Ахмет мұрасын бүгінгі тану және таныту мәселесі

Қазіргі уақыт жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге, әдебиетін һәм мәдениетін танытуға баулитынкезең.Бұл мәселе тек ұстаздар қауымы көтеретін мәселе емес.Яки жүрегі алаш,елім, жерім,ұрпағым,болашағым деп соққан әрбір сауатты тұлғаның адамзаттық һәм азаматтық міндеті.Арлы,намысты,білім,ілім іздеген ұрпақ үшін, әрине, туған жер топырағынан шыққан ұлы тұлғаларды тану, олардың мұрасымен танысу, үлгі алу,насихаттау басты қағида.Осы мақсатта мектеп оқушыларын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің ішінде тәрбилеік мәні зор, ойға жеңіл мысал және өлеңдерімен таныстыратын болса, ЖОО-да студенттерге арнайы «Ахметтану» курстарымен қатар, өндірістік тәжірибелер де өтуде. Олардың басты мақсаты – даланың ұстазы, ғалымы Ахметтің есімін қайта тану, шығармашылығымен етене танысып қана қоймайжүрек түкпіріне сақтау,саралау.Осы мақсатта білім озық оқу орным Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавр дәрежесін бітіруші түлектерге тәжірбиеден өту барысын Ахмет Байтұрсынұлы «ТІЛ–ҚҰРАЛ»оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығына ұйымдастырды.Тәжірбиеден өту барысында бағыт-бағдар берген,тәжірбие мәнін ұғындырған жетекші ұстаздарым Имаханбет Райхан апай,Шортанбаев Шоқан ағай болды. Бұл біз үшін тағлымы мол,Ұлт ұстазының ұлағатты жолын тану арқылы ұстаздық жолда қадамымды нық басуға себепкер еткентәжірбие болды.

Ахмет мұрасы – нағыз қазақтың ұлттық ғылымының бастауы. Саналы ғұмырын қазақ халқының өзге елдермен терезесі тең дәржеде білім алып, санасының ашылуы мен оқуына көңіл бөліп, алғаш «Оқу құралын» (қазіргі әліпби) жасап еді. Ол қазақ ғылымын қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы тұрғысынан негізін қалады. Бұл ұлттық ғылымның нағыз зерттеушілік алғышарттары еді. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің жүйесін төл табиғатына сәйкес жүйелеп жасады, әдебиетті халықтың төл туындыларынан бастап жазды. Алғаш қазақ даласында халықтың тілі мен көзі, құлағына айналған газет жасауды да қолға алған еді. Бүгінгі күні әр сала ғылыми түрде дамып, Ахмет бастап берген сара жолдан айнымай келе жатыр. А.Байтұрсынұлының ғылыми, əдеби мұрасы қайтадан халқының игілігіне айналды. Тəуелсіздік кездегі əдебиеттану ғылымын Алаш арыстарынан мирас болған осындай ғылыми-теориялық зерттеулерсіз елестетумүмкін емес.Жалпы оның ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық, аудармашылық қасиетін саралай түскенде еріксіз мынадай ой жетегіне еруге тура келді. Ахметтің алдында қазақ халқы үшін оның болашағы үшін өлшеусіз мол қазына тастап кеткен үш алыптың – Абай, Ыбырай, Шоқанның болғанын білеміз. Бір ғажабы – осылардың мұрасын терең зерттей отырып, олар көтерген мəселелерді бар жанымен ұға отырып, ол осы үшеуінен тартылатын үш арналы жолды бір өзі бойға сіңіріп таңдап алғандай. Шынында, қараңыз: Шоқанның ғалымдығы, Ыбырайдың ағартушылығы, Абайдың ақындығы мен ағартушылығы А.Байтұрсынұлының өмірлік мұратына айналған. Жəне бұларды заманға лайықты нақты істермен жалғастыра, дамыта түскен.Біздің міндет – соларды қарастыру, тану және танысу. Өз тарапымыздан, әсіресе, 150 жылдық айтулы мерзім қарсаныңда жұмыстар жасау. Өндірістік тәжірибе жетекшісі Райхан Имаханбеттің бастауымен жеті аптаның ішінде бірнеше тапсырмаларды ойдағыдай жасаудамыз.  Арнайы құрылған жоспармен жұмыс жасай отыра, топ студенттері Ахмет мұрасы бүгінінің басты мәселелерін қарастыруда. Әсіресе, республика бойынша мектептер мен ЖОО-да, мемлекеттік мекемелерде Ахмет Байтұрсынұлы еңбегі қалай насихатталуда, қалай танылуда сияқты өзекті сұрақтардың жауабын іздейміз. Сонымен қатар Алматы қаласы Байтұрсынұлы және Жамбыл көшелері қиылысында орналасқан Ахмет музей-үйіне де барып, ішкі тіршілігімен танысып келеміз. Р. Имаханбеттің жетекшілігімен жұмыс жасап жатқан мұражай-үйі ғасыр адамы Ахметтің шығармашылық және жеке өмірінен сыр шертетін, өткен өмірге қазір апаратын қасиетті мекеме деп танимыз. А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын зерттеуде, танытуда жаңа белеске көтерілу қажет. Ғалым еңбек еткен, ғылыммен айналысқан тұстағы саяси, тарихи ахуалды негізге ала отырып, А.Байтұрсынұлының ғалым, қайраткер, ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі ғылыми бейнесі жан-жақты зерттелуі керек. Ал Ахмет музей-үйі тікелей ғалымның еңбек еткен құдіретті орындарының бірі болып саналады. Себебі өмірінің соңғы жылдары сонда өмір сүріп, көптеген еңбектерін дүниеге әкелді және азап тартқан, әділетсіздікке ұшыраған ауыр кезеңдері де сол үймен тығыз байланысты екен. Біз мектеп қабырғасында Ахмет Байтұрсынұлын тек ақын, реформатор ретінде танып келсек, қазір көптеген қазақ ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы және қоғам қайраткері, тәуелсіздіктің жаршысы ретінде танып келеміз. Өндірістік тәжірибе барысында бүкіл ел бойынша осы уақытқа дейін ғалым мұрасын насихаттау мақсатында жасалған жұмыстарды тақырыптарға бөліп қарастырдық. Бір аптада баспасөз беттерінде Ахмет туралы мақалаларды жинасақ, келесісінде оның есімі берілген мекендер мен мекеме, арнайы ордендер мен медальдар туралы ақпарат қарастырдық. Енді бір аптада Ахмет оқулары туралы іздендік. Осылайша Ахмет мұрасының бүгіні жайында ақпарат жинадық.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі

Шортанбаев Шохан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті,

Балтабайқызы Балнұр

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *