циклограмма

ЦИКЛОГРАММА

«Шаттық» балабақшасы, Қызылорда қаласы

Екінші кіші  «Қуаныш» тобы

Өтпелі тақырып:  «Балабақша»       9-13 қыркүйек

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

8.00-8.30

Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:  Балабақша туралы  жан-жақты әңгімелесу,  қарым-қатынас  және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әртүрлі ойындар ұымдастыру.  Жағымды жағдай орнату.

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б)

Дидактикалық ойын  Бұл үйде кімдер тұрады?

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын арттыру, есте сақтау.

Шарты: Тәрбиеші үй терезесінен отбасы мүшелерінің суретін көрсетеді, балалар оларды атайды.

Дидактикалық ойын   Қуыршақты киіндіру

Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінуге үйрету. Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығару керектігін айтады. Балалар кезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.

  Дидактикалық ойын

 Дәрігер

Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не? сұрағына жауап беру.

Шарты: Қуыршақ — дәрігер немесе бала — дәрігер балалармен амандасады да өолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.

Дидактикалық ойын

Сенде не бар?

Мақсаты: Сұрақты түсініп затты дұрыс атап, жауап беруге үйрету.

Шарты: Мұғалім заттарды балаларға таратып беріп, сенде не бар? — деп сұрақ қояды, балалар жауап береді.

Дидактикалық ойын

Кім көп сөз айтады?

Мақсаты: Өткен сөздерді пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Мұғалім тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады. Мысалы: «Ойыншықтар». Балалар: доп, аю, қоян, зырылдауық т. б.

Таңертеңгілік  гимнастика

8.36-8.46

Таңартеңгі жаттығулар №1

І. Жүру, бір-бірінің соңынан сылдырмақты қолына ұстап жүру, жүгіру, звеноға бөліну

ІІ. Жан-жақты дамыту жаттығулары:

1) Бастапқы қалып: аяқты бірге, қол төменде.

1-қолды жоғары көтеру, 2-оңға, 3-солға сылдырату, 4-бастапқы қалып. 6-7 рет қайталау

2) Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде.

1-отыру, 2-сылдырмақты тізеге ұру, 3-шылдырату, 4-қалып.   6-7 рет қайталау

3) Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол жанында 1-2 алға қарай сермеу, 3-4 артқа қарай сермеу. 6-7 рет қайталау

4) Бастапқы қалып: аяқты бірге, қолды белге қойып секіру.5-6 сек.

ІІІ. Еркін тыныс алу жаттығулары

Таңғы ас

8.46-9.00

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетің маңдайың

Астарың дәмді болсын!

Ботқаның, дәрумендердің, дұрыс тамақтанудың және т.б. балалардың денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесу, дастархан басында әдептілік пен тазалық сақтап отырып ас ішуге баулу

Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

9.00-9.15

Балалармен ұйымдастырылатын оқу қызметіне қажетті дамытушы орталықтардың (белсенділік орталықтары)  материалдарын, көрнекіліктерін, дидактикалық ойын материалдарын дайындау.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша  ұйымдастырылған  оқу кестесі

9.15-11.10

1.Ән

Тақырыбы: «Менің достарым»  

Мақсаты:достыққа, бірлікке, татулыққа шақыру. Көңілді әуен арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Әуенге ілесе би қимылдарын жасау дағдыларын үйрету.

Ән тыңдау: «Песенька друзей» В. Гречик..

Ән айту: «Достық» Л.З.Айтова (Үш тілдегі әндер» жинағынан)

Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Әуенді достық»

 Р. Рустамов

2.Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бақшадағы көкөністер»

Мақсаты: Көкөністерді тану жəне олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Танымдық қызметке деген қызығушылығын ояту. Дидактикалық ойын: «Көкөністер» ойыны»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: көкөністердің аттарын

Түсінеді: бау-бақша дақылдарын жайында

Қолданады: тұрмыста  аттарын атауда

 

3.  Русский язык

Тема: Мои друзья

Цель: научить детей слушать, запоминать и правильно произносить русскую речь, понимать и отвечать на простые вопросы

Дидактическая игра:«Кто это?»

1. Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Досым екеуміз» өлеңі

Қадір Мырза Әлі

Мақсаты:  Өлеңді жаттау дағдыларын қалыптастыру. Достық туралы түсінік беру,ересектердің сөзін зейін қойып тыңдауға және түсінуге үйрету.

Дидактикалық ойын: «Досыма тілек»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: мәнерлеп айтқанда

Түсінеді: зейін қойып тыңдауды

Қолданады: дос болуды

 

2.  Дене шынықтыру

(негізгі қимылдар)

1.Арақашықтығы 4 м тура бағытта еңбектеу

2. 1,5м арақашықтықта бір-біріне қарама-қарсы отырып,  аяқты алшақ ұстаған қалпында допты бір-біріне домалату

Қимылды ойын: «Досыңа қарай домалат»

1. Музыка

Тақырыбы: «Менің достарым»  

Мақсаты:достыққа, бірлікке, татулыққа шақыру. Көңілді әуен арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Әуенге ілесе би қимылдарын жасау дағдыларын үйрету.

Ән тыңдау: «Песенька друзей» В. Гречик..

Ән айту: «Достық» Л.З.Айтова (Үш тілдегі әндер» жинағынан)

Әуенді-ырғақты қимыл, ойын: «Әуенді достық»

 Р. Рустамов

2. Қарапайым математикалық -ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Жеке заттар»

 Мақсаты: Жекелеген заттардан топ құрауға, топтан жеке затты бөліп алуғаүйрету. «Бір» және «көп»  ұғымдарын бекіту.

Дидактикалық ойын:«Досыңмен бөліс»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: біреу мен көпті

Түсінеді: көптін қанща болу керегін

Қолданады:  жеке заттарды атап айтуда

1. Сурет салу

Тақырыбы: «Жәмиланың әдемі көйлегі»

Мақсаты: Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықтарын ояту, дәстүрден тыс сурет салу дағдыларын жетілдіру. Саусақпен дақтар салу арқылы бояуларды ретімен қолдана білуге үйрету.   Дидактикалық ойын: «Қуыршақтың көйлегін әшекейлейік»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: киім атауларын

Түсінеді: киімді бастан киінуді

Қолданады: киінгенде ретімен киінуді

2.Дене шынықтыру

(Негізгі қимылдар)

1.  1,5м арақашықтықта бір-біріне қарама-қарсыотырып,  аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату

2.Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта  орналасқан тақтай бойымен жүру

Қимылды ойын: «Допты  кім бірінші ұстайды?»

3.  Құрастыру

Тақырыбы: «Достарымызға жол салайық»

Мақсаты: Пластиналарды тік бағытта және көлденең  орналастыру тәсілдері  арқылы тар және кең жолдар құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қарапайым құрылыстар құрастыруға қызығушылықтарын  арттыру.

Дидактикалық ойын:«Қонаққа қай жолмен барамыз?»

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: қарапайым құрастыруды

Түсінеді: тік және көлденен сөздерін

Қолданады: Лего құрастырғыштарын,  кубиктерді

Дене шынықтыру

(Негізгі қимылдар)

1.Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта   орналасқан тақтай бойымен жүру

2. Сапқа бір-бірден қайта тұру

Қимылды ойын:

«Орныңды тап»

Серуенге дайындық

11.15-11.25

Киіну.  Серенге шығу,  балаларды біртіндеп киіндіру,  дұрыстап киінуін қадағалау,  қатармен жүруге дағдыландыру.

 

Серуен

11.25-12.10

Бақылау:  Жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Бақылау: Бұлтты бақылау.

 

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату.

 

Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

 

Мақсаты:Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға  соғатындығын түсіндіру.

 

Бақылау:  Желді бақылау.

 

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып   соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.

 

Бақылау: Көшедегі машиналарды бақылау.

 

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Серуеннен оралу

12.10-12.15

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі,  өз шкафтарын тауып көрсетуге үйрету.Гигиеналық шараларын ұйымдастыру.

Түскі ас

12.15-13.00

Балалардың назарын тамаққа аудару, мәдениетті тамақтануға, ас қайтаруға баулу

Түскі ұйқы

13.00-15.15

Балаларға тынығып ұйықтау үшін жағдай жасау

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шарлары

15.15-15.45

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүргізу. Мәдени гигиеналық шараларын орындау.

Мұнда бері қараңыз,

Бізде санай аламыз.

1,2,3 дегенде,  Түзу тұра қаламыз.

4,5,6 дегенде,  Алға қадам басамыз.

Бесін ас

15.45-16.00

Дастархан басындағы әдептілікке үйрету, тамақты тауысып жеуге, сүттің, айранның, құрттың пайдасы туралы әңгімелесу

Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30

Тақпақ жаттау

Ән жаттау

Бата жаттау

Дидактикалық ойындар

Тақырыбы:

«Әуе шарлары»

Мақсаты:   Берілген үлгіге қарап түстерді сәйкестендіріп таңдау жолдарымен таныстыру

Конструктор құрастыру

Баланың жеке даму картасына кәйкес жеке жұмыс

Аяна, Санжар, Ғайния, Нұралиларға  түймелеуді үйрету.

Ролина, Ясина, Ясина, Мансурали, Асияларға сөзді анық айтуға үйрету.

Димаш, Аделя, Аделина,  Аянатқа  аяқ киімді оң киуге дағдыландыру.

Алиша, Димаш,  Інжу Сезімге  кейбір әріпті анық айтуға үйрету.

Бекарыс, Дәлетбай, Алимансур, Ясинаны отырып ойнауға дағдыландыру.

Серуенге дайындық

16.30-16.40

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету, жылы дұрыс киінудің адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесу.

Серуен

16.40-17.30

Серуен қызығушылығын туғызу,  балалармен жеке әңгімелесу.

Балалардың үйге қайтуы

17.30-17.45

Ата-аналармен

балалардың жағдайы, көңіл күйітуралы әңгімелесу

Ата-аналарға кеңес: Баланы жаз да  қалай

киіндіру керек?

Ата-аналарға кеңес:

«Суық тию ауруларының  алдын-

алу»

Ата-аналарға кеңес: «Баланың  үйдегі

Күн тәртібін ұйымдастыру»

«Денсаулық дегенімізді қалай  түсінесіз?» тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КАРТОТЕКА

9.09.2019ж

Бұл үйде кімдер тұрады?

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын арттыру, есте сақтау.

Шарты: Тәрбиеші үй терезесінен отбасы мүшелерінің суретін көрсетеді, балалар оларды атайды.

 

Бақылау:  Жаңбырды бақылау.

Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып , оның бұлттан  жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.Мысалы;Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.

Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.

Жеке жұмыс:  Ал керемет бұл қандай?

                          Төгіледі төбеден.

                          Көк теңізден құйғандай

                          Көл-көсір су не деген?                  (Жаңбыр)

Мақсаты:  Жұмбақ жаттатаотырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арртыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.

Ойын: «Айгөлек-ау айгөлек».

Мақсаты:Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Сұр қоян».

Ойын барысы:  Ойыншылардың біреуі қоян болады.Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады.Балалар  тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады:                    

 Бармақ болып тоғайға сұр көжек,

Жуынып жатыр бүгжеңдеп:

Тұмсығын жуды,

Құйрығын жуды,

Құлағына жуды-түртінді,

Құп-құрғақ боп сүртінді.

Қоян өзіне байланысты қимылдардың бәрін жасайды:тұмсыгын, құйрығын , құлағын жуады, бәрін сүртеді.Қос аяқтап кіріп, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді(қонаққа келе жатыр). Ол бала қоянмен ауысқандаойын аяқталады.

Балалардың өз бетімен ойнауы:

1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.

2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.

 

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

 

Тақпақ

Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын ән саламын.

Тәрбиеші әпкелер,

Досы барлық баланың.

Балабақша есігін,   Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,   Өсіреді біздерді.

10.09.2019ж

Қуыршақты киіндіру

Мақсаты: Киім атауларын есте сақтауға, жыл мезгіліне байланысты киінуге үйрету. Шарты: Мұғалім балаларға қуыршақты киіндіріп, серуенге шығару керектігін айтады. Балалар кезекпен қуыршаққа керек киімдерді атайды.

 

№2

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін :шарпы, будақ,қабатты бұлииарды ажырату.

Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару.

Мақсаты: Балаларды  қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбелеу.

Жеке жұмыс:  Аспанға ұшар бу болып

                          Жерге қайтар су болып.           (Бұлт)

Мақсаты: Жұмбақ жаттата   отырып, балалардың  тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау.Ойлау қабілетін арттыру.

Ойын: «Кімге қандай құрал керек?»

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын: «Соқыр теке».

Ойын барысы: Соқыртеке кең бөлмеде , аулада ойнауға  болатын қызықты ойын.Шеңбер сызылып , оның  ортасына көзі байланған «соқыртеке» жіберіледі.Қалғандары оны «соқыртеке бақ-бақ»,- деп мазақтап түртіп қашады.Бірақ олар шеңберден шығып кетпеуі тиіс.Егер  соқыртеке ойыншылардың  бірін ұстап алса, даусына қарап оның атын айтады.Дәл тапса  ұсталған адамның көзі байланып «соқыртек»  болады.Ойынщылардың көзі байлаулы адамды әдейі сөзбен жетектеп отырып, алдап , шұңқырға , бағанаға қарай бағыттайды.Бұл ойынды көңілді, күлкілі етеді.

Дербес ойындар:

1.Әткіншектебу.

2. Тартылғышқа тартылу.

 

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

11.09.2019ж

 

 Дәрігер

Мақсаты: Адамның дене мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Мынау не? сұрағына жауап беру.

Шарты: Қуыршақ — дәрігер немесе бала — дәрігер балалармен амандасады да өолын, басын, құлағын және т. б. дене мүшелерін көрсетуге ұсынады.

 

№3

Бақылау:  Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.

Мақсаты:  Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға  соғатындығын түсіндіру.

Еңбек:  Құстарға жем сауыт жасау.

Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға , аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:   Сап-сары боп келе жатқан ,

Сезді мекен күзді олар .

Қарлығаштар ұшып  кетті,

Ұшып кетті тырналар.

Мақсаты:  Балалардың сөздік  қорларын молайтып , тілдің грамматикасы  дұрыс  сақтау дағдысын  қалыптастыру.

Дидактикалық ойын:  «Күзде не киеміз?»

Мақсаты: Күз мезгіліне байланысты адамдардың киімкию үлгісін көрсете түсіндіру.

Қимылдық ойын: «Аттамақ».

Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшаңдыққа , ептілікке баулу.

Ойын барысы: Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады.Бріншісі-төмен ,оны аттап өту керек, екінші-биік, оны еңкейіп, үшіншісіінен тағы да аттап өту керек.Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп , содан соң көзін байлап, бір айналдырып қояберу керек.Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп  ұстап тұрған адамдар жіпті жинап , алады, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

1.Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.

2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік.

 

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

 

Бата

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханым мол болсын,

Абыройын зор болсын.

 Қазаның асқа толсын,

Өрісің малға толсын.

Ел-жұртың аман болсын,

Бақытты заман болсын,

 

12.09.2019ж

Сенде не бар?

Мақсаты: Сұрақты түсініп затты дұрыс атап, жауап беруге үйрету.

Шарты: Мұғалім заттарды балаларға таратып беріп, сенде не бар? — деп сұрақ қояды, балалар жауап береді.

 

№4

Бақылау:  Желді бақылау.

Мақсаты:  Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып   соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.

Еңбек: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.

Жеке жұмыс:  Тақпақ. «Жел»

Мақсаты:  Балаларға  жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.

Жел улейді у-у-у.

Құйын келіп билейді зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек».

Мақсаты: Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.

Қимылдық ойын:  «Орамал  тастау».

Ойын барысы: Орамал тастау ойыны қатысушылар араласа шеңбер құрып отырады.Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған,ұруға ыңғайлы болады.Ойнаушылар ән немесе  әңгіме айтып отырғанда  бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалды тастап кетеді.Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің  сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқаоушы оны орамалмен ұрғылайды.Ал, егер отырған адам  өзінің сыртына орамал түскенін байқаса , бастаушыны қууға тиіс.Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалғанорынға келіп отырады.

 

Дербес ойындар:

1. «Желмен жарысайық»

2.  «Менің әдемі үйім»(құрастыру)

 

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

 

Дидактикалық ойындар      Тақырыбы:  «Әуе шарлары» 

Мақсаты:  Берілген үлгіге қарап түстерді сәйкестендіріп таңдау жолдарымен таныстыру

Шарты:  Балаларға «Әуе шарлары» ойынын ойнайтындығы айтылады. « Балалар,түрлі түсті әуе шарлары мен осы түстес жіптеріміз бар.Қазір  фланелеграфта жіптер пайда болады» -деп бірдей арақашықтықта тігінен алты жолақшаны фланелеграфқа орналастырады. «Енді әрбір жіпке түсіне қарай шарларды байлаймыз» -деп 1-ін көрсетіп,қалғандарын балалардың өздеріне жасау ұсынылады.Әрі қарай балалар үлестірмелі заттармен жұмыс жасайды

Көрнекілігі:  Магнитті тақта немесе фланелеграф, жіңішке картон жолақшалары (15х0.5 см) 6 түсті, диаметрі 10 см  6 түсті дөңгелек,  Үлестірмелі заттар: әртүрлі жолақшалары бар ақ парақты жолақша

13.09.2019ж

Кім көп сөз айтады?

Мақсаты: Өткен сөздерді пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Мұғалім тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады. Мысалы: «Ойыншықтар». Балалар: доп, аю, қоян, зырылдауық т. б.

 

№5

Бақылау:  Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.

Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту, су құю.

Мақсаты: Табиғатты аялай білуге, өсімдіктерге қамқор болуға үйрету.

Жеке жұмыс:  « Алтын күз» тақырыбына сурет бойынша әңгімелесу

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша  әңгіме құрауға дағдыландыру; тілдің грамматикалық құралуын одан әрі дамыту және сөздік қоыр молайту.

 Қимылдық ойын: « Ақ қояным»

Мақсаты: Балаларға әртүрлі қимылдар жасату арқылы денелерін ширату, көңілдерін көтеру.

Қимылдық ойын: «Ұшты-ұшты»

Ойын барысы: « Осы кезде  ұшты-ұшты қазан ұшты, ұшты-ұшты  қабан ұшты»,- дейді. Осы  кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі.Үшатын  және ұшпайтын  нәрселер жұртты жаңылту  мақсатында  әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып   айтылады.Есек ұшты, есік үшты, етік үшты, бесік  ұшты  деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Дербес ойындар:

          «Тәтті тоқаштар» пісірейік

           «Мені қуып жет».

 

«Бозінген» қазақ халық ертегі кітабынан  ертегі оқып беремін

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий