Климат және ауа райы

Пәні: Дүниетану Мектеп: №177
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған орта
Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсеналиева Г
Сынып:1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы
2.2 Климат және ауа-райы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2.2.1 Ауа- райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау
1.2.3.1 Жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындайды:
• ауа-райының адам үшін қажет екенін біледі;
• жыл мезгіліне орай ауа-райы ауысып отыратындығын айтады;
• жыл мезгілдеріне тән белгілерді атайды;
Көптеген оқушылар:
• жыл мезгілдерінің кезеңдерін ретімен көрсетеді;
• ойын түрлерін жыл мезгілдеріне сәйкестендіреді;
• жыл мезгілдерінің негізгі ерекшеліктерін суреттеп айтады.
Кейбір оқушылар:
• ауа-райы адамдар үшін қолайсыздық тудыратындығы туралы пікір білдіреді;
• ауа-райын өлшейтін арнайы құралдарды қолданады.

Бағалау критерийлері Ауа райының адамға тигізетін әсері туралы әңгімелейді.
Жыл мезгілдерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар:  ауа райы;
 жыл мегзілдері.
Талқылауға арналған сұрақтар
-адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінеді?
-жыл мезгілдерін ата?
-қазір қай мезгіл?
-қыста ойнайтын ойын түрлерін ата?
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Пәнаралық байланыстар
Жаратылыстану, математика
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта

Бастапқы білім
Жыл мезгілдері туралы біледі
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері
35 мин Сабақ жоспарлан іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы
5мин

Сабақтың ортасы
25 мин

Сабақ соңы
5 мин Қызығушылығын ояту:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгіліндегі қандай ойындарды білесіңдер?
«Қар лақтыру» ойыны арқылы сыныпты 4 топқа бөлу
1-топ Қыс
2-топ Көктем
3-топ Жаз
4-топ Күз

Топтық жұмыс:
1.Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдерін сипаттайды. Әр топ кем дегенде бес құбылысты анықтауы қажет. Мысалы:
Күз тобы: 1)жаңбыр жауып тұр; 2)жапырақтар түсе бастады; 3) жел соғып жатыр; 4)құстар жылы жаққа ұшып кетеді; 5) суытады.
Көктем тобы: 1) қар ериді; 2)жылғалардан су ағады;
3) ағаштар бүршік жарады; 4)бәйшешектер өсіп шығады;
5) жыл құстары ұшып келеді.
Қыс тобы: 1)қар жауып тұр; 2)аязды күндер басталды; 3)тайғақ; 4) ұйқы басатын кез 5) ағаштарда жапырақ жоқ.
Жаз тобы: 1) ыстық; 2)айналада барлығы гүлденеді;
3)құстар сайрайды; 4) барлығы шомылып жүр; 5)шыбын-шіркей шығады.
Кері байланыс:
— күзде құстар неліктен жылы жаққа ұшып кетеді?
— көктемде жыл құстары неліктен ұшып келеді?
— қыста ұйқыға кететін қандай аң?
— жазда неліктен шыбын-шіркей шығады?
Қалыптастырушы бағалау. Жұлдызша
2.Ізден
«Қимыл» ойыны арқылы әр топ әр жыл мезгілінде ойналатын ойындарын қимылмен және ыммен көрсетуі тиіс.
Бірінші топ көрсетеді,ал екінші топ жауабын айтады.
Кері байланыс:
1.Әр жыл мезгіліндегі ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
Қалыптастырушы бағалау Топ бір-бірін бағалайды.

Жұптық жұмыс:
1) Жылдың қандай кезеңдері бар?
Жылдың әр мезгіліне сәйкес ауа райы өзгеріп тұрады.
Ауа температурасы бұлт, жауын-шашын, жел -мұның бәрі ауа райы деп аталады.

Суретте бейнеленген ауа райын атаңыз.

2)Дәптермен жұмыс:
Өздерің тұратын елді мекеннің ауа райын бақылап, шартты белгілермен белгіле.
Кері байланыс.
-Ауа- райының қандай құбылыстарын білеміз?
— Ауа- райы адамдардың көңіл күйіне қалай әсер етеді?
— Адамдар ауа- райына қатысты қандай әрекеттер жасайды?
Қалыптастырушы бағалау.

Ұжымдық жұмыс: Сен білесің бе?
-Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз?
— Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.
-Термометр туралы түсінік беру, түрлерімен таныстыру.

Эксперимент жүргізу.
Қазақстан картасын көрсету арқылы оның солтүстік жағына желдеткіш және мұз салынған кішкентай шелек қойып, ал оңтүстік жағына фен қойып, екі бөлігіне де термометр бекіту. Оқушылар термометр бойынша көрсеткішті анықтап,тұжырым жасайды.

Кері байланыс.
-ауа-райын өлшейтін арнайы құралды ата.
-жоғары температураны қай бөлік көрсетті?
Қалыптастырушы бағалау. Бағдаршам.

Сергіту сәті:
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдармен күн жасайды)
Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Жеке жұмыс:
1тапсырма
Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаңыз және байланыстырып сызыңыз.
Адамдар неліктен ауа райына сәйкес киінеді?

2тапсырма
Суреттегі жыл мезгілдерінің атауын жазыңыз.

…………….. …………. ………… ………………

Дескриптор:
— ауа райына сәйкес суреттерді анықтап, сәйкестендіреді;
— жыл мезгілдерінің атауын жазады;
Рефлексия
Жақсы түсінгендері «күннің «суретін, түсінбеген болса «бұлт» белгісін көтереді.

Жыл мезгілдері
бейнеленген
парақшалар

«Бас бармақ» әдісі

Қосымша ақпарат

Саралау.Оқушыға өзара қолдау көмек көрсету жүзеге асырылады.
1.Заттар мен киімдерді ауа райына қарай сәйкестендір?
Бағалау – Бас бармақ арқылы
жұлдызша, бағдаршам, смайлик арқылы бағалау
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау

Партада түзу отыру, жарық сәулесінің дұрыс түсуі.
Қаламсаппен пртаның ұшынан абай болу.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *