АБАЙДЫҢ АР ІЛІМІ

 

Зинелова Жібек

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистрі

Абайдың атын білмейтін қазақта адам  жоқ, бірақ оған терең бойлайтындар  аз. Абай шығармашылығынан оның терең философиясына аяқ басу сатылы қарекет болмақ. Неге десеңіз, Абайды меңгеру үшін, әуелі Абайды оқымақ керек, жан-жақты тереңіне бойламақ керек, сол оқығанын «сәулелі көңіл» ғана тоқи алады. «Көкірегі байлаулы» адамның оқығаны мен түсінгені таңырқаудан әрі аспайды. Ал көңілге байлаған нәрсе тіршілік ғұмырда хикметпен орнын тауып жұмсамаса, оқығаннан не өзгерді? Оқымағаннан не ұттық?

Бізде «Шәкәрімнің ар ілімі» кең қолданып жүрген тақырып болғанымен, оның бастау-бұлағы, нәрі – Абай  өнегесі көп ретте сөз болмай қалады. Абай таныған, Абай  қалыптастырған «толық адам», «нұрлы жүрек», «әділет, шапқат», «Алланы сүй, әділетті сүю, адамзатты сүю», т.б деген тұжырымдар Шәкәрімде жинақтала келе «АР» категориясын қамтиды. Ар сезімі жүректе болатын сезім екенін ескерсек, Абайдың жүрек ісін терең бағалап, оған «инсани кемелдікіті» беруі АР ісін жоғары қоюы еді. Яғни, Шәкәрім Абай мұрасын толықтырушы, жаңа қырынан көрсетуші. Бұл ар сөзі Абайда қалай көрініс тапқан соған назар аударсақ. Абай өзінің он сегінші қарасөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі –ақымақтық.» Абай аудармасында ардың орны  былайша келтірілген:

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның — арым мен бір-ақ Құдай.[1] деген ойды толықтырсақ «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар — адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», — дейді. Осы пікірдегі «АДАМГЕРШІЛІК САНАСЫ» деген сөз ар сөзінің адам бойындағы рөлін анық нақтылай түседі. Адамгершілік санасындағы ұят, ар, ынсап,  махаббат, әділет, мейірім сынды сәулелі көкіректе болатын қасиеттер ғапылдықтан ада болғанда АР өз тұғырында тұрса керек.

Абайдағы «АР» концептісін оның қарасөздері арқылы ашып көрсек.

Абайдың адам жайлы ойларының желісі өлеңдерінде айтылғанымен, оның негізгі өзекті желілері қарасөздерінде толығырақ таратылған. «Адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «адамшылығының кәммалат таппағы», «бенделіктің кәмалаты», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттығы» т.б. терең мәні бар терминдік сөздер мен күрделі ұғымдардың бәрі де шығар көзі, түп төркіні жағынан камили инсани жайлы пікірлер тарихымен сабақтас жатқан құбылыстар екенін көне дәуір деректерінен де көреміз. [2, 97 бет]

Абай қарасөздеріндегі АР сөзін ашатын қасиеттерді екі топқа жіктедік. Ол «инсаният кемелдігі» (толық адам) және Ар жолын бөгеуші кесір мінездер (Абай сыны) . Бұл екеуінің өлшеуін Абайдың  өз өлеңінен, «Иманы кул»ден:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, Ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,

Және сүй Хақ жолы деп әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл – деп  алдық. Осы үш сүюден нәр алған адамдық сана АРЛЫ болмақ. Сөзіміздің дәлелін Абай қарасөздері арқылы аша түссек. Әуелі Абай қарасөздерінде толық адам сипаты қалай ашылғанына назар салайық. Біздің АР іліміндегі толық адам мен ар жолын бөгеуші деп бөліп алуымызда сондықтан. Өйткені, кемелдікке жеткен адамның кесір мінезден аман болары сөзсіз.

Толық адам сипаты мен оған тән харекеттерді Абайдың 7,4,12,13,15,17,19,20,25,27 т.б қарасөздерінен көре аламыз.

7-қарасөз:

 

  • Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білу…
  • Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы болмақ…
  • Білсек екен демеклік..
  • Жан құмары білсем, көрсем, үйренсем

4-қарасөз:

  • Уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жақынырақ, жинақырақ болса керек.
  • Уайымсыздықтан құтыларлық орынды харекет қылуү Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкімен азайтпа, орынды харекетпен азайт!
  • Жақсы адамның жақсылықты жақсылығынан тапқандығы ғибрат етіп күлмектік, жаман кісінің қылығына ызалы күлмектік(ызалы күлкі –өзі де қайғы)
  • Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбек саумақтық…

 

12-қарасөз

  • Әуелі иманның иғтиқатын махкемлемек…
  • Тоқтамай үйрене бермектік

13-Қарасөз

  • Қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек
  • Иманға көңілі қозғалмас беріктік керек
  • Не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылмен дәлел жүргізбек керек…

19-қарасөз

  • Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

25-қарасөз

  • Надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлайсыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек.
  • Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі..
  • Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, бірақ жаман дегізбесем деп азаптанады.

 

31-қарасөз

  • Көкірегі байлаулы берік болмақ
  • Естіген нәрсені ұмытпастыққа сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану
  • Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көғілге бекіту
  • Ой кеселдерінен қашық болу
  • Қайғы, құмарлық, уайымсыз, cалғырттық, ойыншы-күлкішілдік — ой кеселдері

Абай: «…әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады» 3-қарасөзінде қазақтың бойындағы кесір мінезді сынайды. Бірақ тек қазақ баласының емес, адамзат бойындағы ар жолын бөгеуші қасиеттерді көрсетеді. Оны былайша жіктей аламыз:

Абайдың 3-қарасөздегі ар бөгейтін кесір мінез бен тұғырсыз қасиеттерді сынға алуы өткен ғасырдың белесінде қалып қоярлық сын емес. «Есті кісінің» Абай сынаған дәуірдің бейнесін бүгінгі қоғамға салып толғам жасамағы керек. Бүгінгі парақорлық, билікке талас, дүние-байлық, атақ үшін абыройдан айрылу, ақылсыз, надан жандардың қошеметке ие болуы да Абай сынаған бұл мінездерден табылып отыр. Қоғамды сынға алғанда  Абайды шамшырақ ету бізге қай кезде де керек.

Абай сыны…

  • Байлаусыз іс, баянсыз іс – қорлық(Ел, мал, ғылым, дін, бала бағу ма?) 1
  • Күлкі –мастық

Мас –ғафил

  • Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі(4)
  • Көкіректе әуле жоқ, көғілде сенім жоқ! Құр көзбенен көрген біздің қайуан малдан неміз артық?(7)
  • Осы елдің қылып жүргені немене?

Әуелі – ұрлық, екіншісіз – бұзақылық…(19)

  • Құдайға терістіктен не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгілі, әуелі адам ба өзі?

Ғалым М.Әліпханов: «әл-Фараби сүюді үстем күш атайды да, оны жүрекке орналастырады. Абай да сүюдің мекенін, шығар көзін – жүрек етеді» дейді. [3, 260 бет] Осы үш сүю арға бағыт-бағдар беруші. Қашан ар осы үш сүюдің жолымен жүрсе, адаспақ емес деп қорытамыз…

  • АЛЛАНЫ СҮЙМЕК!Абай қарасөздеріндегі иман мәселесі.

*Қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек

*Иманға көңілі қозғалмас беріктік керек

12,25,27,28,32,35,36,38,43,45-қарасөздеріне зер салыңыз!

 

  • ӘДІЛЕТТІ СҮЮ– Абай көрсеткен АР ісінің бәріне харекет қылмақ, арсыздыққа апаратындарынан тыйылмақ

7,4,8,9,10,11,19,22,14,14,18 зер салыңыз

 

  • АДАМЗАТТЫ СҮЮ– Абай қазақты сынады(адамзатты)

…біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар..(23)

..Осы мен қазақпын, қазақты жақсы көремін бе, жек көремін бе?(19)

       Абай сыны, ар жолын бөгеуші кесір мінезді көрсетуі адамзатты сүйгеннен, асыл ізгілікке ұмтылдырудан…

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. kz Мырзагелді Кемел «Шәкәрімнің ар ілімі»
  2. М. Мырзахметов «Абай және Шығыс», Алматы, «Қазақстан», 1994.
  3. Абай және қазіргі заман: зерттеулер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1994.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *