Абай және мен

Абай – мен үшін қара өлеңнің,қара сөздің атасы.Осы мақаланы жазбас бұрын мен Абай атамның шығармаларын тағы бір қайталап оқып,ой елегінен өткізіп шықтым.Өлеңдерінің әрбір сөзіне мән беріп оқуға тырыстым.Ақын өлеңдерінде қара сөздерінде де келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білгенін адам өмірінің бос өтпегендігін,оның белгілі бір ғылымға,білімге арнағанын қалағанын түсіндім.Жас ұрпақтың ақыл ой тәрбиесін жан-жақты жырлап,адамзат баласының ең осал қасиеті білім – ғылымға ұмтылу деп бағаланғынын білдім.Ақынның барлық шығармаларының өзегі «Адам бол» деген философиялық идеяға негізделгенін түсініп,мынадай ой түйдім,өмірде сен қандай мамандық иесі болсада,сенің бойыңда адами қасиеттер мол болуы қажет деп ойлаймын.Абайдың осы философиялық идеясы менің өмірлік жолсілтемем болмақ.Өйткені кез келген адам осы өмірден өзінің ортасын тауып,адами болып қалыптаса білуі қажет деп ойлаймын.
Мақаламның басында жазғанымдай Абай қазақтың білім алып,ғылым қуғанын қалады және соған жол сілтеді .Бұған Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерінің тәриелік мәнін айта аламын.Ақын бірінші қара сөзінде «осыған адам өзіне керек деп тапқанын өзіне түйіп алсындегендей» — менің де одан үйренерім,өміріме қажетін түйетінім көп. Абай атамның «Ғылым тьаппай мақтанба» өлеңінде айтқан бес нәрседен қашық бол,бес нәрсеген асық бол сөзі менің өмірлік ұстанымым.Себебі, ол атап өткен : өсек,өтірік ,мақтаншақ ,бекер мал шашпақ – біздің жауымыз. Адам өмірінде болып жататын келеңсіз жағдайлардың барлығы өтірік айтудан, өсектен, еріншектіктен, мақшақтықтан, орынсыз бекер мал шашудан болатыны сөзсіз. Бұл аталған жаман қасиеттер ешкімге жақсылық әкелмейді.Сондықтан мен барлық адамдар аталған бес жаман қасиеттен алшақ жүрсе екен деймін. Керісінше,жақсыға талпыну,еңбекке ұмтылу , терең ойлы болу,қанағатшылдық адамның адам боып қалыптасуына септігін тигізеді деп ойлаймын.Мен Абайдың «Ескендір» поэзиясын оқи отыра дүниек қоңыз болмай,барға қанағат ету керектігін түсіндім.Ашкөздік , шынымен де , адамның рухани дамуына кедергі келтірері сөзсіз.Алсаң , алғың келе береді.Біз , керісінше барға қанағат етуіміз керек ,себебі,әлемнің әр түпкірінде тұрмақ,қара су мен нанға қолы жетпей жүрген адамдар бар.Мен қазір оларға көмек бере алмасам да,олар үшін дұға тілей аламын.Абайда атамыз да кезінде,көзі тірісінде қарапайым халыққа барынша көмек көрсетті.Оның «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым» өлеңінде де халқы үшін алыңдағанын ,олардың аянышты да ауыр тұрмысын көре отырп,халық үшін жанының күйзелгенін түсіндім.Болашақта мен де Абай атамдай халқыма өз пайдамды тигізгім келеді.Себебі,халықтың ризалығынан артық байлық жоқ деп білемін.Ақынның әсіресе жастарға арнаған өлеңдері маған көп ой тастады.Жастық шақ адам өміріндегі ең маңызды орын алатын кез.Ақын осы кезді бос өтізбей,мағыналы да ,мәнді өткізуді насихаттады.
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңіне тоқтар болсам, қазіргі кезде «жігіттер ұсақталып барады, оларда ер азаматтық қасиеттер жеткіліксіз» деген пікірлерді жиі естиміз. Мен бұл пікірмен келіспеймін, себебі,сол кезде де, қазіргі таңда да әдепсіз, сөзінде тұрмайтын, жауапкершіліктен жұрдай жігіттер болды, қазір де бар. Керісінше, білімді, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елімізді әлемге танытып жүрген мақтан тұтарлық ел азаматтарымыз да жетерлік. Бәрі адамның отбасынан көрген үлгісі мен оқыған тоқығаны арқылы өзін-өзі тәрбиелей алуына байланысты деп ойлаймын. Абай атамның «Заман ақыр жастары» өлеңін оқыған болатынмын. Бұл оның 1891 жылы жазған туындысы. Абай Құнанбайұлы қоғам дамуындағы жастар рөліне, күш жігеріне ерекше мән беріп, оларды оқытып, тәрбиелеуге зор көңіл бөлген болатын. Жастарды надандық, тоғышарлық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ жүруге тәрбиелегісі келеді.Олардың босқа өтіп бара жатқан өмірлеріне күйзеледі және өткір сынға алады. Өйткені оның бар үміті жастар еді. Біз жастар Абай атамыздың үмітін ақтау керекпіз.Мәңгілік ел сол кезден келе жатқан ата-баба арманы. Елбасы айтқандай «Абай арманы халық арманы».Қазір біз мәңгілік ел болу үшін де бізге тарихымызды жатқа білу қажет. Өз ана тілімізде еркін сөйлеп, ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз қажет. Абайдан, ата-бабамыздан қалған қазынаны жоғалтып алмауымыз керек. Себебі,оны бізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Қазіргі кезде бұл өте маңызды.Ал менің ендігі арманым хәкім Абайдай өз ұлтымның руханиятына өз үлесімді қосқым келеді.Ана тілімізді дәріптей отыра, қазақтың мықты ұлт екенін әлемге көрсеткім келеді.Әлемдік мәдинетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ , ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз.Абай қазақтың мақтанышы, мен оның ұрпағымын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *