АЙЗЕНК САУАЛНАМАСЫ

4 курс студенті:    Полат Ә.Қ.

Оқытушы:  Болтаева А.М.

Әл — Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Айзенк сауалнамасы

Сауалнаманың мақсаты: Айзенк сауалнамасын 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімнің темпераментінің ерекшеліктерін айқындау, тұлғалық қасиеттерін анықтауға арналған. Айзенк әдістемесінің көмегімен темпераменттің негізінде жатқан экстраверсия (тұлғаның сыртқы әлемге бағытталуы), интроверсия (тұлғаның өз ішкі әлеміне бағытталуы)  және нейротизм (қозу мен тежелу процестерінің тұрақтылығы) қасиеттер анықталады. Айзенк сауалнамасы 60 сұрақтан тұрады. бар. Алынған нәтижелер үш шкаласы бар кілтпен салыстырылады: экстраверсия-интроверсия, нейротизм, өтірік шкаласы.  Темперамент түріне жату координаттар жүйесінің көмегімен анықталады, онда нәтижелер «нейротизм» шкаласы мен «экстраверсия» шкаласы бойынша белгіленеді.

Шкалалар сипаттамасы:

  1. Экстраверсия-интроверсия. Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамға үйірлігі, танысының көптігі, қарым-қатынасты қажет етуімен белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекет жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді әрекетке бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды.

Типтік интроверт — ол тынық, уялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқанынан басқа адамнан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекетін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімін бақылайды, оны ашуландыру оңай емес. Өнегелі норманы бағалайды, түңілуші.

  1. Нейротизм — эмоционалдық тұрақтылық. Эмоционалдық тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік турақтылық – іс-әрекетте ұйымдастырушы, күйзеліс және кәдімгі жағдайда мақсатты сақтаудан көрінеді. Ержету, жақсы бейімделу, қатты қызулық, мазасызданудың болмауы, сонымен бірге адаммен үйлесуі, озаттықпен сипатталады.

Нейротизм сезімдік тұрақсыздық — қатты ашу, бейімсіздік, көңіл күйдің тез өзгеруі, ұмытшақтық, мазасыздану және кінәлі сезіну, қамсыздық, депрессия, күйзелісті жағдайда байқалады. Сезімділік, серпінділік, адаммен қатынаста ашу шақыру, ықыластың өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шкаласында үлкен көрсеткішке ие адамда жағымсыз күйзелісті жағдайда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверт шкаласының орташа көрсеткіші: 7-15 ұпай. Нейротизм шкаласының орташа көрсеткіші: 8-16 ұпай. Егер адалдық шкаласының көрсеткіші 10 ұпайдан асқан болса, онда зерттеу нәтижесі дұрыс емес және зерттелуші сұраққа ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.

Нұсқау: Сіздің іс-әрекетініздің ерекшелігі жөнінде сізге бірнеше сұрақ беріледі. Егер сұрақтың жауабына келіссеңіз «+» белгісін койыңыз. Егер келіспейтін болсаңыз «-» белгісін қою. Жауапты тез, ойланбай беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

 

Сауалнама мәтіні

  1. Айналаңда шуды немесе әбігершілікті ұнатасың ба?
  2. Сені жұбататын досты жиі қажет етесің бе?
  3. Сабақта отырмаған кезіңде, сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба?
  4. Сен кейде ашуланшақ болып немесе ызаланасың ба?
  5. Көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма?
  6. Саған досыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма?
  7. Түрлі ойдың сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кезі болды ма?
  8. Саған айтқанды дәл солай істейсің бе?
  9. Басқамен әзілдескенді ұнатасың ба?
  10. Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе?
  11. Сен көңілді адамсың ба?
  12. Мектеп ережесін бұзған күнін болды ма?
  13. Сені көп нәрсе ашуландырады ма?
  14. Жылдамдықты керек ететін жұмысты ұнатасың ба?
  15. Бола жаздаған, бірақ соңы жаксы біткен, оқиғаны көп уақыт уайымдап жүресің бе?
  16. Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма?
  17. Зерігіп отырған баланың көңілін көтере аласың ба?
  18. Кейбір кезде еш себепсіз жүрегін қатты соғады ма?
  19. Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?
  20. Өтірік айтқан кезің болды ма?
  21. Сен істеген жұмыстан адам кемшілік тапса қатты ренжисің бе?
  22. Досыңмен қызық әңгіме айтып, әзілдескенді ұнатасың ба?
  23. Еш себепсіз шаршайсың ба?
  24. Бірінші сабағынды орындап, сосын ойнайсың ба?
  25. Әдетте риза көңілдісің, солай ма?
  26. Көп ренжисің бе?
  27. Басқа баламен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба?
  28. Тұрмыста жақыныңа көмектесесің бе?
  29. Басыңның айналған кезі болады ма?
  30. Біреуді ыңғайсыз жағдайға қойғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба?
  31. Бір нәрседен жалыққан кезің жні болып тұрады ма?
  32. Мақтанғанды ұнатасың ба?
  33. Басқа баланың алдында үндемей тұрасың ба?
  34. Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кезің болады ма?
  35. Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба?
  36. Мұғалім жоқ кезде, сабақ уақытында шулайсың ба?
  37. Қорқынышты түс жиі көресің бе?
  38. Бәрін ұмытып, досыңның қасында жақсы көңіл көтеріп отырасың ба?
  39. Сені ренжіту оңай ма?
  40. Біреуді жамандаған күнің болды ма?
  41. Өзіңді бейқам, камсыз деп санайсың ба?
  42. Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңді, көп уақыт уайымдап жүресің бе?
  43. Шулы және қызықты ойынды жақсы көресің бе?
  44. Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе?
  45. Сенен бір нәрсе сураса жоқ деп жауап беру қиын ба?
  46. Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба?
  47. Өмір сүргің келмей кететін кезің болады ма?
  48. Ата-анаңа дөрекі болған кезің бар ма?
  49. Сені көңілді адам деп санайды ма?
  50. Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма?
  51. Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба?
  52. Түрлі ойдан ұйықтай алмайтын кезің болды ма?
  53. Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба?
  54. Жалғызсырау сезімінде боласың ба?
  55. Бейтаныс адаммен бірінші сөйлесуге ұяласың ба?
  56. Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе?
  57. Саған құрбың айқайласа, сенде солай жауап бересің бе?
  58. Кейбір кезде еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе?
  59. Қонақта, шыршада шын сыйлық алуға болады деп есептейсің бе?
  60. Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба?

 

Жауап парағы

 

А.Т.Ә._________________________________________________________________

Мерзімі_____________________

Жасы______________________

Жауап Жауап Жауап
Иә Жоқ Иә Жоқ Иә Жоқ
1     21     41    
2     22     42    
3     23     43    
4     24     44    
5     25     45    
6     26     46    
7     27     47    
8     28     48    
9     29     49    
10     30     50    
11     31     51    
12     32     52    
13     33     53    
14     34     54    
15     35     55    
16     36     56    
17     37     57    
18     38     58    
19     39     59    
20     40     60    

Әдістеме кілті:

І. Экстроверсия- интроверсия:

«ия» («+») 1, 3, 9. 11, 14, 17, 19, 22, 25, 27, 30, 35, 38, 41, 43, 46, 49, 53, 57.

«жоқ» («-») 6, 33, 51, 55, 59,.

  1. Нейротизм: «ия» («+») 2, 5, 7, 10, 13, 15, 17, 18, 21, 23. 26, 29, 31, 34, 37, 39, 42, 45, 50. 51, 52, 56, 58, 60.
  2. Өтірік көрсеткіші: «ия» («+») 8, 16, 24, 28, 44: «жоқ» («-») 4, 12, 20, 32, 36. 40, 48.

Нәтижелерді  бағалау:

Экстра-интроверт шкаласының бағалау кестесі:

Интроверт Экстраверт
Едәуір Орташа Едәуір Орташа
1-7 8-11 12-18 19-24

 

Нейротизм шкаласының бағалау кестесі:

Сезімдік салмақтық Сезімдік салмақсыздық
Едәуір Орташа Едәуір Орташа
1-10 11-14 15-18 19-24

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *