Балабақшадағы логопед маманның кешенді логопедиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы

Жалғасбаева Жансая Исабекқызы

«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы

Логопед-дефектолог

 

 

Балабақшадағы логопед маманның кешенді логопедиялық тексеру жұмыстарын ұйымдастыруы

 

 

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.Тек сөйлеу тілінің бұзылу түрі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар түзету-логопедиялық жұмысын мақсатты, нәтижелі ұйымдастырудың жағдайларын анықтайды.

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тіліндегі бұзылыстың  ішкі сырының ерекшлігін және ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тілінің бұзылысының ерекшелігі мен оның күрделілігіне  байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек.

Кешенді логопедиялық тексеру жұмысының мақсаты баланың сөйлеу тілі бұзылысының түрін анықтау және артикуляциялық аппарат құрылыс ерекшелігін бақылап,сөйлеу тілі бұзылысының ауырлығын, деңгейін диагностикалау болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі дамуының заңдылықтарын білу сөйлеу тілі бұзылыстарын дұрыс тексеру үшін қажет.

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

1.Артикуляциялық аппатар қалпын тексеру:

Тексеру артикуляциялық мүшелердің анатомиялық құрылымын анықтаудан басталады:

-ерін-жалпақ, қалың, жарықшақ;

-қатты таңдай-өте жоғары әрі тар, өте төмен әрі жалпақ, жырықтары;

-тістер-түрлері мен көлемі (кіші, ұсақ), саны (артық, жетіспеуі);

-тіл-үлкен, жіңішке, тіл асты сіңірі қысқа, қалыпты;

-кішкентай тіл-қысқа, айырылған. Кішкентай тілдің айырылғандығы баланың таңдайының жырықтығының нышаны болуы мүмкін;

-тістену, қабысу (астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінің орналасуы).

  1. Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады:

-ерінді түйістіру;

-ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру;

-тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай);

-жымию – ерінді күлгендей ұстау.

3.Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:

-төменгі ерінді оңға қозғау;

-төменгі ерінді солға қозғау;

-төменгі ерінді алға шығару.

Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар:

-жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап);

-жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап);

-жалпақ тіл;

-жіңішке тіл;

-жоғарғы ерінді жалау;

-жоғарғы, төмен ерінді жалау;

-тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау;

-жалпақ – жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады);

4.Артикуляциялық аппараттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталату:

-тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу;

-тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару;

-ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге тигізу, жоғарғы ерінге қою.

  1. Мимикалық (бет) бұлшық еттердің қалпын тексеру;

-бетті шар қылып үрлеу, жымию, ұрт бұлшық етін ішке тарту.

  1. Маңдай бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:

– қасты көтеру, қабақ түю, маңдайды жиыру.

  1. Көздің қимылын тексеру:

– көзді қатты, жеңіл жұму, оң көзді, сосын сол көзді жұму, көзді қысу.

  1. Мойынның бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:

– оң ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау;

– екі ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау;

– бір ұртынан екіншіге ауаны үрлеу;

– ұрттарын ауыз қуысына тартып ұстау (1-5 дейін).

  1. Дыбыс айтуды тексеру. Екі бағытта жүргізіледі:

а) артикуляциялық – дыбыстың пайда болу ерекшелігін анықтау және дыбысты айту кезіндегі артикуляция мүшелерінің қимылдары.

ә) фонологиялық – тіл дыбыстар (фонема) жүйесін әр түрлі фонетикалық жағдайда ажырату.

Дыбыс айтуды тексерудің негізгі мақсаты – фонеманың бұзылу түрін, бейімдейтін себептерін анықтау болып табылады.

Дыбыстарды былай топтастыруға болады:

1) дауысты дыбыстар: а, ә, о, у, э, и, ы, і, ұ, ү, ө

2) дауыссыз дыбыстар:

а) ысқырық, ызың, аффрикаттар: с, з, ц, ш, ж, ч, щ, т.б.;

б) үнді дыбыстар: р, л, й;

в) қатаң және ұяң дыбыстар: п-б, т-д, к-г, қ-ғ, ф-в, с-з, ш-ж және жіңішке айтылуларын тексеру.

“С” дыбысының айтылуын тексеру үшін “Мен айтамын, сен қайтала” ойынын ойнау арқылы жеке дыбысты буында айтылуын тексеру.

С- С- С

Са – со – су – сы – сә –се

Ас – ос – ус – ыс – әс – ес

Ұс –үс-іс-өс

  1. Сөздің буындық құрылысын тексеру (төмендегі түрлерін қолдану арқылы анықтау)

– буын санының қысқарылуы (бапан-балапан);

– буындарды жеңілдету (үтель-үстел);

– буын қосу (қарағаш–қарағағаш);

– буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); – буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ).

11.Фонематикалық қабылдауын тексеру

– қарапайым фразаларды естіп тануға, ажыратуға, салыстыруға;

– сөз қатарынан белгілі бір дыбысты, буынды ажыратуға, табуға;

– буын қатарын (3-4буынды) есте сақтап, қайталап айта алуын анықтау;

– дыбыстарды есте сақтауға бағытталған тәсілдерді қолдану.

– белгілі бір дыбысты жеке, сосын буында, сөзде ажыратуға, талдауға бағытталған тапсырмалар беру арқылы анықтау.

  1. Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру

-Фонематикалық талдау – жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан бастап тексереді.

  1. Сөздік қорын тексеру

-Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтау;

-Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолдану.

Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар мына қағидаларға сәйкес іріктеледі:

– семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);

– лексикалық – грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);

– тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: киім, жеміс, т.б.

14.Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру

суреттегі көріністерді окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп беруін тексеру;

-бейнеленген заттардың қимыл-әрекетін сипаттай алуы;

-іс-әрекет, құбылыс сапасын түстеп-түгелдеп баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай алуын тексеру;

-сөйлемнің қандай түрлерін (қысқа, ұзақ, күрделі, жәй  сөйлем) пайдаланып айтуын анықтау;

-сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданғанын, оның грамматикалық құрылысын,  жалғаулықтарды (жұрнақты, қосымшаны) дұрыс пайдалануын анықтау.

  1. Байланыстырып сөйлеуін тексеру

– сурет бойынша әңгіме құрастыруын қарау;

– сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыруын тексеру;

  1. Сөйлеу тілін түсінуін тексеру

– тексеру барысында сөйлеу тілін түсінуін анықтау;

– баланың ауызекі бұйрықты орындай алуын анықтау. Мысалы: “Кітапты ал. Есікті жап. Қағаз, қаламыңды ал”.

-Зат есімнің, етістіктің және сын есімнің жекеше және көпше түріндегі тұлғаларын түсінуін тексеру.

  1. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру

– тұтықпаға байланысты ерекшелігін  байқау;

– тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу /клоникалық/ дейтін немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлемдердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу /тоникалық/ дейтін түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аудару;

-сөйлеу тілінің кібіртектенуінің жиілігін және шапшандығын, бірқалыптылығын, жылдамдығын, баяулығын анықтау;

Бұл кешенді логопедиялық тексеру жұмысының нәтижелері әр баланың жеке сөйлеу картасына толтырылып,  жеке түзету бағдарламасы құрылады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *