Аққала

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Аққала
Дамытушылық: Алақан арасында ермексазды домалақтау дағдырларын жетілдіру,
Оқыту: екі, үшбөліктен тұратын қарапайым затарды мүсіндеуге, оларды өзара біріктіруге толықтыруға үйрету.
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: аққала- снеговик.

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдейміз күндейміз
Еш уайымды білмейміз

-Балалар жылдың қай мезгілі?
-Қыстың нешінші айы?
-Ауа-райы қандай?
Аққала балаларға хат жолдайды . Хаттың ішінде балаларға арналған тапсырмалар.
1-тапсырма.
Жұмбақ:
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады (Қар)

Зулап түсіп төменге
Шықпас менсіз төбеге (Шана)

Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)

Дидактикалық ойын:
2-тапсырма.
«Аққала» құрастыру
— Менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, осы геометриялық пішіндерден аққала құрастыру . Ортаға екі бала шығып екі тақтаға аққала құрастырады.Кім бірінші құрастырса сол жеңімпаз.

Ғажайып сәт. Әли мен Ая мультсериалынан аққала туралы үзінді көру.

3-тапсырма.
Үлгі көрсету
Жұмыстың орныдалу ретімен танысады:
— Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жапалақтап, саусақпен тегістейміз. Мұрнын және көзін ермексаздан
жасаймыз.

Билингвальды компонент: аққала- снеговик,суық-холодно,қаңтар-январь.
-Біз қардан не жасай аламыз.
-Қарды қолмен ұстасақ, қолымыз тонады,
Балалар біздің топта қар жоқ, ал бізге аққала жасау керек. Аққаланы қолымыз тонбайтындай, топтың ішінде неден жасауға болады?
-Ермексаздан.
-Дұрыс айтасындар, олай болса сендерге
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
–ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;
-үлкен ермексазды алып, алақанға қойып жұмсарту
-Дайын болған еремексазды алақан арасына салып жалпайту, жалпақтау
-аққаланың үлкен бөлігін дайын берілген қатты қағазға жабыстыру.
-дәл осылай аққаланың үш бөлігін жасау.

Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Оларды атап шақырар
Әрқайсысының аты бар
Бас бармақ,
Балан үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек

Жұмысымызды жалғастырамыз.
-Қарандаршы, біздің аққаламызға не жетіспей тұр?
-Дене мүшесі
-Олай болса ермексаздан көзің, мұрының жасаймыз
Көз қандай түсті, ол үшін қандай ермексазды алу керек.
-Қара
Мұрының біз сәбіз секілді жасаймыз. Ол үшін қандай түсті ермексазды алу керек.
Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді.

Қорытынды:
Балалар бүгін біз не жасадық?
Аққала неше бөліктен тұрады?
— Пішіні қандай?
Мұрнын, көзін неден жасайды?
Түстері қандай?
Аққаланы неден жасайды?
Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалар жұмыстарын талдау, оларды мақтап, мадақтайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *