Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Пәні: Сауат ашу Күні:13.12.2016 Сынып: 1А
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1 минут Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері

Сабақтың ортасы
8 минут

№1 Мәтінді оқы. (1-2 оқушыға оқыту)
Сұрақтарға жауап бер.
Өзің сұрақ ойластыр.
№2 Жаңылтпашты жатқа айтуға дайындал.
Үш аша,
Үшкір ме ұшы аса?
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Қызықты тапсырма
8 минут
№3 Ү-ні қайдан табамын?
Постермен жұмыс. (Әр суреттің атауын жазу, оқу)
І топ үкі, үтік
ІІ топ күшік, күн
ІІІ топ күрек, үкі
ІҮ топ түлкі, күн

Жеке суретті тапсырмалар

Сергіту сәті
1 минут

Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
10минут №4 Басқы әріптерінен сөз құра.
үйрек+тышқан+ірімшік+күшік=үтік

Қима суреттер
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *