Асыл Анам

Анашым менің Ардағым!

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Ананың алақаны біз үшін жылы мекен.Біз анамыздың бір бөлшегіміз.Қиын жағдай болғанда,мұңайғанда жүрегі сезіп,әрдайым қолдап,қорғайтын жанашыр жан. “Анаңды үш рет меккеге арқалап апарсаңда,қарыңызды өтей алмайсың”деген жақсы сөз бар.Үлкенді сыйлау міндетің болса,Анаңды сыйлау парызың деп біл!

Анашымның ең алғаш қолымнан ұстап,мектеп табалдырығына жетелеп әкелгені әлі есімде.Менің сабағым біткенше,күннің астында қара терге батып,мені күтіп тұрғаны мәңгі балалық бейнемде,жүрегімде сақталады! Анашым өзі сондай ақкөңіл,мейірімді жан.Әрдайым қандай жағдай болмасын жанымнан табылып,қолдап жүргені, “Қызым мен саған сенем”дегені үлкеен күш береді.Анам бір сәт үйде болмаса,үйдің іші қаңырап бос қалады.Күнде үйде ән айтып,тамақтың иісін бұрқыратып,таңертең сабаққа “Алла зейініңді ашсын Қызым” деп шығарып салуына ешнәрсе жетпейді шіркін!

    Анашым мен сізді жақсы көрем!Менің өмірімде бар болғаныңыз үшін,қоңыр мөлдіреген көздеріңіз үшін,еліктіретін күлкіңіз үшін,әлемдегі ең-ең керемет жан болғаныңыз үшін алғысым шексіз Жаным Анам! 

Гүлдің жайқалып өсуі үшін су,күн,ауа қаншалықты қажет болса,мен үшін сізде солай қажетсіз,маңыздысыз !

Рахмет сізге Аяулы Анашым!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *