Ағылшын тілін білу заман талабы ма ?

21 ғасырда әлемдегі ең кең таралған тілдердің бірі — ағылшын тілі. Статистикаға сүйенсек планетамызда 400 миллион адамның ана тілі болып есептеліп, одан басқа 50 ден астам елдегі ресми байланыс тіліне айналды. Ең қызығы, әлемдегі әрбір бесінші адам ағылшын тілін біледі, не түсінеді екен.
Планетамызда ерекше орын алатын ағылшын тілін білу сіздің алдынызда жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәселен, шетелде оқу, жұмыс немесе саяхат жасау бағдарламалары да белең алып келеді.

    Тіл білу арқылы өз өмірін өзгерткен жандар көп. Оның бірі қазіргі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша директоры- Ақерке Бекахметова:

 — Мен ағылшын тілін мектеп кезінен бастап оқыдым. Ең алғаш бұл тілге қызығушылығымды бірінші мұғалімім ашқан болатын. 11 сынып бітірген соң ағылшын мұғалімі болып колледжге оқуға түстім. 3 жыл оқып,  мектепте сабақ беріп,  университетке түстім.  Қайда барсам да маған ағылшын тілі өте қажет болды , әлі де солай.  Магистратураға Ұлыбританияның Лидс қаласына түсу үшін Болашақ бағдарламасымен тапсырдым. IELTS керек етті. Егер шетелде оқығыныз келсе, бұл емтиханды міндетті түрде тапсырасыз. Менің өміріме ағылшын тілі көп әсер етті. Болашақта докторантураға түсу ойымда бар. Қазіргі жұмысымда осы тілде адамдармен қарым-қатынас жасаймын және тәжірбие аламын. Тіл білген сайын адамның жан дүнесі, ой өрісі кеңейеді.
 Ағылшын тілі тек заман талабы ғана емес, сонымен қатар жарқын болашақ пен мүмкіндіктер кілті.

   Асия Қоспанова

 “Тұран” университеті 3 курс 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *