Америкалық фильмдер мен мультфильмдер арқылы ағылшын тілін заманауи, стандартты емес әдістермен үйрену

Қазіргі уақытта шет тілдерін білу өте сұранысқа ие. Негізінен, адамдар грамматика мен лексиканы кітаптар арқылы үйрену сияқты дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, шет тілдерін үйренуді әдетке айналдырған. Бұл әдістемені мектептен, университеттен білеміз, тілге қатысты алған барлық біліміміздің негізінде бұл әдіс жатыр.

Қазіргі әлемде ағылшын тілін білу жұмысқа орналасу үшін маңызды. Ағылшын тілін үйренудің көптеген жолдары бар және олардың бірі американдық фильмдер мен мультфильмдерді көру. Әр адам көрнекі бейнелер, дыбыстар және жанасу сезімі арқылы ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Сериалдар мен фильмдер арқылы тілдерді оқыту әдісі ақпаратты көрнекі түрде қабылдауға оңай, әрі қолайлы. Мультфильмдер мен фильмдердің көрнекілігі бұл әдістемені тілдерді оқытудың баға жетпес құралына айналдырады, студенттерге тілді жақсы түсінуге көмектесіп, олардың мимикасын көруге мүмкіндік береді. Оксана Ивановна Ковальдың мақалаларына сүйенсек, бұл әдістеменің оқушылардың ауызекі сөйлеуіне қалай жақсы әсер ететінін білдік. Өйткені, ағылшын тілінде қарапайым қарым-қатынаста студенттердің көпшілігі тілді жеткілікті түрде пайдаланбайды және оның қолданылуын түсінбейді. Қазіргі уақытта мұғалімнің білімі ағылшын тілін оқытудың бірнеше әдістерін  қамтиды.  Кітап арқылы тіл үйрену сияқты дәстүрлі әдістер бүгінгі күні өзекті емес, өйткені бұл әдіс көп уақытты қажет етеді, сонымен қатар барлық адамдар оқуды ұната бермейді. Американдық фильмдер мен мультфильмдер сияқты бейнематериалдар арқылы оқытудың стандартты емес әдісі қысқа мерзімде күнделікті өмірде сөйлеуді дамытуға болады. Бұл әдіс сериалдар мен фильмдерді көруге уақыт бөлуді ұнататындар үшін өте қолайлы. Бейне материалдар қарым-қатынасты сөзбен жеткізе алмайтындай етіп көрсету арқылы мағынаны нақтылайды. Американдық сериалдар мен мультфильмдер арқылы үйрену әдісі барлығына жарайды, бірақ ағылшын тілінің деңгейіне сәйкес келетін сериалдар мен мультфильмдерді көру керек. Мысалы, мультфильмдер Beginner және Elementary деңгейлері үшін қолайлы, өйткені мультфильмдерде ауызекі сөйлеу оңайырақ және түсінікті. Мультфильмдер мен олардың жанрларын таңдау ағылшын тілінің деңгейіне байланысты, сондықтан біз қарапайым бейне материалдардан бастап, бірте-бірте күрделірек толықметражды фильмдерге көшуді ұсынамыз.

Оқытудың дәстүрлі әдістерінің онжылдықтары бүгінгі күнге дейін өзекті болып келді. Соның әсерінен қазіргі уақытта стандартты емес оқыту әдістері пайда болып, қолданысқа енді. Айырмашылығы – дәстүрлі әдіс көп уақыт пен күш-жігерді қажет етеді, ал видео арқылы үйрену сияқты стандартты емес әдістер қысқа мерзімде нәтиже әкеліп қана қоймай, сонымен қатар күйзелістен арылу мен демалудың тамаша тәсілі. Студенттер сөздердің транскрипциясын және грамматиканы зерттеумен шаршамауы керек. Бұрын келтірілген фактілер бейнематериалдар арқылы тілдерді оқытудың стандартты емес әдісі дәстүрлі әдістерге қарағанда тиімдірек екенін көрсетеді.

Тіл – елдің мәдениеті мен оның тұрғындарының ділінің көрінісі. Тілдерді оқу арқылы біз осы тілдерде сөйлейтіндермен мәдениетіміз бен менталитетімізді бөлісуге, танысуға мүмкіндік аламыз. Сондай-ақ олардың дүниеге көзқарастарын салыстыра отырып, өзара әрекеттесуге үйренеміз. Мультфильмдер мен фильмдер адамдарға күшті эмоционалды әсер етеді, бұл ақпаратты неғұрлым жарқын және көлемді жеткізуге мүмкіндік береді. Мультфильм балаларды шет тілінде сөйлесуге шақырады. Мультфильммен жұмыс істеу кезінде сабақтарды жеке және топпен өткізуге болады. Мультфильмдерді пайдалану оқу ортасында тілдік ортаны қалыптастырып, тілді меңгеруде жақсы нәтижелерге тез жетуге мүмкіндік береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *