АЛТАЙ ТАУЫНЫҢ ТЕРІСКЕЙ БЕТІНЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ РУЛЫҚ-ТАЙПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ

Серик Айгерим 

Алтай тауының теріскей беті – Қобда өлкесіне Орта Жүз Найманнан тараған Қаракерейдің бірнеше рулары, Уақ рулары және Абақ Керейдің ішінара рулары; Алтай тауының теріскей бетін қоныстанғандар яғни Моңғолия жерін мекендеген қазақтар. Моңғолияны мекендеген қазақтар – дүние жүзі қазақ қауымының бір бөлігі.  Абақ Керейден тараған Моңғолиядағы азғантай қазақ бұрынғы ұлы көшпенділердің бүгінгі тірі жалғасы және куәсі.  XIX ғасырдың басында уақыт пен кеңістікте нақты бітім мен келбетке келіп, толысып, көзге толық түскен кезі XIX ғасырдың бел ортасы еді. Моңғолиядағы қазақтар яғни Абақ керейдің бір тобы Алтайдың теріскей бетіне, яғни Қобда өлкесіне қоныс аудару мәселесі жайлы біздің тарихшыларымызда көптеген зерттеулер жасап бір қатар еңбектер жазды.  Дәл қай жылдардан қоныс аударғандығы жайлы дөп басып айтатындай анық дәлел жоқ.  Бұл жайлы құнды деректер Моңғолияның батыс өлкесіне саяқат жасап Қобда өлкесіндегі қазақтардың көші-қоны, тұрмыс-тіршілігі жайлы арнайы зерттеу жасап өткен Ресей саяхатшылары, тарихшы этнограф ғалымдары Г.Н.Потанин, Г.Е.Грумм-Гржимайло, А.М.Позднеев, В.В.Сапожников, сауда миссионері А.В.Бурдуковтың кейбір еңбектерінде жазылған.

Г.Е. Грумм-Гржимайло: «Орта жүз Керейлердің көптеген рулары ХVІІІ ғасырдың екінші жартысының бас кезінде Алтай жеріне көшіп келген және осы ғасырдың 60-70 жылдары біршама шығысқа қарай өтіп мекендейтін болған» десе, Г.Н. Потанин «Қазақтар Алтайға келіп ХVІІІ ғасырдың 70-80 жылдары Қара Ертіс бойымен Тарбағатай, Сауыр тауының солтүстігімен Алтайдың оңтүстігін мекендейтін болды» деп атап көрсетеді. Алтай аймағы,батыс Моңғол өңірі Қобда өлкесіне қарайтындықтан, қазақтардың Қобда бетіне қоныстануына шектеу болмады [1,52-54б].

Алтай тауының теріскей беті Қобда өңіріне алғаш қоныстанған қазақтар – Орта жүз Абақ – керей рулары еді. Олар негізінен Ертіс өзенінің солтүстігі Батыс Алтай тауы жағын мекен еткен қазақтардың ұрпағы. Бұл өлкеге алғаш тұрақты мекендене бастаған қазақтар негізінен Абақ — керейдің шеруші, жәдік, ителі, қарақас, жәнтекей, молқы руларының ауылдары. Олар алғашқы кезде Алтайдағы қазақтардың рулық билік жүйесін сақтау мақсатында ұйымдасты. Жергілікті рулық жүйе құрып, төре, билерге бөлініп, жеке дара немесе аралас рулардан құрылған әкімшілік бірілігі болды. Қазақтарды Қобда бетіне бірінші болып амбы (сұлтан) үкірдайлар (болыс) көш бастап келгені, олардың рулық билік жүйесін сақтап қалуға ерекше әсерін тигізді. Жоғарыда аталған рулар өз басшыларымен келді [1,85б.].

Жалпы атап кететін жайт қазақ өлкесіне Керейлер Наймандар Алтай аймағына қалай қоныстанғанын айта кеткен дұрыс. Керейлер мен наймандар Алтайдың арғы беті, қазіргі Шыңжаң қазақтарының бір бөлігі. «Абақ керей көшіп барып қоныстанған – Алтай, Іле, Тарбағатай өлкесі Шығыс Түркістан өлкесі деп аталады. Бұл өлке екі жүз жылдан бері Синь-Цзян (жаңа өлке) деген қытай сөзімен Шыңжаң деп аталады. Бұл ежелден көшпенділердің ата мекені» [10, 15 б.].

Орта жүз құрамына енетін осы Наймандар мен Керейлер қазақ халқының құрамындағы саны жағынан ірі тайпалардың бірі. Тайпалардың көбі этникалық құрамы жағынан Керейлер, одан кейінгі Наймандар, Үйсіндер т.б. рулар бар.

Аталмыш тайпалар – тарихта сонау VIII-IX ғасырдан бастап белгілі болған, ерте кезден ұйғыр, моңғолдармен көршілес тұрған. Бұлар Есіл, Тобыл, Нұра, Ертіс өзені, Сарыарқа, Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар ойпатынан бастап, моңғолдың Керлін, Онын, Тула, Қобда өзені, Кентау мен Алтай арасы, қазір қытайдың жері болып саналатын Бұлғынның басы, Қара Ертіс, Қыран Ертіс, Шіңгіл өзені, Өр Алтай қырқасына дейін қанат жайып, міне, он ғасыр бойы әлемге әйгілі болған [5, 5 б.].

М. Тынышпаев қалдырып кеткен дерекке жүгінсек, Қытай тарихнамасы бойынша керейлер IX ғасырда Саян тауының батыс бөктерінде мекен еткен 900000 халық екен [9, 11-12 б.].

Керейлерден кейінгі тайпалардың бірі – наймандар, олар Орта Азия көшпенділерінің тарихында ертеден белгілі. Найман руы қазақ халқының алтыдан бір бөлігін алады [6, 329 б.]. Найман атауы турасында да бірнеше болжамдар бар. Н. А. Арисовтың пайымдауынша, наймандар, Қатын өзенінің бір саласы «Наймадан» шығыпты десе, Г. А. Потаниннің кезінде Мұса Шормановтан жазып алған шежіресінде наймандарды ағайынды Ақжол, Алшын, Үйсінннің Ақжолының сегіз ұлының бірі деп белгілеген [1, 14 б.]. Моңғолдың тарихын зерттеуші Л. Л. Викторова найман атауын түріктің «сегіз огуз» тайпасының бірлігінен өрбіген деп көрсетеді [2, 172 б.]

Алайда «найман» атауының моңғол сөзі дейтін де көзқарастың бары рас. Себебі керей, найман, жалайыр сынды т.б. рулар тарихи құжаттарға қарағанда, моңғол халқында да болған. Сондықтан қазақ халқының құрамына енген керей, найман, жалайыр моңғолдан келді ме, жоқ па, бұл – терең зерттеуді керек ететін мәселе. Бір халықтағы ру, тайпа аттарының екінші халыққа ауысып кетіп отыратыны тарихта жиі кездесетін, дағдылы жағдай. Ол туралы Г. Рамстед: «Что касается до такого перенесения этимологических наименований с одного народа на другой, то известно, как старые имена одного народа после столетий могли оказаться принадлежащими народам, говорящим совсем другим языком… Известно тоже странная история имен «татар», «монгол». Теперешние монголы раньше назывались татарами и предком татар до наших дней был по мусульманским легендам какой-то герой с именем Монгол. История Востока, как ни мало она известна, знает много примеров как имена народов и племен переходят по известным причинам, с одного народа на другой» [8, 554 б.].                               Наймандар тайпасының тегі туралы мәселе ертеден-ақ тарихшылардың пікірталасын тудырып келді. Бірі – найманды түркі тектес халықтың құрамында қарайтын Г. Н. Потанин, С. Аманжолов, М. Қозыбаев, С. Қойшығара сияқты ғалымдар болса, Ш. Уәлиханов, М. Тынышпаев, Ц. Нацагдорж, И. Инжолц сияқты ғалымдар найманды моңғол тобына жатқызады.

Алтай тауының теріскей беті Қобда өңіріне жоғарыда аталған рулар өз басшыларымен келіп, 1905 жылы Алтайдағы Манж өкілі Чинсай Қобда қазақтарын «оң қол» етіп ұйымдастырсыруға талпынған ниеттері іске аспады. Ол кезде қазақтардың келесі ұрпағы билікке келіп, Тілеудіұлы (қарақас), Жылқышы Сүкірбай (шеруші), Жуанған Мәйітұлы (молқы),Мұрындық Көбешұлы (базарұқл) т.б. үкірдай дәрежеіне көтеріліп өзгерістер еңгізе бастады. Қазақтар арасында 1911 жылға дейін амбы,тәйжі, үкірдай, залың, зәңгі деп аталатын 5 дәрежелі билік жүйесі қалыптасып, ол белгілі бір ру, ата, әулеттерді негізге алды [2,88б.].

Алтай тауының теріскей бетіне алдымен жоғарыда аталған Абақ – керей рулары қоныстанып, олар әр дәуірде басқа рулардың келуімен бірге төре, қожа, ноғай, ұйғыр, өзбек т.б рулармен толығып отырды. Олар өзара етене араласып, қазақтың менталитетін ортақ қасиет етіп, біртұтас қазақ субэтносы құрамында өмір тірілігін жалғастырды. Бұл өңірдегі қазақтар Орта жүз тайпаларының генетикалық, биологиялық дамуының жалғасы, басқа да түркі тектес саны аз әулеттердің келуіне байланысты Моңғолиядағы қазақ субэтносының ру– тайпалық құрылымы қалыптасты. Моңғолиядағы қазақ субэтносының ру–тайпалық құрылымын анықтауда Т. Сұлтан, Р. Шынайдың шежірелері арқау болғанын атап өткен жөн [3, 25 б.].

Алтай тауының теріскей бетіндегі Моңғолия жеріне барып тұрақтап, қазіргі Моңғолия еліндегі қазақ қоғамдастығының негізін қалады. Моңғолия жерінде қазақ қауымының қалыптасу тарихын зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек, бұл кезкеңдегі Моңғолиядағы қазақ диаспарасының қалыптасуы қазақтардың малға жайлы жер іздеуі негізінде жүрген. Зардыхан Қинаятұлының тұжырымдаған зерттеуі бойынша <<Моңғолияда XIX ғасырдың орта шемесіне дейін қазақтар болмады. Батыс моңғолдармен көршілес жатқан Керейлердің Моңғолия жеріне қарай жылжу процесі XIX  ғасырдың соңғы жартысынан басталды>> яғни қазақтың Абақ Керей тайпасының шет мекендерге қоныс аударуынан басталған Моңғолиядағы қазақ қауымының қалыптасу тарихын ашады дейді.

Жылжу себептері ішкі және сырты екі тарапқа бөліп қараған ғалым сыртқы себептерді Жоңғар хандығының ыдырауы және 1860 жылдардағы Тайпин және Дүңген көтерілісі қатарлы саяси оқиғалармен байланыстырады. Дәлел ретінде шерттеуші Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсрано <<Дархад…Хасаг, Хамнигандардың шығу тегі туралы атты еңбегіндегі <<Қазақтар алғаш Алтайдың арғы жағына сиыспағандықтан бергі беттен малына жайылым жер іздеп келген екен>> деген ой қорытындысымен Г.Е.Грумм-Гржимайлоның <<Өткен ғасырда қара Ертістің бойында басталған жер дауы Керейлерді мұнда Қобда бетіне қоныс аудармасқа шарасыз болдырды>> деп жазған тұжырымына сүйенеді.

Кез келген этностың  белгілі бір өлкеде қалыптасып қоныстанған халықтың демографиялық жағынан өсуі, құрамы, тығыздығы, қала мен ауылдық жерге орналасуы сияқты жағдайлармен ерекшелігін айқындайды. Шыққан ру тегіне қарамастан әрбір адам өндіріс күші ретінде шаруашылықтың барлық салаларындағы іс – әрекетке қатысқандақтан олардың саны, жыныстық және жас ерекшеліктері, қоныстануының маңызы зор. Моңғолия қазақтарының саны, құрамы, шаруашылық өмірге қатысуы және олардың механикалық қозғалысы этностық қалыптасуы, дамуына тығыз байланысты болғандықтан арнайы ғылыми дәлелдіктермен басты назар аударуды қажет етеді.

Қобда өңіріне алғаш қоныстанған қазақтардың даму тарихын зерттей отырып, жекелеген өңірдің дамуындағы ерекшеліктер мен алдағы міндеттерді ашып көрсету, қоғам дамуының негізгі көзі – қазақ этносының дамуын зерттеу негізгі мақсаттардың бірі. Жалпы алғанда, Алтай тауының теріскей бетіне қоныстанған қазақ этносының даму үрдісінің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Демек, шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи мәселесі еліміздің, ұлтымыздың әрі қарай өсіп өркендеуіне, егеменді еліміздің жаһандық әлемдегі орнын айқындауда өзіндік үлестерін қоса алады.

РУ АТТАРЫ

Керей – қазақ халқын құраған ежелгі тайпаларының бірі. Шежіре бойынша,

Орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы Керей деген екіге

бөлінеді.

Көрпеш – Орта жүз Найман, Төлегетайдың төрт баласының біреуі Қаракерейден

тарайтын тармағы.

Қожаназар – Орта жүз Найман, Қызай руының бір тармағы.

Құттымбет – Орта жүз Найман, Қызай руының бір тармағы.

Қызай – Орта жүз Найман, Төлегетайдың төрт баласының біреуі Матайдан тарайтын үлкен ру. Қызай – Бәйдібектің қызы (Домалақ анадан туған) Күнбикенің

жанама аты. Ұзатылып барған жерінде ақылдылығымен құрметтеліп, рудың аты

«Қызай» деп аталған.

Маңғытай – Орта жүз Қоңырат тайпасының бір тармағы.

Найман – қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың бірі, Орта жүздің құрамына

кіреді.

Оразай – Орта жүз Найман, Қызай руының бір тармағы.

Садыр – Орта жүз Найман, Төлегетайдың төрт баласының (Қаракерей, Төртуыл,

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ислам Хабышұлы Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян – Өлгий, 1980 ж, 85 б. .
  2. Қинаятұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995. 88 б.
  3. Дамбадорж Ц. Тұлба көлі. – Улаанбаатар, 1969, 81 б.
  4. Мініс Қ., Сарай А. МХР. Баян-Өлгий. 25 б.
  5. Хурметхан Мухамадиұлы Моңғолиядағы қазақ субэтносының қалыптасуы мен дамуы. Алматы – 1997ж, 65-67б.б.
  6. Викторова, Л. Л. Монголы: происхождение народа и истоки культуры. – М. : 1980.
  7. Маргулан, А. Найманы // Сб «Казаки». – Л., 1930. – 329 с.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *