«Бабалар өсиеті – балаға мұра»

Абай атындағы Республикалық  мамандандырылған

дарынды балаларға арналған

қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын

орта мектеп- интернатының тәрбиешісі

Иманкулова  Қуаныш Әбдімәлікқызы

 

«Бабалар өсиеті – балаға мұра»

Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты сөздердің мән-мағынасын балаларға ұғындыру, тәрбиелік мәні зор бабалар сөзін талдау арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту. Имандылыққа, ұлтжандылыққа баулу

1-жүргізуші Біржан:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Бабалар өсиеті балаға мұра» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Сая:Бабалар сөзі  — кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен  шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.Ата-бабамыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай, тәлім-тәрбиеге толы өсиет сөздері бар

Мұхамедәлі:  Мен тәңірі текті, тәңірден жаралған түркі Білге қағанмын. Сөзімді түгел тыңдаңдар. Түркі халқының аты  өшпесін деп, мені қаған қойған. Інім Күлтегінмен Йолығтегінмен ақылдасып, елдігін құраған халқымның атақ даңқы, тұқым тұяғы, тілі мен әдет ғұрыптары өшпесін. Бек ұлдарым құл болмасын, пәк қыздарым күң болмасын. Мәңгі елдігіңді сақта халқым менің! Аз едің көбейттім. Араз елді тату еттім. Тату елді дос қылдым. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, тоз-тоз басқан тайпаларды бөрілі байрақтың астына жинадым. Бүкіл жеткіншектерім, ұланым, біріккен әулетім, халқым мәңгі елдігіңді сақта!

Арнұр: Кешір мені туған ел,

Жолды алыс бастадым.

Дүниені шарқұрып,

Білім болды баққаным

— Иә, білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып біле отырып, адам оның әсемдігіне тәнті болады. Қай кезде болмасын білімді ұрпақ — ел тірегі.Қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр білімді жастар болындар, ұрпақтарым!

 

Ұлжан: Қалар мұра, сөз кісіден кісіге

Сөзді мұрат тұтсаң, пайда болар ісіңе.

Кісілерге, мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзін ұқсаң, құттың өзіғой.

Үш нəрседен, жүр алыс, сақ байқағың.

Бірі қыңыр, қисық болма айтарым.

Бірі жалған, сұғанақтық үшінші.

Үшеуінің түбі қорлық түсінші

Десең өзің, қадір, құрмет табайын.

Кісілерді қадірлей біл ағайын.

Болам десең белгілі,  ірі, кемел бай,

Қанағат қыл, сенен аз, маз нелербай.

 

Шаймерден:Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Бекзат: Өнер — білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып — жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

Нурила:Ой-хой, дүние серуен!

Адам бір көшкен керуен.

Дүниені қызық қалдырып,

Асамыз өмір белінен.

Кірсе лебіз — шықса жоқ,

Қауіп етіңдер өлімнен.

Қылышбайдан таралып,

Сөз нұқсасы келінген.

Дос-жаранға, кемтарға

Қайырлы бол делінген!

Қылған қайыр болмаса,

Не әкетесің өмірден?!

Дәулетіңнен не пайда

Таусылмастай көрінген?!

Жалғыз мұраң сол болар —

Қол қайырың берілген.

Басқа дүние бірі де

Көмілмейді кебінмен.

Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға,

Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға.

Жақсының әрқашанда жөні бөлек,

Жаман адам жарамас бір қымтарға.

1-жүргізуші Біржан:Қандай керемет десеңші ата баба өсиеті! Біздің таусылмайтын қазынамыз осы болар. Құрметтесең ата-баба мұрасын,

Қазақтардан табылады жыр асыл.

Сол асылға қосасың да бір асыл,

Үлкендерден бата тілеп тұрасың. Назарларыңыз  экранда болсын.Макенов Нұркелдінің «Бабалар өсиеті — балаға мұра» атты арнауына шығарылған бейне көрініске назар салыңыздар

Өсиеті бабалардың ұрпағына қалдырған

Қазағымның қазынасы өтіп кеткен сан жылдар

Бабалардың өсиеті бәл жүрегі қазақтың

Әр сөздері талайлардың жүректерін жандырған

Бәріде заманының дарындары

Қазағымның өшпейтін жалындары

Олардың нақыл сөзі өшпейді ғой

Ұрпақтары болса егер бар ынталы

Олардың айтып кетем бір екеуін

Қара сөзбен өлеңмен жыр етемін

Айтар сөзге тыңдайтын құлақ болса

Түсіндірем өсиет не екенін

Білге қаған айтыпты ертеректе

Оның бәрі қалыпты жыр деректе

Айтқан сөзі қалыпты өсиет боп

Оның бәрі сақталған нұр жүректе

Айтқан екен өзінің кім екенін

Сақтаған ғой елінде өз мекенін

Пәк қыздарым күң болып қалмасын деп

Құртыпты ғой жаулардың көп тентегін

Әл-Фараби атамда болған дана

Жер тоздырып кеткен ғой білім ала

Жас ұрпағым білімді болыңдар деп

Өз артынан қалдырған кітапхана

Баласағұн бабамда жырлап кеткен

Айтқан сөзі өтеді сүр сүйектен

Ұры болма адал бол деп айтады

Қыңыр болма қарама тым биіктен

Ойнап босқа сеңделме деген Абай

Дана сөзі бұзылмас үлкен сарай

Бес досы мен дұшпанын атап кеткен

Түсінгенге ашылған үлкен сырда

Болмағын өсекші мен арам тамақ

Айтқан сөзді түсінбес ақпа құлақ

Керісінше еңбектен жалықпа деп

Айтып кеткен осының бәрін шырқап

Ыбырай да қосқан ғой өз үлесін

Өсиетке толтырған зор үлесін

Қатарынан қалмасын деген оймен

Бізге мұра қалдырды кең кеңесін

Ұрпағым деп жанын берген ағаларым

Қазағым деп қорғаған қалаларын

Бізге жарқын болашаққа жол берер

Өсиет қалдырды ғой бабаларым

1-жүргізуші Біржан:Иә, расында ата бабамыз ұрпақтарын ойлай отырып, көптеген өсиеттер мен мұралар қалдырған.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы? — дей келе, Нұркелді ұлдарыңыздың «Ақындарға» атты жырын қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші Сая: Пах, шіркін! Әу демейтын қазақ бар маболашақ әншілерімізге сәттілік тілей отырып, біз әрмен қарай жалғастырамыз.

Құдірет бар домбыра ішегінде,

Қолыма алып қаққанмын мүшелімде.

Мен онымен қияға көтеріліп,

Мен онымен тереңге түсемін-  дей келе, ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған киелідомбырамыздың шанағынан төгілген «Жастар  биі» күйін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші Біржан: Көңіліңе ұйып аппақ сүт есім,

Жабағы ойды жылдар бойы түтесің

Арамнан да бір адалдық, әділдік,

Сараңнан да бір жомарттық күтесің. Ендігі кезекте Аскен Шаймерден мен Мұратәлі Айғанымның Абайға арнауын қабыл алыңыздар!

Шаймерден:Ұрпағына терең ой ақыл берген

Қарасөзге әрқашан болған мерген

Ибраһим атты ұлы адам шыққан еді

Семейдің қазіргі Абай деген жерден

Өлеңдеде ешкімге дес бермеді

Қара сөзге өрілді, есті өрнегі

Қазақтың ең бағалы тұлғасы боп

Өнеге қалдыруды кеш көрмеді

Қазақтың бәріне Абай дара тұлға

Талпынамын бәріңді қаратуға

Философ, аудармашы ақын бабам

Тек ұлы болу үшін жаратылған

175 жыл болды бабамызға

Парасат пен нұр шашқан санамызға

Абайдың өзі өмірден өткенімен

Өлең болып жүреді ол арамызда

Айғаным: Абай дана, Абай үлгі біздерге,

Абай жарқын болашаққа із берген.

Абай ата жолын қуған жастардың,

Салауатты болашағын көрем мен.

Шабытымның үміт оты алаулап,

Абай ата өлең жаздым сізге арнап.

Ақын жолын, ақын бала қуар деп,

Қадам бастым болашаққа айбындап.

Серт бердім, ұмытпауға өз тілімді,

Серт бердім қолда ұстауға көк туымды.

Қасиетті, киелі қазақ тілін,

Ұрпақтарға мұра қып қалдыруды.

Туған тілім иманы ар ұяттың,

Абай ата айнасы бар қазақтың.

Тура жолды көрсеткен, әр шумағы,

Абай ата асылы адамзаттың.

Мойындаған ұлы Архимед ұрпағы,

Мойындаған ойшыл славян ұлдары.

Өсиеті таусылмайтын қазына,

Біз Абайдың сыбығалы ұрпағы.

2-жүргізуші Сая: Ата-баба жолын қуған ақындарымызды көріп, шығармаларын тыңдау  көңіліңді бір тебірентеді екен.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз-дария.

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі – соқпақ, өзі нәр.

Ата салты – ардақты,

Әрбір сөзі – салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты, — дей келе, ендігі кезекті окушыларымыздын  «Ата тәлімі» көрінісін  қабыл алыңыздар

2-жүргізуші Сая: Ата тәлімін  алу болашаққа нық сеніммен қарау десем, қате айтпаспын

Атадан — өсиет,

Анадан — қасиет – демекші, оқушыларымыздың ата-әжелерінің сөзіне зер салайық.Бұл бейнекөріністе оқушылардың ата-әжелерінің өсиетін көрдік.

1-жүргізуші Біржан:Үлкендердің бізге берген өсиеттері мен мұраларын мәңгі жадымызда сақтап, келешек ұрпаққа беру біздің міндетіміз

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй – демекші, жақында өткен   композитор Кеңес Дүйсекеевтің75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сәлем, саған туған ел» атты республикалық оқушылар арасындағы ән байқауында 1-орын иеленген  Жарқынай қыздарыңыздың орындауында «Қазағымсың»  әнін қабыл алыңыздар! Сөзін жазған: Қажымұқан Абзалов әні: Сая Махамбеттікі.

2-жүргізуші Сая:«Күміс көмей жез тандай» осындай-ақ болар сірә!

Қарасай Айнара: «Бабалар өсиеті — балаға мұра» атты эссе (хабарланбайды)

1-жүргізуші Біржан: Асылы залымдардың лайланды,

Дүниені маған десең шыр айналды.

Ит үрер жақсыға да,жаманға да,

Қылмағы бірақ залал құдайдан-ды

2-жүргізуші Сая: Ұлы дала. Ғасырлар бойы ұрпақ өсірген кеңбайтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақсы түсініп, жоғары бағалаған. Отанымызкөне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. «Мен қазақпын» деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.Осымен «Бабалар өсиеті- балаға мұра» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Аман-сау болыңыздар!

 

Қорытынды:  Қазақ халқы  жаратылысынан шешендік өнерге бейім болған.  Қиыннан қиыстыра, сөйлейтін тапқыр да, қанатты ойларымен би, шешендер даулы мәселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған.  Барынша адал,  тура сөйлейтін,халық қамқоршылары болған бабаларымыздың әруағы риза болсын. Кейінгі ұрпақ, әрине біздер осы бабаларымыздың өсиеттерін есте сақтап, сөз қадірін түсіне білуге үйренейік.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *