Ас дәмді болсын.Тамақтану ережелері

Жетісу облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна.

Тақырыбы: «Ас дәмді болсын.Тамақтану ережелері»

Кіріктірілген оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, құрастыру, жапсыру.

Мақсаты: Асханалық ыдыстармен таныстыру,үстелді жабдықтауға үйрету.Мәдениетілікке,өзін үстел басында дұрыс ұстауға,дұрыс отыруға,әдеп ережелерді сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, дидактикалық ойындар

Ресурстар: Суреттер,  Воскобовичтің «Игровизор», «Сиқырлы шамдар» , «Екі түсті шаршысы» ойын құралдары.

Жұмбақ жасыру:

Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз  шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?    ( ыдыс-аяқ )

Дұрыс айтасыңдар,балалар. Бүгін біз ыдыс-аяқтар және дастархан басындағы ережелер туралы айтамыз.

Суретпен жұмыс. Ережелермен таныстыру:

Ыдыс-аяқтарды үстелге қалай қою керек соны көрсету.

Асқа отырар кезде ең алдымен қолды жуу керек.

Кір қолмен тамақ жеуге болмайды.

Кір қолда көптеген микробтар болады.

Дастархан басында сақталатын  ырым – тыйымдар:

*Нанды бір қолмен үзбе.

*Тамақты үрлеме.

*Дастархан басында керілме.

*Аузыңды тамаққа толтырып сөйлеме.

*Дастарханнан аттама.

Тіл ұстарту:

Ыс-ыс-ыс

Міне біздің ыдыс

Қы-қы-қы

Қолыңа ұста шанышқы

Ық-ық-ық

Қолыма алдым қасық

 

Жаңылтпаш:

* Шеше,шеше

Неше кесе

Сынды кеше.

*Тұз  мұздай,

Мұз тұздай

*Қызым жүзім же,

Жүзім үзіп же.

 

Балалар бірге: 

Дастарханды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз,

Тағамдарды әкеліп,

Дастарханға қоямыз.

1.Үстелді қойып аламыз, содан соң дастарқан жаямыз, үстін сүртеміз.

  1. 2. Үстелдің шетіне, әр баланың алдына тәрелке қояды.

3.Тарелкенің сол жағына шанышқы, оң жағына ас қасық пен пышақ қойылады. Қасық пен шанышқының дөңес жағы төмен қаратылады.

4.Дастарханың ортасына туралған нан салынған ыдысты қоямыз

5.Су ішетін шыны стакандар пышақ пен қасықтың үстінгі жағына қойылады.

Практикалық жұмыс:

— Балалар бізге қонаққа

Күлте қыз келіпті. Ол сендерден көмек сұрайды.Күлте қыз үйіне қонақ шақырмақшы екен.Бірақ ыдыстарын сындырып алыпты.Кәне көмектесіп жіберейік, жарайма?

Тыныс алу жаттығуы «Ыстық шәй»  3 түсті кесе арқылы топқа бөліну.

 

1  топ:  Воскобовичтің «Сиқырлы шамдар» ойын құралымен үстелге ыдыстарды ретімен қою.

 

2 топ: Воскобовичтің «Игровизор» ойын құралымен ыдыстар мен тағамдардың  көлеңкесін табу.

 

 

 

  1. «Болады-болмайды» ойыны.Күлгін орман заттық дамытушы ортасында жұмыс

 

 

Қорытынды:

Шеңберге жиналу.Воскобовичтің «Екі түсті шаршысы» ойын құралынан Күлте қыздың достарына кәмпит жасап сыйлау.

Біз бүгін не жайында айттық?

Үстел басында өз-өзінді қалай ұстау керек?

Ал, енді қонақтармен қоштасайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *