі енді анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай. Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жанында ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс. Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн:

  • Баланың қарым-қатынас ортасын ұлғайту, баланы құрбылырымен және үлкендермен қатынас орнатуға дағдыландыру;
  • Баланы қарапайым өзін-өзі күту дағдыларына үйрету, өз бетімен стөлге отыру, тамақ ішу, қасықпен қолдану, киінуге, жуынуға белсенді қатысу т.с.с;
  • Өз бетімен жасаған әрекеттерін мадақтау;
  • Баланы балабақша күн тәртібіне біртіндеп үйрету. Алғашқы күндері баланы бірнеше сағатқа ғана қалдырып, түске дейін, серуен кезінде алып кетесіз. Бірте-бірте бұл уақыт аралығын ұлғайтып, түскі астан кейін, түскі ұйқыдан кейін, бесін астан кейін әкетуіңізге болады. Егер ешқандай шиеленістер болмаса, онда 1-2 аптадан соң қалыпты күн тәртібіне көшуге болады;
  • Ешқашан баланы балабақшамен немесе тәрбиешімен қорқытпау. Балабақшаның кейіпін жағымды етіп жасаған маңызды, оның қуанышты сәттеріне басым назар аударыңыз. Бірақ, баланы керемет рақат өмірге дәмелендірмеңіз, баламен адал, таза болыңыз;
  • Балаға ойыншықтарды талқылауға көмектесу: олармен қалай қолдануды, сюжеттік көріністі, ортақ әрекеттерді көрсету, баланы ортақ ойындарға қатыстыру;
  • Басқа адамға бет бұруға, ойыншықтармен бөлісуге, жылағанды аяуға т.б. үйрету;
  • Тәрбиешімен қарым-қатынаста болу. Баланың әлдеқандай дағдылары немесе кейбір азық-түліктерге аллергиясы жайлы ескертуді ұмытпаңыз. Баланың жетістіктеріне шынайы қызығушылық таңытыңыз;
  • Жағдаяттардың бірі – таңертең баланың ата-анасынан жылап қалуы. Сіз балаға, оны тек бірнеше сағатқа ғана қалдыратыңызды және солай болу керек екенін түсіндіріп, жақсы көретіңізді айтып, белгілі бір уақытта мінтетті түрде алып кетем деп айтқаңыңыз жөн. «Қоштасу көрінісін» созбаңыз. Ата-ана кеткеннен соң, бала бірнеше минуттан кейін тынышталады. Бала жыламай, тыныш қоштасқан күндері, оны мақтауға ұмытпаңыз;
  • Балабақшаға бейімделу кезенінен бала ғана емес, ата-ана да өтеді. Ең алдымен, өзіңізді «кіңәлімін» деп есептемеңіз. Баланы балабақшаға беру мәселесіне өте қатты уайымдайтын болсаңыз, бала оны «сезіп», сізбен қоштасарда қиналады. Баланың көз жасына қарамай кеткенініз үшін, өзіңізді құбыжықтай сезінбеңіз;
  • Баламен әрқашан әңгімелесу. Бақшада қандай жақсы сәттер болғаның, не үйренгенің, кіммен ойнағаның, не істеу қиын болғаның сұрап, білген жөн. Баламен қаншалықты жақын сөйлессеңіз, қарым-қатынасыңыз да соншалықты жылы болады.Әр балада бейімделу әр түрлі өтіп жатады, бірақ балалар жаңа әлеуметтік ортаға бейімделетіні айғақ, бұл өмірдің заңдылығы екені шарт. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын сергіту сәттері: Оңға-оңға түзу тұр,,Солға-солға түзу тұр.

Алға бір қадам, Күн болып жайнайық,

Артқа бір қадам, Су болып ағайық.

Жоғары төмен қарайық, Терең-терең дем алып

Орнымызды табайық. Жүгіріп-жүгіріп алайық және де т.б. көптеген сергіту сәттері, жаттығулары балаларды балабақшаға бейімдеу кезеңінде өткізіледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *