Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – қазіргі уақыт талабы
Алдажар Гүлжан Жиениқызы
Нұр-Сұлтан қаласы №35 мектеп-лицейі
директордың орынбасары,
математика пәні мұғалімі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар –
қазіргі уақыт талабы
«Қазақстан-2030» жолдауда: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, . . . бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» – деп айтылған. Алға қойған зор міндеттерді іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты.
Тәрбиенің екінші сыңары – білім. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Осы асыл сөздерді назарда ұстай отырып, қазіргі уақытта білім теңізінде технологияның да ағысынан қалып қоймауымыз қажет. Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда болашағымыз оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Бұл біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын атап өтуге болады. Осы қоғам алдында тұрған мақсат, міндеттерді орындауда ұстаздар қауымының еңбектері ерекше. Себебі, болашақ біздің оқушыларымыздың қолында. Осы жолда жүргізіліп жатырған жұмыстар туралы келесі мақалада сіздермен бөлісетін боламын. Енді осы күні ұстаздар алдындағы басты талап қашықтықтан оқыту туралы қысқаша айта кетейік.
Қазіргі уақытта, яғни 2020 жылы пандемия кезінде біз қашықтықтан оқытуды қалай жүзеге асырып отырмыз? Әрине, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жыл 8 сәуірдегі бұйрығын басшылыққа аламыз. Осы бұйрық қалай жүзеге асырылып жатырғанына қысқаша тоқталып өтейін.
Ұстаздар цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктерін қолдана отырып, онлайн сабақтар өткізеді. Сабақ жоспарының негізінде ұстаздар оқушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады. Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.
Интернет- платформалар: BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online.
Цифрлық білім беру ресурстары: OnLine.mektep; Microsoft teams; Google Class Room.
Сонымен қатар, Elarna, Балапан телеарналарынан телесабақтар көрсетіліп жатыр. Бұл жерде сабақ түсірген ұстаздарымыздың ерен еңбектерін айта кету керек. Осы телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-каналдарынан қайта көруге болады. kundelik.kz электрондық журналдары, bilimal.kz, mektep.edu.kz жүйелері арқылы немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс орнатылып келеді.
Мектеп директоры, директордың оқу-тәрбие ісі орынбасарларының және пән мұғалімдерінің атқарып жатырған қызметтері:
Мектеп директоры:
* қашықтықтан оқыту процесін, оның ішінде техникалық жағдайды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
* жұмыс сапасын арттыруға бағытталған шешімдерді қабылдайды;
* қажеттілігіне қарай педагогтармен, білім алушылар және олардың ата-аналарымен кері байланысты жүзеге асырады;
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
* оқу жоспарына сәйкес әр пән бойынша сағат санын жұмыс педагогтарға хабарлайды;
* пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алушылардың қашықтықтан оқу қызметін ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдерін, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдерін және олардың орындалған жұмыстарын ұсынады;
* оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
* қажеттілігіне қарай қашықтықтан оқыту процесіне қатысушылармен кері байланысты жүзеге асырады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы:
* ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, тәрбиелік іс-шаралар үшін контент әзірлейді;
* іс-шараларды қашықтықтан өткізеді (әлеуметтік желілер, мектеп сайты және т.б.);
* әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты мектеп сайтында орналастырады;
* сынып жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді.
Пән мұғалімі:
* электрондық журналдар мен күнделіктерді, басқа да қолжетімді байланыс қызметтерін пайдалана отырып, қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;
* сабақ жоспарын және оқу материалдарын құрылымдауды уақытылы жүзеге асырады;
* оңтайлы және әр түрлі жұмыс түрлерін (телесабақтар, интернет -платформалар арқылы, өзіндік жұмыс, чат-сабақтар және т. б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
* үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес тапсырмалар береді;
* білім алушының өзіндік жұмысын бақылауды жүзеге асырады, кері байланыс ұсынады;
* білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке консультациялар өткізеді.
Жалпы ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың қарыштап дамып келе жатырған заманында оларды дұрыс, жүйелі пайдалана білсек, онда ақпараттық – коммуникативтік технологиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, олардың функционалды сауатты, сыни тұрғыдан ойлайтын, қазіргі әлемде сұранысқа ие табысты тұлғаның қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718