Қазіргі жастардың өмірлік ұстанымдары

Қазіргі жастардың өмірлік ұстанымдары

   Жастық шақтың кезеңінде әр адам баласы өзін еркін сезіну үшін,өмірдің ләззатына бөленіп,небір қателіктерге бой алдырады.Бұл факт!Әркім өз бетінше өмір сүргісі келеді әрі кез келген адамның өмір жолында аяқ басып жүргендіктен өмірлік ұстанымы болары айдан анық.

   Біреулер өмірінің барлық сәтін білімге арнаса,ендігі біреуі өмірдің мәнін ішіп-жеу,дүниенің бар қызығын көріп қалумен өлшейді.Осыдан-ақ адамдардың өмірлік ұстанымдарын байқай аламыз.Солай емес пе?!Мәселен,адам баласының көпшілігі “жаспыз ғой,көріп қалайық,істеп қалайық”деген позициямен өмір сүреді.Мұның қаншалықты дұрыс екендігінде де өздері хабарсыз.Әрине,бұл логикалық тұрғыдан қарасақ та ұнамсыз іс.

   Болашақ–жастардың қолында демекші,әрбір жас ұрпақ өз өмірінің іргетасын берік әрі дұрыс қалауы керек,себебі бұл біздің болашағымызға тікелей байланысты.Ал адам өміріне принцип қою арқылы өз болашағына нық сеніммен қарай алады,әлбетте принцип ақылға қонарлықтай дұрыс болса.Оған қоса жастар жаңа ақпаратты тез игеріп алатындықтан,ештеңеден тайсалмайды,керісінше бәрін өз тәжірибесінен өткізгенді жөн көреді.Алайда олар соны істей келе мына бір қиындықтарға тап болады:

•Ақпаратты дұрыс қабылдамағандықтан,өзіне кесір тигізіп алады;

•Өзімшілдікке салынып,айналасындағыларды ұмыт қалдырады;

•Ақпарат алатын құралдарын шамадан артық қолданып,денсаулығына кері әсерін береді.

Міне осы сынды қателіктер іс барысында көзге көрінбегенімен,уақыт өте оның бәрі байқала түседі.Заман талабына сай өмір сүретін қоғамда өмір сүріп жатырмыз сәйкесінше бізде болашақ үшін,еліміз үшін не істеп жатырмыз деп бір сәт ойланғанымыз абзал.Менің ойымша жастар өз ұстанымдарымен елімізді алдыңғы орынға шығарып,дамыған елдер қатарына қоса алады.Ол үшін жастардың ұстанымдары өте маңызды.

  Қазіргі қоғам білім алуды басты орынға қойғаны мені қуантады,себебі білімді адам ешқашан жерде қалған емес.Болашақ жастардың қолында,өмірін құр босқа өткізбей,білім алуға жұмсап,еліне кішкентай да болсын үлесін қоса алса міне нағыз жас ұрпақ бола алғаны.Сондықтан қазіргі жастардың ұстанымдары білімді болу,пайдалы болу болса,біздің ертеңіміз ашық болмақ…

     

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *