А. Байтұрсынов «Адамдықтың диқаншысы»

Рақымғалиева Ақгүл Ақылбекқызы

 Оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме 5. Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, кейіпкерлер портреті мен іс – әрекетін тапсырмалар арқылы анықтау
5. Б/С4. Оқушының рухани жан-дүниесіне шығарма әсерін жеткізе отырып, эссе жазу.

 

 Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:

Шығармадағы автор бейнесін анықтап, өлең құрылымына талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Шығармадағы автор бейнесін анықтап, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын табады, тақырып пен идеяны анықтайды,салыстыра алады.

Кейбір оқушылар:

Шығармадағы автор бейнесін анықтап, тілдік бейнелеу,  суреттеу құралдарын тауып, өз ойын дәлелдейді, шығарманы талдай алады, өмірмен байланыстыра алады.

Жетістік критерийлары Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды.

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділер мәнерлеп оқиды.

Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Тілдік мақсаттар  Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет
Құндылықтарды дарыту Ұлтжандылыққа, адамгершілік, асыл қасиеттерге  тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Тарих, әдебиет
Алдыңғы оқу  
  Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс
Сабақтың басы Оқушылардың топ ережесін сақтай отырып, сабаққа белсене араласуларын ескерту

Оқушыларға сабақ мақсаттарын түсіндіріп, бағалау парақшаларын үлестіру, жұлдызшалар арқылы қалай бағаланатындары жөнінде ақпараттар беру

 

 

Үйге тапсырманы пысықтау мақсатында «Бес қадам» әдісін пайдалана отырып, әр топ  оқушылары бір-біріне  сұрақтар қойып, жауаптар алынады. Жауап берген оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады.

Сабақтың ортасы Жаңа сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» әдісі арқылы   оқушылардың дайындықтарын тексеру мақсатында бірнеше сөз тіркестері беріледі.  Сөз тіркестері экраннан көрсетіледі.

1) Әрбір адам…   (туысым, досым, жұрағат)

Әрбір сабақ…   (үйрену, ұғу, ұлағат)

Әрбір ісім…      (тірлік, тірек, адамдық)

Әрбір сөзім…   (шындық, бірлік, адалдық)

2) А. Байтұрсынов «Адамдықтың диқаншысы» өлеңін  тыңдалым бойынша аудио нұсқасын тыңдатып алып, әр топтың оқушыларына мәнеріне келтіріп оқытып шығамын. Бұл жерде мен «Пас» әдісін қолданамын. Оқушылар өлеңді оқып келе жатып, бір- біріне пас беру арқылы өздері кім жалғастыратынын айтады.  Өлең оқылып болғаннан кейін  жетекші сұрақтар арқылы әр топқа бір сұрақтан беріп, оқушылар сол сұрақтар бойынша постер қорғайды.

Сұрақтар:

1.Өлеңдегі адамдық диқаншысы, адалдық нұрын себуші кім?

2. Ақын кімге қызмет етуді қалайды?

3. Адамның қандай қасиеттерін көрсетпек болған?

4. «Жасық болмай, асық бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Дескриптор:

Берілген өлеңді талдай алады.

Шынайы өмірмен байланыстыра алады.

 

Оқулықпен жұмыс.

Келесі кезекте өлең жолдарындағы сөздермен жұмыс жүргізілді. Мағынасын айтып, дәптермен жұмыс жүргізді. Дәптерлеріне жазып алды.

Диқаншы- егінші, егін кәсіпкері

Зейнет-еңбек рахаты, жемісі, игілік

Бейнет-азап

Жасық-1) семіз емес, өте арық ет;

2) жігерсіз, ынжық, былжыр.

 

3) ЖЖ

Шығармадан автордың «Мен» бейнесін басшылыққа ала отырып, Адам мен нағыз Адам бейнесін ашып, мысалдар арқылы анықтау.

 

Адам Нағыз адам
   

 

Дескриптор:

Адам мен Нағыз адам арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады.

Өз ойларын білдіреді.

Жұптарын бағалай алады.

 

Сабақтың соңы      Сабағымызды ары қарай «Суреттер сөйлейді» әдісімен жалғасты. Экранда берілген суреттерді  бүгінгі күнмен салыстыра отырып, әр оқушы «Мен-Адамдықтың диқаншысымын!» тақырыбында шағын мәтін жазады.

 

 

 

 

Мәтіндер оқылып болғаннан кейін,

Сабақты қорытындылау Кері байланыс.

 

 

Топ оқушыларына рефликсия ретінде сұрақтар қойылады

 

Сабақта үйренгендерім өмірде қажет деп… немесе қажет емес деп ойлаймын. Себебі:  ?????????????

Сабақта мен үшін ең қызық болған не ???????????

Сабақтан алған әсерім?????

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *