Алғыс сізге — Алғашқы Ұстаз!

Алғашқы ұстаз — мектеп табалдырығын атағаннан бастап, сені өмірге тәрбиелейтін ұлы тұлға.Тіпті ұлағатты ой иелері мен данышпандардың білімі ұстаздан бастау алмақ.Нағыз ұстаз балаға білім нәрін бойына сіңіріп қана қоймай,жан дүниесін түсінетін,анасындай қамқор болатын жан.
Осыдан он жыл бұрын,мектеп табалдырығын аттаған сәтте күлімдеп тұрып қарсы алып,қолыма әліппені жаттатқызған алғашқы ұстазым -Кусниденова Кулян Утеповна.Тарыдай болып кірген күннен бастап,өзінің баласындай жылы шырай танытып,өмір әліппесін үйретуден жалықпаған ерекше жан.
Ғұмырының жарты бөлігін шәкірт тәрбиелеуге мақсат еткен білікті маман иесі.Ұзақ жылдар бойы оқушыларды білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұстазымыз күні бүгінде Есбол ауылының Жамбыл атындағы орта мектебінде бастауыш мұғалімі болып,кезекті шәкірт тәрбиелеп отыр.
Бастауыш сынып оқыған сәттердегі ұстазымыздың әр жылулығы мен ақ жүрегі балалық шаққа оралудың бірден бір естелігі болып қалды. “Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан” деп ұлы Абай айтқандай әрбір оқытқан шәкірті түзу жолмен аяқ басып,өмір майданында дұрыс бағыттан таймай келеді. Бізді өмір жолына жетелегеніңіз үшін,сол жолдағы ересен еңбегіңіз үшін алғысымыз шексіз.Мың алғыс сізге ардақты ұстаз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *