Айналамыз аппақ қар

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Таным»
Білім беру бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Айналамыз аппақ қар»
Мақсаты: Балалардың табиғат құбылыстарын бақылай алу қабілеттерін қалыптастыру (қар, аққала, аппақ, суық) . Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Саусақ моторикасын дамыту.
Ресурстар: Қысқы орман көрінісі. Аңдар (қоян, түлкі, аю). Үлестірмелі материалдар. Тақырыптық слайд.
Әдіс-тәсілдер: АКТ технологиясы, серуен, ойын, сұрақ-жауап.

Барысы
І Мотивациялық қозғаушы
1.Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

2. Жыл мезгіліне, ерекшеліктеріне тоқталу.
Қыс мезгілі. Күн суық. Қар жауып тұр. Адамдар қалың киінген.
Слайд арқылы көрсетіп, түсіндіріледі.
Тақырыпты хабарлау: «Айналамыз аппақ қар»

ІІ Іздену ұйымдастырушы
1.Қысқы орманға серуен.
Балалармен бірге қысқы орманға серуенге барамыз. Қысқы табиғатты бақылау. Аппақ қар. Ағаштар қар жамылған.
Аюды, қоянды, түлкіні көріп, балалар аңдардың жүрісін салады.
Осы кезде «қар жауады». Қарды ұстап көру, бақылау.

2.Дидактикалық ойын: «Аққала жасаймыз».
Балалар бөліктерден аққала жасайды.
3.Ұжымдық ойын: «Қар жауды».
Балалар аққаланың жан-жағына қарларды жапсырады.

ІІІ Рефлексифті коррекциялаушы
1.Балалардың бүгінгі іс-әрекеттеріне тоқталып, балаларды мадақтау.
2.Қуанышты хабарлама тарату (қар бейнесі).
3.Мультфильм көру. «Әли мен Айя» Аққала.

Күтілетін нәтиже
1.Табиғат құбылыстарын бақылай алады.
2.Ойындарға қызыға қатысады.
3.Жекелеген сөздерді айта алады (қар, аққала, аппақ, суық).

Тәрбиеші: Кемалова Маржан Тасмағамбетқызы.
№11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *