Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз

“Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз”

ТҰРАХАН Нұрайым,

Журналистика факультетінің

1-курс студенті

 

Осынау сәуірдің 14 жұлдызында, қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Тасилова Назия Айытбайқызының және тарих факультетінің магистранттары Маликова Анар мен Мейрамбекқызы Нұрсұлудың ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөйбейміз»- атты ашық тәрбие сағаты өткен болатын. Барша Алаш зиялыларының тұғыры биік шығармашылығына үңіле студенттер өз білімдерін паш етті. Мұндай тарихтың қойнауында жатқан еңбектерді қазақ журналистикасындағы ғылымының зор табысы деп бағалауға әбден болады. Себебі осыған дейін Алаш қозғалысының тарихы, әдебиеті, саяси күресі біршама зерттелді. Журналистика факультетінің студенттері 1917 жылы болған, Алаш зиялыларының тағдырларын көрініс ретінде керемет жеткізіп көрсеткен. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және т.б Алаш зиялыларын патша үкіметі айыптаған, тәркілену сәттерін елеусіз жеткізген. Одан бөлек, студенттер өздерінің арнауларымен бөлісті. Сондағы, арнауда неткен намыс пен рух жатыр десеңізші. Алаш публицистикасындағы демократиялық ұстанымдар мен қағидалар, ұлттың ауызбірлігі мен ынтымағын бірінші орынға қойған стратегиялық міндеттер және ұлттық сананы өсіру идеясы көрініс тапқан көсемсөз туындылары бүгінгі күннің де өзекті сауалдарына жауап бере алатын, рухани түлеу мен тарихи тамырдан нәр алуды қамтамасыз ететін ерекше қуатқа ие. Ұйымдастырылған ашық сабағымыздың қонақтары да болды. Олар: «Қазақстан тарихы» — кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент-Ноянов Еділ Ноянұлы, тәрбие жөніндегі орынбасары- Арынов Жұмақан Мақанұлы. Негізгі іс-шараға көзқарастарын білдіре отырып, сол уақыттағы өздерінің тарихи қойнауындағы оқиғаларымен бөлісті. Алаш зиялыларының көздеген мақсаттарының ең өзектісі қазақ баласына, еліне жанашырлық таныту, ұлттың еркіндігі мен азаттығын алу, діні, тілі, мәдениетін сақтау екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн.

Қорытындылай келе, қазіргі Қазақ елінің өркендеу жолы тұрғысынан үлгі тұтқан Алаш зиялыларының озық ойлары өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Ұлт қайраткерлерінің саяси және рухани арнадағы реформаторлық қадамдары эволюциялық дамуымен түйінделгенде тәуелсіз мемлекетіміздің өркениет өріндегі тұғыры қазіргіден де асқарлы болары һақ еді.  Алаш публицистикасындағы өзекті, құнын жоймаған идеяларды бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып елепекшеп, сараптап, түйіндеп, тарата талдаудың маңызы зор!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *